Сен тұр - мен айтайын!

Темекі тастаудың тиімді жолы

  • Темекі тастаудың тиімді жолы

    Темекі тастаудың тиімді жолы

Темекіні қоя алмайтыныма көзім жетіп, осыдан 20 күн бұрын мен, темекінің сайтанымен алысуға Тауға 3 күнге аттандым, шыны керек Тауда Тәңірімізге жақын брлғандықтан бекен темекінің сайтаны менімен алыспады, қысқаша әңгімелеп берейін.

Бұл пәлені 7-сыныпта дәмін көрсем , 9-сыныпта кәдімгідей шегетін болдым . Дегенмен жастықтың буы бар мен мұны 5-6-рет тастап қайта бастағанмын , ал соңғы 10-жылда мүлдем қоя алмай езіліп, толықтай темекіге құл болдым, олсыз ұйықтамайм, таңда тұрсам бірінші соны тартпай бетімді жумайтын болдым.

Содан темекіден басқасының бәрін алып Көлсайдың 3 көліне 3 күн түнеуге жалғыз аттанып кеттім. 1-ші көлге көлікпен жетіп барып Табиғаттың сұлулығын тамашалап , кеш батқанда палатканы құратын орын іздей бастағаным сол еді қатты жел соғып жауын басталып кеткенсоң, маңайдан бір Қазақ үй жалдап сонда түнеп шықтым.

Темекі қысып бастағаны сол ақ еді, бірден төсек салып жата қалдым, таңертең ерте тұрып 2-ші көлге жүгімді арқама салып жүріп кеттім. 8 шақырым жоғары қарай жүру оңай соқпады, жүгімде артық заттардың барыда шаршатып жолда тамақ пісіріп жеп күшеиіп ,жейдемді 3-4 рет тердің суынан сығып алып, 4 сағат дегенде 2-көлге жеттім.

Ол жерде шекарашы жігіттер жеке куәлігімді тексеріп 3-ші көлге баруға болмайтынын айтты, сонымен сапарым 1 күнге қысқарып палаткамды көл бойынан ары ағаш арасына құрдым, менен басқа тағы жолда 2 палатка көрдім оларда қонатындар екен. Тамақ істеп отырып өзімнің темекіні 1 күн өтседе іздемей отырғаныма таңданып, бұл сайтанда темекі жоқ , сұрайтын адам жоқ болғансоң үндемей жатқанын қара деп қойдым:)))

Жалпы күнім тамаша өтті, түндегі жұлдыздар әдемі, тек ұйқыға жатқанда тиіндарма әлде андатра ма әйтеуір әр жыбырлаған қймылға алаңдап фанарымды қосып палаткадан сыртқа қарайбердім , сосын оғанда үйреніп кеттім.

Қызықтың көкесі келгеннен кеиін басталды, 2- күн қарны ашып қалған темекі қайта-қайта сыртқа шығара берді, ең болмаса әйелімде жыныма тимей қойды шегіп жіберіп жаланы соған жаба салатын:)))) деген ойларда зып-зып етіп, Сайтанда құлағыма сыбырлап қояр емес.

Шыны керек өзімнен темекі тартпау үшін дүкеннен не жим не ішем дегізбей бәрін алып отырдым , сайтанда қоймайды темекі шеккенің арзан еді сенің деп:))) Не керек 20-күннен соң еркін демалып, тәбетім бұрынғыдан жақсарып, таңда қақыруды мүлдем қойдым. Темекінің сайтаны құйрығын бұтына қысып аштан өлермін деп зытты қыңсылап:))))

Құдайға шүкір енді Тәңірім темекіге жолатпасын және қояатындарға жігер болсын деп тілеймін.

Сау болыңыздар , егер көлсайға баратын болып жатсаңыздар палаткада жатам деп айтпаңыздар және қанша күнге келгеніңізді де, ол жерде күніне ақша төлейді екен:)))


Ерлан Егемберді

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2019    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 09:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31