Сен тұр - мен айтайын!

Тоқал болғым келеді!

  • Тоқал болғым келеді!

    Тоқал болғым келеді!

Бір күні «Тоқализм» арнасына жұмыс іздеп бардым. Жүргізуші болайын деп. 


–Екеусіз бе?–деп сұрады жұмбақтай сөйлеген арна басшысы.

–Түсінбедім ағай?

–Екеусіз бе деймін? Тұрмысқа шыққансыз ба?

–Жоға, ағай... Біреумін.

–Тоқалсың ба?

–Сөзіңіз ұшақтан түскендей екен.

–Бір миллионердің тоқалы, яғни екінші әйелісіз бе деймін?

Ыңғайсызданып қалдым. Саусақтарымның ұшын уқалап, басымды салбыраттым да:

–Құдай сақтасын ағай... –дедім.

–Онда жұмысқа алынбайсыз. Бара беріңіз.

–Неге ағай?

–Біздің елде тек тоқалдар ғана жүргізушілік, жоба бастығы қызметтеріне алынады.

Сүмірейіп шықтым. Шынымды айтсам, он екі де, бір гүлім ашылмай жатып, тоқал болғым келмейді. Сол күні «Тукал» атты арнаның басшысының кабинетіне кірдім.

–Тоқалсыз ба? –деп сұрады ол салған жерден.

–Жоқ, апай...

–Тоқал болған соң келе ғой, қарағым..

Соған қарағанда, миың жоқ болса да, сыйлы тоқал болсаң, қызметке ілігесің–ау деймін? Қожайының беделді шенеунік болса... Ол арна басшысына ақша аударып тұрса... Немесе ызбандап тұрса... Бірақ шынымды айтайыншы, тоқал болғым келмейді. Содан не керек, «Супер тоқал» арнасындамын.

–Тоқалсыз ба? –деп сұрады ол.

–Ия.

–Кімнің тоқалысыз?

–Ресей президенті Путиннің.. –деп алдай салдым.

–Бізде шетел тоқалдары қызметке қабылданбайды, кешіріңіз, –деген директор жымиып шығарып салды. Бірақ маған жұмыс керек! Арманым арнада жүргізуші болсам деймін! Талантым керемет журналистпін! Мені тоқалдыққа алатындар бар ма? Маған шұғыл хабарласыңыздаршы, қазақтың мазақ жігіттері! Тоқал болғым келеді!


Мухтар Шерим

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.01.2018, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30