Сен тұр - мен айтайын!

Топас қойға сол керек! Мен сияты Арлан болмағасын, көрер күні сол!

  • Топас қойға сол керек! Мен сияты Арлан болмағасын, көрер күні сол!

    Топас қойға сол керек! Мен сияты Арлан болмағасын, көрер күні сол!

СОЙЫЛАТЫН БЫЛШЫЛ:


ЕРТЕДЕ бір сыйқыршының көп қойы болыпты. Қой болған соң, ол көп болған соң, анда-санда жеу де керек. Әлгі сыйқыршы бауыздауға қой ұстай алмай әбден әуреге түседі екен. Кімнің өлгісі келеді дейсің, артына түскен адамның арам ойын сезген қойлар тұра қашатын көрінеді. Бұл жығылып, сүрініп жүріп, әйтеуір әрең біреуін ұстайды екен. Содан әбден шаршаған сыйқыршы, қойларымен жеке-жеке әңгіме дүкен құрыпты. Олардың әр қайсынына барып, оның қой емес екендігін сендіріпті. "Ойпырмай, сен қайдағы қойсың?! Жау жүрек көкжалсың ғой сен! Мен көкжал жемеймін, тек ақымақ қой ғана жеймін. Саған еш қастығым жоқ" - деп, қойдың бірін көкжал, бірін аю, бірін арыстан, бірін түлкісің деп сендіріп тастапты. Содан өздерінің қой еместігіне сенген қойлар, жайбарақат тірлікке көшіп, жусап жүретін болыпты. Анау сыйқыршы бәле, союға ұстап әкеткен қойға қарап, "Топас қойға сол керек! Мен сияты Арлан болмағасын, көрер күні сол!" - деп, күңк етеді екен де, отта-а-а-ап кете береді екен. Тіпті арасында сыйқыршының сөзіне күмән келтіре бастаған қойлар болса дереу сыйқыршыға жеткізе қоятын қойлар да пайда болыпты. Күмәншілдің кәлләсі сол күні-ақ қағылады!

Қойшы, әйтеуір, қой дегендерің өздернің қой еместігіне, тіпті кейбіреу өзінің адам екендігіне сене бастапты! Сыйқыршы соятын қойды енді қуып әуре болмайды екен. Қойдың жанына келіп: "Мәртебелім, Сізбен мына маубас қойлар жайлы ақылдассам деп едім, жүріңізші, үй жаққа барып, оңаша сөйлесейік" - дейді екен. Өзіне көрсетілген мұндай құрметті мақтан тұтқан қойекең өзгелердің алдында маңғаздана басып, кердеңдеп барып кездікке ұрынады екен. Артқа қайтпайды.

Себебі сенеді... Сендіреді... Сендірте алады... Сенбесіңе қоймайды!


Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1359    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 01.02.2018, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28