Сен тұр - мен айтайын!

Тойдан ажыраған күні қазақ қазақ болудан қалады

  • Тойдан ажыраған күні қазақ қазақ болудан қалады

    Тойдан ажыраған күні қазақ қазақ болудан қалады

ТОЙ


Еуропа мемлекеттерінде Шымқаладағыдай мың жарым орындық банкет залдары жоқ. Тіпті 200-300 адам сиятын орын табу қиын. Олардың ресторандары құстың ұясындай. Үлкен залға сұраныс жоқ. Еуропалықтар қазақтар секілді ұлан-асыр той жасамайды.

Той дəстүрі- қазақ мəдениетінің бөлінбес бір бөлшегі. Той сипаты- қазақ болмысының көрінісі. Тойдан ажыраған күні қазақ қазақ болудан қалады.

Той - қашанда көшпенді қазақтың бар қызығы болып келген. Қазір де көпшілік халық үшін солай. Бірен-саран байларда ғана болмаса, халықтың басым көпшілігінде əлемдік классиканың тамашасын тікелей қызықтап, рухани сусындайтындай мүмкіншілік жоқ. Сондықтан қазақ бойда қордаланған "буын" тойда ғана шығарып, емін-еркін жан рахатына бөлене алады. Көптен көріспеген ағайын-туған, дос-жаран бас қосып сағынышын басады. Той - бауырмалдықты, береке-бірлікті паш ететін шара. Ақ жарқын амалдардың шашу болып шашылатын, ізгі ниеттердің періштенің құлағына шалынып, бата-тілектердің қабыл болатын тұсы да - той. Үлкеннен өнеге тарап, жақсы сөздің жарым ырысқа айналатын сəті. Жас буын өнерінің тұсауы кесіліп, шыңдалып, шыңға қанат қағар кезі де - осы ара. Бой сергітіп, күнделікті күйкі тіршіліктің барған сайын табасына салып қуырып бара жатқан ауыртпашылығынан бір арылатын сəті де - той.

Той - қазақтың пешенесіне жазылған берекелі нəсіп. Оны тоқтатамын деу - бекер əурешілік əрі халықтың ақ-жарқын дархан пейіліне жасалған қиянат.

Осы күні той жасау - ысырап деген ойды халықтың санасына сіңіру саясаты байқалады. Далбаса! Ысырапты жасаса, анау халықтың нəсібін ұрлап Құдайға күнəһар болғандар, бекерден келген дүниені қайда шашарларын білмей, битіне семіріп құтырынғандар жасайды. Міне, соларға тоқтау сал, мықты болсаң! Нарықтан тарыққан көпшіліктің бір күндік қызығын көп көргеніміз қай сасқанымыз? Біле білсеңіз, сол тойды жылдар бойы зарығып күтетін отбасылары бар... Əрі- беріден кейін той шығынын тойға келушілердің өздері-ақ көтеріп кетеді. Қамқорсымай-ақ қойыңыз, қазақ өз тойын ысырапқа айналдырмаудың жолын əлдеқашан ойлап тауып қойған. Осы күні той дастарханында бір түйір де ас ысырап болмайды. Желінбей қалған салаттарға дейін пакетке салып, буып-түйіп үйге алып кетеді:) Сұғанақтық деп көмекейіңіз бүлкілдеп тұр ма? Ол - сіздің ойыңыз! Жəне сол тойға аспаннан түскендей болып келіп, өзінше мəдениетті боп, ыздиып отыратындардың ойы. Дұрыс қой енді! Дастарханда жайнап тұрған мол астың қайсы бірін сол арада жеп тауысасың? Артылғанын тойдан сарқыт деп, үйдегілерге апарып ауыз тигізеді. Мұның несі айып? Той берекесі деген - осы. Құдай қазақты сол кең пейілінен айырмасын!

Ал Еуропа тойларына тойып бару керек-:) Мұны қазақтың еуропалануы дейді. Қанша айтқанмен, адам болмысына өмір сүріп жатқан ортасы əсер етпей қоймайды.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.11.2018, 19:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30