Сен тұр - мен айтайын!

Тозақ - бұл біздің өмірге айтар өкпеміз

  • Тозақ - бұл біздің өмірге айтар өкпеміз

    Тозақ - бұл біздің өмірге айтар өкпеміз

Адамдар тозақ отымен қорқытады. Дінге сенетіндерін де, сенбейтіндерін де.

Біздің бабаларымыз тозақты жердің жеті қабат астында немесе аспанның ең биігінде деп ойлаушы еді. Әйтеуір бізге солай дейтін. Соған қарағанда білген білігі де сол тұрғыдан болса керек. Қайнап жатқан қазан астына шайтандар от жағып тұрады, тозаққа барғандарды сол қазанға салып жібереді екен деуші еді.

Бүгінгі білім- білік тұрғысынан қарағанда, тозақ деген адамның өзінің ой- санасында, жан дүниесінде болса керек. Өйткені жаналғыш та, қорланған бейне де адамның өз ішінде тұрады. Ал, шайтан, біріншіден, біздің өзімізді өзгелермен салыстырғанда кемшін сезінуіміз, екіншіден, өзіміздің біреуге жамандық жасағанымызға қуануымыз. ,,Шайтан азғырды,, деген сөз осылардан шықса керек.

Адам өзінен жетістігі молырақ адамдармен ұдайы салыстырып отырса, өзінің барлық сәтсіздіктерін, қателіктерін, өз өмірінде жүзеге асыра алмаған істерін, біреулердің өзінен озып кеткенін есіне түсірер болса, онда бірер сағаттың ішінде - ақ көңіл - күйі бұзылып шыға келеді. Сөйтіп адам ешкімнің жәрдемінсіз ақ өзінің ішкі тозағына сүңгиді де кетеді.

Тозақ - бұл біздің өзімізден гөрі жолы болғыштарды күндеуіміз.

Тозақ - бұл біздің өмірге айтар өкпеміз.

Тозақ - бұл біздің жанымыздағы махаббатты түбіне дейін жандырып жіберетін қызғанышымыз.

Тозақ - бұл бізге тыныс алуға, тамақ ішуге, ұйықтауға, өмір сүруге кедергі келтіріп тұрған біздің өш алу ниетіміз.

Тозақ - бұл біздің өзіміздің алдымызда, туыстарымыздың алдында босаң, нашар, басқалар секілді емес екеніміз үшін айыпты сезінуіміз.

Тозақ - бұл біздің басқа адамдарға бағынышты болуымыз. Өзімізден бас тартқандай болуымыз. Сезімдік тәуелділігіміз.

Мұның бәрі терең сезімдік күйреуге алып келеді. Осы сөздерден қорытынды жаса, дос! Күл, болмашыға қуан, сонда саған өмір сүру жеңілдейді. Сүйесің, сүйікті боласың, дарының ашылады. Барлық нәрсені қабылдаудың ,,оң,, , ,,теріс,, деген екі жолы бар. Биік ғимараттың төбесінде тұрып: ,,Қандай тамаша көрініс!,, деп те, ,,,Секіріп кетсем бе екен,,деп те ойлауы мүмкін. Соның ,,оңы,, оңды.

Сенің көкірегіңе жақындарың сөнбес алау жаққан. Сол алауды сөндірме, өзгелердің де көңіліне алау жақ. Сонда тозақ сенен алыстайды.




Мырзагелді Кемел



Көрілген: 500    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.02.2019, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28