Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
сәрсенбі, 24.05.2017



Сен тұр - мен айтайын!

Түннің жарымында əйеліме звандап жатқан кім деп ойлаған шығар

  • Түннің жарымында əйеліме звандап жатқан кім деп ойлаған шығар

    Түннің жарымында əйеліме звандап жатқан кім деп ойлаған шығар

Түннің бір уағы.. Жарық өшіп қалған. Қап - қараңғы. Тас түнек. Үйдегілердің бəрі ұйықтап қалған. Жарым-жартылай ұйықтап мен жатырмын. Бəрінен бөлек жатып қалғаным бар. Бір түрлі тұла бойымды қорқыныш билеп елеңзіп жатырмын.. Көзімді жұмсам болды, əр нəрселер елестеп одан сайын қорқынышымды үдетеді. Əлден уақытта сақ-сақ етіп күлген бабайдың даусы шықты. Жан иманым қалмай көрпемді одан сайын тас бүркеніп алдым. Əлгі бөжəй күлуін тоқтатар емес. Қайта -қайта күледі. Күйеу анадайда жатып ұрсып берді. Телефоның шылдырап жатыр алсаңшы деп. -О тоба! Адам да осындай өлең қоя ма- дейді. Енді есіме түсті. Балалар телефонға тыныштық бермей ұстай берген соң, оларды қорқыту үшін, званокқа зомбидің күлген даусын қойып қойған едім. Соңында өзім қорқып жатысым мынау. Құлықсыз ғана телефонымды көтеріп құлағыма тақадым. Ұйықтап жатқан байчиктің ұйқысы шайдай ашылды. Түннің жарымында жекеменшік əйеліме звандап жатқан кім болды екен деп ойлаған шығар. Бір құлағын түріп, көзін алайтып қарады.

Звандаған кісі --Ало Күйкентай. Күйкентай қалайсың деп қояды. Қайдағы Куйкентай. Ашуым шықты.

-Ало Күйкентай Күйкентайсың ба.? Жоқ дей беріп едім, Күйкентайды шақырып жіберіңізші деп қиылды. -Əй. Бұл саған шақырып жіберетіндей домашный телефон ба?. Жоқ Күйкентай.

Қайда-қайда?-деп жатыр ол да қоймай. Қайтыс болып кеткен дедім ашуланып. Əлгінің тілі байланып қалды білем, сөйлей алмай үнсіз қалды. Номерден шатастыңыз- дедім соңында.

Осы жұрттар қызық. Звандайтын кезде номерге дұрыстап қарап алса қайтеді. Құр босқа күйеуімнің күдікті көздеріне байланып мен қалып кеттім.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1212    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 17.05.2017, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр, 15:43
    Так што саспа бала!
    30 Сәуір, 22:01
    Қыз бала – қой емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31