Сен тұр - мен айтайын!

Тұрмыс құру үшін аса бір ақылды, әлде хас сұлу болу керек пе?

  • Тұрмыс құру үшін аса бір ақылды, әлде хас сұлу болу керек пе?

    Тұрмыс құру үшін аса бір ақылды, әлде хас сұлу болу керек пе?

Бекжан Аширбаев ағамыздың "Мұңайма, қалқа" деген әнінде:


"Қабырғалардың қаланар сәті бұйрық та,

Сөгіліп кетіп, құлайтын кезі - тағдыры",- деген әдемі жолдары бар. Түсіне білген адамға, әдемі айтылған сөз, иә?

Осы фб-да екі қазақ қызының "бет жыртып, қырылғанын" көріп, "жағамды ұстадым". Бірі - тұрмыс құрған. Екіншісі- тұрмыста емес екен. Содан тұрмыста емес қыздың жалғыз-ақ бетке басатын "минусы" сол -байының жоқтығы болса керек, ана келіншектің айтпағаны жоқ. Тәпсірлеуіне қарасаң:

Байға шықпағаны - мінезінің онша еместігінен, одан қалды түрінің онша еместігі, жасының келіп қалғаны, әйтеуір не керек, сынаймын деген адамға себеп табылмай қалсын ба?!

Ал, мысалы мен тұрмыс құрдым. Бұл менің біреуден асып бара жатқан сұлулығымнан болған іс емес, әлде ақылымның тасқанынан, әлде мінезімнің дұрыстығынан болған жоқ. Бұл - тағдыр. Біреуге кеш, біреуге ерте келіп жатады. Біреу асып-тасып той жасайды, ертеңіне ажырасып жатады. Біреулер тіпті той уақытына жетпей, жастай кетеді.

Алланың жазуымен болатын істі "жаман келіншектер" неге қыздардың бетіне басады? Қайдан келген кербездік, паңдық? Қыз өсіріп отырмын, ұл тәрбиелеп отырмын, ертең әр сөзімнің кесірі соларға тимесе екен деп неге ойламайды?

Апайлар, жеңгелер, тұрмыс құру - өмірдің тұтқасын ұстау емес. Кім қалай болады, бәрі алда. Жарты сағаттан кейін не боларыңды білмей тұрып, біреудің әзірге сыңарсыз екендігін бетке басу - үлкен күнә.

Анау қыз да қалыспапты, бұл келіншектің күйеуінің шал екендігін, жаман екендігін, бойының тәлпіш екендігін айтып, екеуі біраз шауыпты.

Арасында ең болмаса бір адам "тәйт" дей алмаған соң, әбден түнілдім. Ардан безіп барамыз. Жығылмасақ нетті...


Клара Ермагамбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 997    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.12.2017, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31