Сен тұр - мен айтайын!

Туыстарыңды алдап ақшасын алып бергенін үшін "КЮНЕТ" саған ақша төлейді

  • Туыстарыңды алдап ақшасын алып бергенін үшін

    Туыстарыңды алдап ақшасын алып бергенін үшін "КЮНЕТ" саған ақша төлейді

"КЮНЕТ" қаржы пирамидасы туралы айтып та, жазып та жүрміз. Мың адам тіркелсе солардың ішіндегі ең пысық 5-6 адам ғана байып кетер. Әрине өзінің туыстарының маңдай тер табан ақысын белгісіз жаққа аударып жіберіп, соларды алдап ақшасын алып бергені үшін "КЮНЕТ" саған ақша төлейді. Бірақ белгілі бір уақытқа дейін ғана. Оны қарапайым тілмен былайша түсіндіруге болады.

1) Яғни сен өз соңынан тіркелген екі туысың үшін ақша аласың. ( екі адам тепе теңдік орнаған болып саналады, ал бір адам ғана тіркесең ақша бермейді)

2) Ал сол тіркелген 2 адамыңның әрқайсының соңынан тіркелген 4 туысың үшін тағы да ақша алдың делік. (3 адам ғана тіркелсе тепе-теңдік орнамаған себепті ақша ала алмайсыз) 

3) Ал сол 4 адамның әрқайсының соңынан 2 адамнан толық тіркелсе барлығы 8 адам тіркеледі. Яғни 3 қатардағы тепе-теңдік орнағаны үшін де ақша алуыңыз мүмкін. 


Дәл осы жерге жеткенде сіз өзіңіздің "КЮНЕТКЕ" тіркелу үшін, ештемеге жарамсыз қайдағы жоқ бір саяхат картасы үшін төлеген 700-800мың тенге ақшаңызды қайтарып ала аласыз.

Ал есептеңіз: Сіз арқылы "Кюнетке" қазақтар қанша ақша аударды? Өзіңізді қоспағанда барлығы 15 адам барлығы 12 млн тенгені Малазияға асырып жібереді.


Ал сіз ары қарай да ақша тапқыңыз келеді бірақ таба алмайсыз, неге? Өйткені бағанағы 8 адамыңыздың соңынан 16 адамды тіркейтін шамаңыз болмайды. Бұл "дизбаланс" деп аталады. Осы жерден сіздің "КЮНЕТТЕГІ КАРЕРАҢЫЗ" аяқталады.


Егер алаяқ-аферист болсаңыз да ары қарай да 16 адам, 32 адамды толық тіркеп ақша табу мүмін емес нәрсе.

Алайда сіздің тоқырауыңызбен КЮНЕТ жабылып қалмайды. Сіз тіркеген 8 адамның арасынан сіз сияқты бір "пысықай" пайда болады да, дәл сіз сияқты 3-4 деңгейге дейін жетіп, елді алдап өліп-тіріліп "ақша табады". Бірақ оның құрған пирамидасына сіздің еш қатысыңыз болмайды, және ол өз астына 64 адамды кіргізсе де сіз бір тиын ала алмайсыз. Өйткені ол өзінің пирамидасының тепе-теңдігін орнатып, қаншама қаржыны шет ел асырып жіберді.

Бұл осылай жалғасып кете беретін "созылмалы ауру".


Так что, жастар, есің барда ебін тауып, такси болсаң да адал еңбекпен есі дұрыс кәсіп істеу керек. Өзіңді де, ең жақын туыстарыңды да алдап бай болып кете алмайсың!


Мені "КЮНЕТКЕ" шақырғыш "сайтандар" көп болды, әлі де алдымнан жақын ағамның бейнесінде, енді бірде досым, бірде кластасым бейнесінде кездеседі. Солардың барлығын да бұл ақылсыз ортадан түсіндіріп көздерін жеткізіп талайын шығарып алдым. Ал шыққысы келмегені 1-2 жылдан соң салы суға кетіп өзі қайтып келді.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1405    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.12.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31