Сен тұр - мен айтайын!

Тырнақ астынан кір іздеуден арылу бізге оңайға түспейтін шығар

  • Тырнақ астынан кір іздеуден арылу бізге оңайға түспейтін шығар

    Тырнақ астынан кір іздеуден арылу бізге оңайға түспейтін шығар

Қазір біраз адам жақсылықтың өзін дұрыс қабылдай алмай жатады. Соған қарағанда қоғамда кәдімгідей шаршау бар сықылды. Мысалы, мен бірнеше дүркін «Жұмадағы жақсылық» акциясының жаршысы болдым. Бұл акцияны ұйымдастырушы азаматтардың бір-екеуімен бір-екі рет қана кездестім. Өзге таныс-жақындығым жоқ. Олардың кім екені, қаражатты қайдан алып жатқаны, түпкі мақсаты не екенінен хабарсызбын. Мен үшін ең бастысы – бұл азаматтардың халыққа тегін қызмет көрсетіп жатқаны. Сондықтан да «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ниетпен бұл акция туралы көпшілікті құлақтандыруға тырыстым.

Білуімше, акцияны ұйымдастырушылар нақты бір газель не автобус иесімен келісіп, оның бір күндік табысын төліп, шығынын көтеріп алады. Өз басым, бұл аз сомаға шықпайды деп ойлаймын. Осындай ақшаны өзіне, бала-шағасына емес, қайырымдыққа жұмсап жатқан азаматтарға жай ғана рахмет айтып, лайк басып кете берсек болмай ма? Сол автобустағы (акция ұйымдастырушылары – автобус иесі емес) әлдебір әріп қатесіне қадалу, «акцияның мақсаты не?»/»неге тап осы жұма күні ұйымдастырады?» деп шұқшию керек пе өзі? Осындай комент, жазбаларды оқып, көріп отырған акция ұйымдастырушылары қандай күйге түседі? Бұл жазбалар келесі бір акция жасау туралы құштарлықты артыра ма? «Біз де осындай қайырымдылық іс қылсақ» деп ойланып қалғандарға қанат бітіреді ме?

Заман да басқасы да түзелер, ал мына жақсы нәрсеге қуануға үйрену, тырнақ астынан кір іздеуден арылу бізге оңайға түспейтін шығар.


Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31