Сен тұр - мен айтайын!

Ұлдан не пайда? Бір қатынның соңынан кетеді де қалады

  • Ұлдан не пайда? Бір қатынның соңынан кетеді де қалады

    Ұлдан не пайда? Бір қатынның соңынан кетеді де қалады

Енесінің келініне айтып отырған "өсиеті": қазір сендерге рахат болды ғой. Календарьға қарап бала туасыңдар. Біздер ғой құдайдың бергені деп ұлын да, қызын да тудық. Сен енді сол календарьға карап кілең қыз ту.

Неге мам? Наследникте керек қой.

Ертең қартайғанда қыз жақсы. Ұлдан не пайда? Бір қатынның соңынан кетеді де қалады. Ал қыз болса ата-анасын далаға тастамайды, бағады.

Да уж, мам...

Үн-түнсіз тыңдап отырдым да осы жерден сөзге мен араластым:

неге олай дейсіз. Қыз- ол қыз, ұлдың аты ұл. Қазағымыз қыздың қолына қарап қалуға ұялған ғой. Қызды жат жұрттық деп санаған. Бөтен үйдің түтінін түтетіп, сол елдің ұрпағын көбейткен ғой,-десем: ой қойшы сондайыңды. Оны сендер сияқты қазақтар ғой шығарып жүрген. Мен қыздарыма күйеуге шығар болсаңдар сразу бөлек тұрамыз деп айтыңдар. Күйеуің бөлек шықпаймын деп жатса заттарыңды жина да кетіп қал,өзі келеді ғой сосын итім құсап. Ата-енелеріңмен бірге тұрып оларға "служить" етпеңдер. Алыстан сыйласыңдар ата-енелеріңмен деп айттым дегенде А деп аузымды аша алмай қалдым. Мұндай сөздерден кейін ол апайға бірдеңе деп айтудың өзі артық еді. Е е е,- деген күйі аузыма құм құйылып қала бердім.

Күйеуге шығып бөлек шығам, сенің әке-шешеңмен бірге тұрмаймын деген келіндердің артында осындай деп ақыл айтатын "ана"тұрса онсызда есі "кіресілі-шығасылы" болып жүрген жаңа түскен келінге не айтасың? Келін бақпаса өзінің берген тәрбиесінен неге көрмейді екен?

Қыз дегенің қонақ қой ол қашанда.

Төбесінен алтын құйып бақсаңда.

Шаңыраққа ие болып қалатын,

Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда,- деген мына бір керемет өлең жолдарын естен шығармаған жөн-ау.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 3839    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30