Сен тұр - мен айтайын!

Ұлтаралық қатынастың Малайсарылық моделі

  • Ұлтаралық қатынастың Малайсарылық моделі

    Ұлтаралық қатынастың Малайсарылық моделі

Сәбет заманында менің ауылымда орыс басым еді. Шамамен 60/40. Мектепте, көшеде - жекпе-жек. Балалар екі жақ боп төбелесетін. Қорықсаң үлкендер басыңнан шертеді, беделден жұрдай боласың...

Мектепте Надежда Павловна Котлярова ұзақ уақыт директор болды. Қараңқалғыр, сатқақтар, - деп ұрысқанда қорыққанның орнына күлетінбіз. "Орыс тілі" пәнінен ұқпағаныңды қазақша түсіндіре беретін. Ал орыс сыныптарына "Қазақ тілінен" әпкем берді. Пән олимпиадасынан республика жеңіпмазы Ольга Ромоненко, облыс жеңімпазы Оксана Охрименко секілді қыздар сол ауылдан. 2000 жылдары облыста бәйгеге шапқан атақты шабандоз бала Серікбайдың да шын есімі Сергей. Бір заманда зауытқа жұмысшы боп келген ересектері орысша сөйлейді, ал ұрпақтары қазақша жылмайды. 3-4 жыл бұрын көл басында бір баланы жолықтырдым: - Көлде балық калмады, аға, мына Сарыөзектің оңбаған орыстары тор құрып, құртты, - дейді. Кімнің баласысың? - десем "Витяның" деп қарап тұр. Марқұм Витя Студениннің тұяғы екен. Біздің ауылда баланы "Орыс келе жатыр" деп қорқытпайтын... Ол ауылда тілдік проблема да жоқ, орыс сыныбында оқитынның бәрі қазақша сөйлейді. Неге қазақша сөйлейсің, оңбаған?! деп кергіп шыға келетін адам жоқ, керісінше, тетя Лариса, баба Олялар "Амансыз ба?" - десең, "Как ты, родненький?" - деп айналып-толғанып жатады. Ұлтшылы да, шовинисі де жоқ, ұлтын сүйетіндер тұратын ауылдаға ұлтаралық саясатты әкелеріміз, ағаларымыз санамызға сіңірді, былайша айтсақ - ұлтаралық қатынастың Малайсарылық моделі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан осы модельді енгізсек Қазақстанда қазір ұлт, тіл проблемасы болмас еді деп ойлаймын кейде...


Serik Abiken

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31