Сен тұр - мен айтайын!

Ұлттың, қазақылықтың иісінен дым да қалмады

  • Ұлттың, қазақылықтың иісінен дым да қалмады

    Ұлттың, қазақылықтың иісінен дым да қалмады

Осы біз, қазақ халқын айтам, кез келген тілді акцентсіз меңгеріп аламыз ғой. Сонымыз артықшылық па, кемшілік пе? Меніңше кемшілік секілді. Осы тау халқының өкілдері орысшаны мұрнын бұзып айтады ғой. Оған ешкім күлмейді.

Керісінше, "Дарағой, не туда қади, суда қади, а то сәпсем мертібій будешь" деп акцентпен айтқандары жарасымды секілді. Сосоңыз анау, "Ыраз, дуа, тыри, шытыри, ширако пілеши на шири" деп орыс эстрадасын жарып жүр.

Ал біз қазақы акцентпен біреу басқа тілде сөйлей қалса, тырқылдап күліп, мазақ қыламыз. Ыстоп. Ытак нелзия. Қазақтың сөйлеп тұрғанын дыбысынан, иісінен білу керек қой шетелдік ең болмаса. Қара шашты сарыға бояп онда құрттық, қазақша киімді онда құрттық. Миниюбка мен кәстөм кидік, санымызды жарқыратып. Ұлттың, қазақылықтың иісінен дым да қалмады.

Нәйеті бір кафеге даяшы болып кіру үшін орыс тілін міндетті түрде білу керексің деген талап қояды өзінше кафе-ресторандар. Өзге ұлттар келе қалғанда да біздің орысша нан сұрап жей алатынымыз секілді қазақша нан сұрап жей алатындай деңгейге жететін уақыты болды ғой. Қазақ тілін қызмет көрсету саласында қолданбасақ, қазақ тілі қалай өрге шықпақ?!

Ау, шетелдік келе қалған күнде де оған өз тілінде сайрап тұрғаның дым да қызық емес, келген елінің ең болмаса бір сөзін жаттап кетсем дейді сол шетелдігіңіз. Орысшаңды не қылсын сенің. Келген шетелдіктерге "Что хотите? Чего желаете?" деген сөздерден көрі "Не қалайсыз? Қандай тамақты ұнатасыз?" деген қазақша сөз естігендері қызық емес пе? Олар Россияға емес, Қазақстанға келді ғой.


Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 841    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 10:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30