Сен тұр - мен айтайын!

Ұлы дала тарихы осылай айтылу керек шығар

  • Ұлы дала тарихы осылай айтылу керек шығар

    Ұлы дала тарихы осылай айтылу керек шығар

Қытайлар Еуропа, еуропалықтар қытай туралы естімеген, олар бір-біріне барысып-келіспеген заман болған. Ал, Шыңғыс хан мәңгілікке көз жұмған 1227 жылы аталмыш елдер сауда-саттық қатынасын жасап, қазіргі дипломатиялық байланыстың негізін қалаған. Ол жоғары дәреже, мұрагерлік билік, текті тұқым секілділерді пір тұтатын феодалдық жүйені жойып, жеке тұлғаның еңбегін, әділдігін, жеткен жетістігін негізге алатын жаңа құрылымды дүниеге әкелді. Жібек жолы бойындағы сауда-cаттық бір сарынды мүлгіген мекендерді оятып, тарихи ірі еркін сауда орталықтарына айналдырды.

Шыңғыс хан жұртшылыққа салынатын алымдардың бәрін төмендетті, шипагерлерді, ұстаздарды, діндарларды, ағартушылық қызметтерді салықтан толықтай босатты. Санақ, есеп-қисап, тізім жұмыстарын жүргізетін болып, тұңғыш рет еларалық почта қызметі – лау ісін ұйымдастырды. Көшпенділер империясы дүние-мүлік, құнды заттар мен байлықты жинап қою үшін ғана емес, оны сауда айналымына түсіру үшін көп мөлшерде тарату, бөлу жұмыстарын жасаған. Ол әлемде тұңғыш рет халықаралық заңды қабылдатып, барлық адамның мәңгілік көк аспан Тәңірдің жарлығына ғана бағынуын міндеттеді. Көптеген диктаторлар өздерін заң-зәкүн атаулыдан жоғары қойса, Шыңғыс хан қабылдаған заңы мен жарлығына алдымен өзі сөзсіз бағынып, оның алдында биік дәрежелі қолбасшыларды, ел бастаған нояндарын қараша халықпен, қатардағы малшымен тең деңгейде ұстады. Дәл сондай талапты барлық деңгейде қатал қойып, қадағалай білді. Түрлі ұлттарды тегіне, дініне қарап алалаудан аулақ болды. Әділеттікті бәрінен бірдей тең талап ете отырып, жалпыхалықтық жарғы, ережелерге бағындырды және жерін, елін қастерлеуді тапсырды, дінге сену еркіндігін иеленуіне кедергі жасамады. Заң мен жарлықты құрметтеуді орнықтырды, адамның тәні мен жанын қинауға қарсы болды. Расында, Шыңғыс ханның сатқындықты кешпейтіні, соғыс кезінде де елшіге, ара ағайынға, бітімгерге тиіспегені, оларға дипломатиялық ерекше мәртебе бергені тарихи шындық. Осылайша, Шыңғыс хан көшпенділер құрған ұлы империяның іргетасын мықтап қалағандықтан өзінен кейін 150 жыл бойы күшті мемлекет ретінде әлемге кең құлаш жайды.


P.S.Ұлы дала тарихы осылай айтылу керек шығар.


Қуандық Шамахайұлы


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31