Сен тұр - мен айтайын!

Үндемей жақсы көру кейде бәрінен биік...

  • Үндемей жақсы көру кейде бәрінен биік...

    Үндемей жақсы көру кейде бәрінен биік...

 Арамызға үй түспеген көрші апай болған. Кейін көшіп кетті. Балаларын сұмдық еркелететін, теңемейтін жұлдызы жоқ еді. Аулада айналып-толғанғанда дауысы біздің үйге жететін. Содан мен де шешеме келіп: «Пәленше тәте балаларын күшті айналады», - деймін ғой. Ол кісі ошақтың айналасында түртінектеп жүріп: «Ой, сары алтын! Ал болды ма? Бар енді», - дейді самарқау. Еш қанағаттанбаған күйі көкеме келдім. «Бізді неге солай еркелетпейсіңдер?» - деп сұрақты төтесінен қойдым. Сонда ол кісі бір малшы ата туралы әңгіме айтып берді. Отар-отар қой жайса, біз сарығалдағын теріп өскен ауылдан бір жарым сағаттық қара тауға дейін өретін қойшы болған-ды. Жалпы төрт түлікті қадір көрген халықпыз ғой, мыңғырған мал да тегін адамға біте ме! Әлгі шал ауыр тымағын жон арқасына жібере киіп кетеді де шаруасын реттеп, бірнеше тәулікке алған тамағы таусылғанда үйіне қайтады екен. Сондайда алдынан жүгіріп бала шықса, көзін қарт қара тауға салып тұрып, «Айна-а-а-лайын» деп арқасынан арқасынан сипайды екен. Себебі ол жанарын салып тұрып айналған бала өліп кетіпті.

Мұны не үшін айтып отыр дейсіз ғой, бір нәрсенің арнасынан асып бара жатқанына алаңдағандықтан түртіп отырмын. Оған түрткі де жоқ емес. «Кез келген дүние шектен шыққанда уға айналады» деуші ме еді. Жақында маған Димашты емес, Димаш құрметтейтін адам бір жайтты жеткізді. Анығын айтсам, түсін баяндап берді. Дереу Димашқа айту керектігін айттым. Ол дәл қазір сөзінің тура өзіне жетпейтінін алға тартты. Сол себепті кідіріп қалдық. Кейін бұл жайға көңіл бөліп, ой түюге тырысып көрдім. Мен сонда ғана «неліктен оған деген тыңдарман көңілімді, өнері туралы ойымды, сүйіспеншілігімді көппен бірдей сыртқа шығармайтынымның себебін түсіндім. Әйтпесе, «Дайдидауды» тек соның орындауында тыңдай алам, өзі шығарған «Ұмытылмас күн»-інің әр нотасы мен тембріне тамсанам. Оның шыққанына 2 жыл болса да әлі тыңдаймын. Бірақ жазбадым, айтпадым, жарияламадым, мақтамадым. Өйткені мен оны сақтағым келеді. Қазақ үшін аман жүрсе екен деймін. Оған тілеулес барлық адам солай. Бірақ біз бір нәрсені ұмытып кеттік. Қазақ алдымен өзгеден емес, өзінен; сырттан емес, іштен сақтаған. Оны біздің үлкендер “ит тиген” дейді. Мен оған өмірімде бір емес, екі рет куә болдым. Ит тигеннен өліп кеткенді де көрдім. Біреу төгіп, біреу еріп мақтайды. Үндемей жақсы көру кейде бәрінен биік және қазақтың қанында бар ғажап қасиет. Көп құндылықтың құны арзандаған заманда оны жоғалтып алу да жеңіл. Содан қорқам. Салмағын сақтайық. «Көзімізді жұмып» айналайық. «Қан мен тер» триллогиясында бір әже сәбиінің көйлегін шайнап тастайды. Ие, сол да бекер емес. Байқасаңыз, SMM маманының күніне салатын кемі 20 фотосынан біреуін де жарияламай отырмын. «Көрермен, саған айтым, Қанат аға, сіз тыңдасаңыз» қуанып қалар ем. Ол халықтың үнін ғана емес, жанын, сөзін ғана емес, қазақтың өзін танытуға туған, сол миссиясын адал атқаруына Құдайдан күш-қуат сұрайық, амандығына іштей тілекші болайық, ол лайк жинаудан әлдеқайда пайдалы.

#Жексенбілік_жазба


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2318    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.12.2018, 22:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31