Сен тұр - мен айтайын!

Үндесе, "талап"" тастайды деп қорқа ма қайдам

  • Үндесе,

    Үндесе, "талап"" тастайды деп қорқа ма қайдам

ҚАЗАҚ ТІЛІ КӨЗ АЛДЫМЫЗДА "БҰЗЫЛЫП" БАРАДЫ


Өйткені немқұрайдымыз, өйткені немкеттіміз. Біз емес, басқалар бас ауыртсын дейміз. Бәлесінен аулаққа саламыз. Шіркін, айтып-айтып, жазып-жазып тастайтындар қайда жүр екен осындай кезде дейсің ерніңді тістелеп.

Ақыр бастадым ғой, айтайын. Соңғы кездері "Жазып бастадым", "Оқып бастадым", "Істеп бастадым" деген бір бәле (сөз) пайда болды. Осындай "шедеврлерді" ФБ-дағы қазақ тілі жанашырларының барлығы оқып, көріп, біліп жүр. Оқып, көріп, біліп жүргендердің бәрі мықты журналистер, мықты жазушылар, мықты ақындар. Ал солардың өз кәсіптерінен бөлек ең үлкен міндеттерінің бірі - тіл тазалығына уақап болуды айтып, жазып, ескертіп отыру емес пе? Жоқ, олар үндемейді. Үндесе, "талап"" тастайды деп қорқа ма қайдам.

Шіркін, солардың бәрі бір мезгілде, бір адам құсап: "Жаза бастадым", "Оқи бастадым", "Істей бастадым" деп неге жазбайсыңдар, айналайындар?" десе, аналар айылын жиып, өзінікінің дұрыс емес екенін біліп, қайтып жазбайтындай болар еді-ау дейім де.

Содан кейін "Алдын" деген де бір бәле шықты. "Жиналыстың алдын", "Тойдың алдын", "Оқудың алдын"... Ау, бұл біз ес білгелі айтып, жазып келе жатқан кәдуілгі "жиналыстың алдында" деген сөз емес пе еді? Қазақстанның әр түкпірі, әр қияны өздерінің тар шеңберінде ғана қолданатын сөздерін әкеп еліміздің мәдениеті мен әдебиетін, руханиятын жасайтын ұлы тілге "жасап бастадымды", "оқып бастадымды", "жиналыстың алдынды" тықпалай берсе, ана тіліміздің тағдыры не болады болашақта? Әуезділігі, әсемдігі, үндестігі бұзылмай ма? Ондай сөздерді әдебиет алыптары кезінде білмеді дейсіздер ме? Білді. Олар да еліміздің түкпір-түкпірін әбден аралаған. Олар да естіген, білген, көрген ел ішінде өстіп сөйлейтіндердің бар екенін. Бірақ олар оны қолдануға болмайтынын ұқты. Ұқты да бүкіл қазаққа ортақ мәдени, рухани, әдеби қажеттіліктерімізді өтей алатын өрелі тіл қалыптастыруды ойлады.

Ал біз кеп бүгін бәрін жаңадан... "жасап бастаймыз".

Мен бұл келеңсіздіктің бір ұшын журналистикаға, әдебиетке қазақ классиктерін оқымаған ұл-қыздардың лек-лек боп кеп қосылуынан іздеймін. Олар тілдік қоры жоқ болған соң өзі білетін ғана сөзді қолданады. Ол жаңағыдай "жасап бастадыммен" аяқталады. Ал енді әріп қателері мен сөйлем қателерін әзірге айтпай-ақ қояйын... Ол бір сұмдық енді.

Ағайын, айтайын дегенім, бір ауыз сөз жазсақ та ол қазақ халқының өресін, өнегесін көрсетеді. Сондықтан, жазған әр сөзімізге өте уақап болайықшы.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.09.2018, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31