Сен тұр - мен айтайын!

Үш мәселеге терең көз салсақ, темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді

  • Үш мәселеге терең көз салсақ, темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді

    Үш мәселеге терең көз салсақ, темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді

Темекі шеккіңіз келе ме әлде шылымды тастағыңыз келе ме? Қалай ойлайсыз осы темекі деген өзі зиянды нәрсе ме егер зиянды болса көп адам неге шегеді неге тастамайды әлде бір тартқан тастай алмай ма және тастай алмаса тастай алмауының сыры неде әлде бір білмейтін ғажайып құпиялары бар ма?


Ойлану үшін мына айта кетейін сосын ойыңызды айтарсыз


"Исламның алғашқы үш кезеңінде темекі деген нәрсе жоқ болатын. Ол алғаш рет XVI ғасырда пайда бола бастаған. Темекі Ислам әлеміне әсер ете бастағанан бастап бұл туралы әр ғасырдың мүштәһид ғұламалары өз пікірін білдірген. Ендеше осылардың көзқарастарын үшке бөліп қарауға болады.

Бірінші: Алғашқы кездері темекінің қаншалықты адам ағзасына зиянды екеніне қатысты тәжірибесі аз болған кейбір мүштәһидтер темекі туралы дінде нақты ашық үкім болмағанын алға тартып, мүбаһ екендігін білдірген.

Екінші: Кейбір ғалымдар болса, темекі шегудің жақсы еместігін алға тартқанмен, айқын дәлел болмаған соң мәкрүһ деп үкім білдірген. Ислам әлемінде кейінгі жылдарға дейін осы мәкрүһ үкімі кең тарап келді.

Үшінші: Бұл топтағы ғалымдар темекінің денсаулыққа зияндығын алға тартып және экономикалық тұрғыдан ысырап екендігін сонымен қатар нәпақа жауапкершілігіне кері әсерін тигізетінін айтып, харам деп, фәтуа берген.

Қазіргі таңда осының бәрін есепке алып және бүгінгі таңдағы темекенің қаншалықты зияндығының анықталғанын да алға тартып былай деуге болады. Алдымен темекінің діни үкімінің және Хақ Тағаланың ол туралы тыйым салған үкімі жоқ деп айтуға болмайды. Құран мен сүннетте қойылған заңдар белгілі бір ұстанымдар мен мақсаттарға бағытталған. Мысалы, Аллаһ Тағала ішімдікті харам еткен. Құранда бұл «хамр» сөзімен берілген. Ендеше сіз Құранда сыра, коньяк деген сөз жоқ ендеше ол мүбаһ дей алмайсыз. Мас қылатын барлық спирт түрлері сол «хамр» тобына жатады. Олай болса темекіні де Құрандағы негізгі қағидаларға жатқызуға әбден болады. Атап айтқанда, Құранда: وَيُحِلُّ لَهُمُ الطَّيِّبَاتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ الْخَبَائِثَ «Оларға пайдалы пәк нәрселердің халал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді», – деген аят бар. Ендеше денсаулыққа қатерлі барлық нәрсе – харам. Темекі бастан-аяқ зиянға толы. Оның ешбір нәрсесі адамға да, қоғамға да пайдалы емес. Ғалымдар темекенің зияндылылығын үшке топтастырған.

Бірінші: Зияндылық: Темекіні бүгінгі таңда ешкім «зиянсыз», қайта «пайдалы» деп айта алмайды. Тіпті оның қорабының сыртында адам ағзасына аса зиянды екенін жазып қояды. Бүгінде ғалымдар жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болатынын дәлелдеген. Сондай-ақ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйыымының (ДДСҰ) мәліметіне сүйенсек, Жер шарындағы 1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткеншектер темекінің түтінімен уланған. Дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы темекі тартатындардың үлесіне тиеді екен. Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секунтда бес адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс болатын көрінеді .

Өкпе рагы сырқатының 90 пайызы осыдан пайда болатын болса және онымен қоймай жылына жер бетіндегі Аллаһ Тағаланың ардақты етіп жаратқан пендесінің үш миллионын жалмайтын болса, мұндай тажалдың зияндылығын, жай зиян емес, «Дәжжәлдің қылышы» деп әбден атауға болмай ма?! Ендеше темекіні сіз қалайша «мүбаһ», яки «мәкрүһ» деп айта аласыз? Егер бұған мәкрүһ деп баға беретін болсаңыз басқаға не деп фәтуа айта аласыз? Әрі темекі шеккен адам өзіне ғана емес жанындағыларға да зиянын тигізеді. Әрі көпшілік ортасында бір адам шылым шеккенде оның иісі зиян берсе, барлық адамға кісі ақысы қарыз болады. Әрі өзі шеккенмен қоймай өзгеге, әсіресе, жас ұрпаққа үйретіп жарнамалап, өзімен қоймай солардың бәрінің күнәсін арқалайды. Соның кесірінен кейінгі ұрпақ жаппай темекі шегіп миллиондаған адам өліп, қоғам құлдырайды. Құранда кімде-кім бір адамды жазықсыз өлтірсе, жер бетіндегі барлық адамды өлтіргенмен бірдей деген қағида бар. Ендеше, бір емес өзінің миллиондаған ұрпағының өліміне себеп болғандар ақыретте сөзсіз есепке тартылып, Хақ Тағаланың құзырында жауап беріп, солардың күнәсін жүз еселеп өздеріне артады.

Әрі ақыр соңында темекенің кесірінен сырқаттанып өлген адам өз-өзіне қол жұмсап өлгенмен тең. Құранда:

وَلَا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер» , وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ

«Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер», – деп айтылған. Кейбір улар бар, адамға бірден әсер етеді. Ал кейбір улар болса, адамға бір жылдан соң яки одан көп уақыттан соң әсерін тигізеді. Ал енді кім никотинді «у емес» деп айтуға дәті барады.

Сондықтан да Мысырдағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуә комитеті» 1979 жылында темекі «харам» деген үкім шығарған.

Екінші: Ысырап: Құранда Аллаһ Тағала:

وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

«Жеңдер, ішіңдер. Бірақ ысырап етпеңдер», – деп бұйырған. Аллаһ елшісі де үнемі үмбетін ысырапшылдықтан сақтандырған. Ендеше темекіге келсек ысырапшылдықтың негізін қалауға арқау болушылардың бірі.

Үшінші: Нәпақа жауапкершілігі: Отбасының асыраушысы Исламда ер кісі. Ол өзінің әйелі мен бала-шағасының нәпақасын тауып беруге міндетті. Осындай адам бала-шағасының нәпақасынан жырып, өз нәпсісінің бас пайдасына пайдалануы дінде адамгершілік және мінез-құлық тұрғысынан әдепсіздік жағдай болып табылады.

Сөз ақыры, осы үш мәселеге терең көз салсақ, темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді деген ойдамыз". Ал сіз?


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30