Сен тұр - мен айтайын!

Ұстаз мәртебесі туралы қабылданар заң көптен күткен аса маңызды жаңалық

  • Ұстаз мәртебесі туралы қабылданар заң көптен күткен аса маңызды жаңалық

    Ұстаз мәртебесі туралы қабылданар заң көптен күткен аса маңызды жаңалық

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы ел тарихындағы ерекше оқиға болды. Ондағы қозғалған қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің ішінде маған ерекше әсер еткені – Ұстаз Мәртебесі жайындағы толғамды тұжырым.


МҰҒАЛІМ


Мектепте оқып жүрген кездерімізде (1960-1970 жж.) біз ұстаздарды «Мұғалім» деп қана атайтынбыз. Ең ақылды әрі ең қайратты,ең батыл, ең сүйкімді адамға берілер аса жоғары мәртебе ретінде қабылдайтынбыз біз оны. Онда ата-аналық мейірім-қайырымның да өзіндік бір жантебірентерлік энергетикасы болғанын біз кейінде аңғардық.

Біле, білгенге, ұстаздық деген – ешқандай теңдесі жоқ, нөмірі бірінші мамандық. Ұстаз алдын көрмейтін, ұстаз білігін қажетсінбейтін адам болмайды. Жарықтық майдангер Әкем: «Шайтанда ғана ұстаз болмайды» деуші еді. Сол сөздің көпсырлы рухани мағынасы мен мәнісін біз есея келе ғана ұғына бастадық.

Әлі есімде, Хамит деген шалғымұртты, қамшылы қарт мұғалім болды. О Кісі өзінің сол шалғы-мұртын сол сегізөрім қамшысының алақанымен «тарай» отырып, сабырлы кейіпте сабақ беретін. Сол сарыала қамшы біздің «тәрбие жөніндегі ұстазымыз» да-тын. Бірдеме бүлдіре қалсақ-ақ, со жарықтық найзағайдай ойнап шыға келетін..

Онда, мұғалімдеріміздің бәрі де еркек мұғалім еді.

«Қара мұғалім» (ұмытпасам, шын аты Мұқамедия болды-ау деймін), Бекен (Жануақас) деген алтын ұстаздарымыз болды. Біз мектепке жиырма-отыз шақырым аумақты алып жатқан қыстақ-қыстақтан қайсымыз атпен, қайсымыз түйемен, қайсымыз өгізбен қатынап оқитынбыз. Мұғалім келе жатса, анадайдан қалт тұра қалып, жамау-жамау үсті-басымызды жөндемекке әлекке түсіп, жамыраса сәлем беруші ек...

Сонда, бала кезде байқаймыз ғой, ақсақалдардан бастап, колхоз бастығына дейін, бәрі де о заманда Мұғаліммен кеңесіп, Бій алдына барғандай, соның уәжіне жүгінетін.

Кейін, келе-келе, әйел мұғалімдердің саны күрт көбейді. Қазір салғастыра қарасақ, еркек мұғалім мүлде жоқ есеп-ті. Жасыратыны жоқ, біржақты ол тенденцияның, бала оқуы мен тәрбиесіне, мінез-құлқына, белгілі бір мөлшерде, кері әсер ететінін де байқағанымызға көп жылдың жүзі болды. Бұл да бір, - ойланатын шаруа-тын.

Қазір ұстаздарды «Мұғалім» деп атау да мүлде ұмытылды. Ұстаздың әлеуметтік, қоғамдық мәртебесі де, атқаратын педагогикалық негізгі қызметі де сол қасиетті атаумен бірге көмескілене, адыра қалғандай болып көрінетін маған. Өйткені, баспасөз өнімдеріне жазылу науқанына да, мектеп маңайындағы көше-көшенің тазалығына да, түрлі үгіт-насихат істеріне де, мектептің жөндеу жұмыстарына да, басқа алуан іс-шараларға да, бәріне-бәріне ұстаздар жауапты болатын болды. Жер-жерде, ұстаз біткен әкімдіктің қолжаулығына айналды. Оның үстіне, оқу бағдарламалары, заман талабына орай, күрт күрделеніп ол кетті. Ұрпақтың дәуір үдерісіне сай акселерациялық-генетикалық табиғи психологиясы да жыл өткен сайын сұрапыл өзгеріп бара жатыр. Ал, ұстаздардың жағдайы әлгіндей мүшкіл күйде қалып қойды. Әрине, ерте ме, кеш пе, ол сорақылыққа бір тыйым болуы керек еді. Ел Президентінің аталмыш Жолдауында талқыланған ұстаздар жалақысы (о жөнінде мынадай да "мәтел" бар: "Мұғалімнің шайлығын да жасай алмасаң, соттың айлығын көтеріп әлекке түсерсің"), оқу орындарының білім беру сапасы, оқушылардың оқу жүктемесін азайту, білім саласын қаржыландыруды еселеу жөніндегі шешімді ойлардың, ең бастысы - Педагог Мәртебесі туралы қабылданар заң жөніндегі кескекті ұйғарымның өзім үшін көптен күткен аса маңызды жаңалық болғаны да содан. Себебі, көптеген мамандықтарымның ішіндегі ең ардақтысы да – өзімнің мұғалімдік мамандығым. Сондықтан, Елбасының бұл Жолдауында айтылған өзге де мәселелер мені ерекше толғантты. Толғантып қана қойған жоқ, олардың жүзеге асуына қолдау көрсете отырып, өзімдік үлес қоспағымның азаматтық парыз екенін де анық сезініп отырмын..

Иә, ұстазсыз адам болмайды. Ұстаз алдын көргісі келмейтіндер мен ұстаздарын қадірлей білмейтіндерге, ұстаздардың алаңсыз білім беруіне жағдай жасамайтындарға өмірдің өзі ұстаз болады. Ал, өмір ұстаздығы – өте қатал, тіпті, қатыгез де болуы әбден мүмкін...


Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 11:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31