Сен тұр - мен айтайын!

Үйді сатып жіберерсің, елді ше...

  • Үйді сатып жіберерсің, елді ше...

    Үйді сатып жіберерсің, елді ше...

"Сатып жіберейін деп отырмын..."


Бұйырса, Алматыдағы үйді салып болып қалдық қой... болғанда, әйтеуір ішіне адам кіретіндей қылып))

Айтайын дегенім ол емес, жапа тармағай жаңа құрылыс жүргізген адамдар айнала. Қарап тұрып қуанасың... қорқасың да)

Қорқыныштысы, жұрт қолына іліккенмен үй тұрғызып жатыр. Әрине, қалтасына лайықтап, көрпесіне қарай көсілу заңды. Бірақ, көптеген үй сәулетті былай қойғанда, қауіпсіздік қағидаттарына тіптен сорпасы қосылмайтын санатта. Мысалы, төбеге салынатын көлбеу ағаштың арасы 40 - 50 см аспауы керек, ал оны 60 см мен 1 метр етіп қойғанды көзім көрді. Белдеу тіректің қалыңдығы 20-30 см болуы керек қой, жоқ оны 12-15 см етіп қоя салуда) Әрине, материалдың бағасында айырма бар, 1000-2000 теңге шамасы. Бірақ...

"Әкәу, мынауың ертең майысып, отырып, құлап кетпей ме?"

"Атасына нәлет, салып біткесін косметика жасап, сатып жіберейін деп отырмын..."

Үштің бірі осыны айтады!

Крыша сайтын ақтарыңыз, Алматы маңында сатылатын жер үйден көз сүрінеді, көбі әлгіндей әдіспен салынғанына кепілмін)

...Құрылыстың барлығы құтылу үшін салынып жатқан жоқ па осы?

...Осы "ертең сатып жіберемін..." деген ұстаным қанға сіңіп кетті ме?

Үйді сатып жіберерсің, елді ше...


Qalmaqanbet Muqametqalï

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 888    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:47
    Аблязов біз лох емеспіз!
    19 Қыркүйек, 11:27
    Арың қанша тұрады?
    17 Қыркүйек, 13:16
    Негізі Канело жеңді
    13 Қыркүйек, 09:44
    "Әлі қыз" дедіңіз бе?
    5 Қыркүйек, 09:29
    Сыбайлас қамқорлық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31