Сен тұр - мен айтайын!

Үйлеріңізге ұры түсе қалса, дым ақша алмаса да өкірткен соманы айта салыңыздар

  • Үйлеріңізге ұры түсе қалса, дым ақша алмаса да өкірткен соманы айта салыңыздар

    Үйлеріңізге ұры түсе қалса, дым ақша алмаса да өкірткен соманы айта салыңыздар

Құдай бетін аулақ қылсын, тфу-тфу-тфу(үш рет соқтым), алда-жалда, үйлеріңізге ұры түсе қалса, дым ақша алмаса да өкірткен соманы айта салыңыздар....Бұл кеңесті маған бір тәртіп сақшысы айтты ғой. Милиция ұрыны зар қақасатады дейді сосын, алғанын бөліссін деп.....

Ардана туылатын жылы,айы-күнім жақындап қалған кезім. Ерекең Арайды мектепке алып кетті. Таңғы 8-дер шамасы ғой. Көзім ілініп кеткен екен, көрші бөлмеден зырт-зырт етіп ашылып,жабылған сыдырманың даусы естіледі. Тағы да құжатын ұмытып кетіп, соны іздеп жатыр екен ғой, ой, құдай-ай, ана қыз сабақтан тағы кешікті ғой, - деп пәндәуи оймен орнымнан әрең қозғалып, домалап диваннан түсіп,

- Ерхаа, тағы да дәкүменттеріңді ұмытып кеттің ба, гаи ұстап алды ма не, Арай қайда, мектептен қалды ғой тағы, апайы тағы ұрсатын болды ғой-, деп екі аттағанша он шақты сұрағымды айтып келе жатсам алдымнан еңгезердей, қатып киінген кавказ өңдес жігіт тұр.

-Здраствуйте-, дейді нық үнмен.

-Здрәсте-, деп өзімнің жалаң тұрғаныма ұялып, а Ерха где-, дей бергенімде зыр етіп қаша жөнелді. Әлгі байқұс менен ұялып қашты-ау.... дегенше болған жоқ, көрші бөлмеде шашылып жатқан сөмкемді көремін ғой. Сонда, таңғы 8-ден кеткенде төсегімнің басында тұрған сөмкені алып, асықпай келесі бөлмеде отырып алып ақтарып отырған не деген жүрек деймін да.

.....Мілитса келді, отпечатка аламыз деп қолымыздың бәрін сиялап кеткені болмаса дым бітірмеді. Сол кезде қағаз толтырып отырған қыздың айтқан сөзі ғой анау.


Гүлбағыш Бостан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1262    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.09.2018, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31