Сен тұр - мен айтайын!

Əйелді ұрмай-соқпай тәрбиелеу əдісі

  • Əйелді ұрмай-соқпай тәрбиелеу əдісі

    Əйелді ұрмай-соқпай тәрбиелеу əдісі

Әйел тәрбиесі тақырыбына біздің қосар 5 тиын :-)

Жаңа үйленген бір жігіттің келіншегі күлегештеу болып шыққан көрінеді.

Жігіттің құрдастарымен қаттырақ қалжыңдасып, арты анайылау сөздерге айналып кететін жағдайлар көбірек болса керек. Жігітке бұл жақпағанмен қызғаншақ атанудан сескеніп, шыдайды.

Бірде келіншегінің әлдебір бөтен еркекпен ыржыңдасып тұрғанының үстінен түседі.

Әлгілер шошып қалады. Бөтен еркек зытады. Келіншек жағы үрпиіп күйеуінен оғаш қылық күтіп, кінәлі түрмен көзінің қиығымен қарап тұр. Бірақ жігіт келіншегін ұрмақ түгілі тырс еткен үн шығармайды.

Асықпай қалтасына қолын салып, үлкен монета шығарады да аспанға шертіп жіберіп, қайта қағып алады да, әйеліне кеттік деп бас изеп үйіне қайтады.

Сол күйі жігіт сыр бермейді.

Келіншек біраз күнге дейін қысылып, күйеуіне аяғының ұшымен қызмет етіп жүреді. Құрдастармен анайылау қалжың да тиылады.

Бірте-бірте ұмытылған секілді болады.

Келіншек құрдастармен қалжыңын қайта бастайды.

Жігіт қалтасынан монета шығарады да, қайта қағып алып қалтасына салып қояды.

Келіншектің жүзі құп-қу болып, қалжың сап тиылады.

Сондай жағдай бірнеше жылда бір қайталанып тұрады.

Тек абайлаңыз өлтіріп алып жүрмеңіз :-)

немесе #эпилог орнына..

Жылдар жылжып, бала-шаға есейіп, «45, женщина – ягодка опять" деген жылдар басталады.

Бала-шаға есейгенде, кейбір ақымақ қатынның күш алатыны болады.

Мына келіншек өзін сақтарлық ақылы болғанмен аузы батыр, әлде жатыры қағынған біреу болса керек. Бірде, күйеуі өз "ягодкасының" бір еркекпен ыржыңдасып тұрғанының үстінен түседі.

Қалтасынан монета шығара бергенде, әйел сылқ етіп құлайды. Жігіт байқаса, келіншегі жүріп кетіпті...



Өмір Шыныбекұлы


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30