1 жылда 14 адам асылып қалған ауыл...

1 жылда 14 адам асылып қалған ауыл...

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданына қарасты бір ауылда 14 адам асылып өлген екен. Ал, 2012 басталысымен бір аптаның ішінде екі мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсап бақилық болыпты. Ауданда өз-өзіне қол жұмсаудың үш оқиғасы тіркелсе, соның 2-еуі тағы да осы Қарабұлақ ауылы мектебінің оқушылары болған. Мұндай оқиғалардың көбеюі ауыл тұрғындарын қатты алаңдатқан. Олардың пайымдауынша мұндай құбылыстың жиілеуі тектен-тек емес.

Аудандағы ең үлкен ауылдық округ осы - Қарабұлақ. Бұл ауылда 40 мыңнан астам халық тұрады. Ауыл халқы түгелдей дерлік өзбек ұлтының өкілдері. Ал өзбек халқының еңбекқор екені ежелден белгілі. Олардың барлығы мал шаруашылығымен және диқаншылықпен айналысады. Қарабұлақтың жетістіктері жөнінде талай республикалық басылымдарда жарияланып, телеарналар арқылы көрсетілген. Әр отбасының тиесілі үлестік жері бар. Бұл елді мекенде сауда-саттық жақсы дамыған.

Бірнеше базар мен сауда кешендері, тойханалар, үш қабатты аурухана, жекеменшік клиника, дәріханалар мен мәдениет сарайы, қоғамдық тамақтандыру орындары халыққа қызмет көрсетеді. 11 мектепте мыңдаған шәкірттер тәрбиеленуде.

Осындай ынтымағы мен бірлігі ұйыған ауылды соңғы 2-3 жыл көлемінде үрей жайлады. Мұның себебі мен салдарын түсінбей дал болғандар не істеу керектігін білмей, әліптің артын баққандарымен қорқыныштың бұлты сейіле қоймады. Әсіресе, ата-аналар болашақтарынан үміт күтіп жүрген балаларының тағдырына алаңдады. Бұл үрей — асылып өлу оқиғасының тым жиілеп кеткендігінен еді.

Сайрам ауданында мектеп оқушыларының асылап өлу оқиғасы республика бойынша алдыңғы орынға шықса, соның басым бөлігі осы Қарабұлақ ауылына тиесілі екен. Айдың күні аманында желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдердің өздеріне өздері қол жұмсауы жұмбақ күйінде қалды. Оны айтасыз, бұл дерттен ес жиып, етек жапқан үлкендер де қалыс қалмады. Ұрпақ өрбітіп отырған аналар да тылсым күштің жетегінде кетіп, беймәлім жағдайда асылып тұрған жерлерінде табылды. Қарабұлақта әп-сәтте қара жамылған шаңырақ көбейді. Үш адамның асылып қалғанын дер кезінде байқаған отбасы мүшелері оларды аман алып қалудың да сәті түскен жағдайлар болған. Кейін не болғанын сұрағанда, олар бұрын қайтыс болған туыстары келіп қолдарына жіп беріп, асылуға итермелегенін айтқан.

Ауылдағы жұмбақ өлім халық арасында үрей туғызған. Ел ағалары мен дін жолындағы имамдар, көпті көрген көнекөз қариялар бір әрекет жасамаса, мұндай сұмдықтың қайталана беретіндіктерін сезеді. Өзара бір бәтуаға келіп, ескіліктің салты бойынша ақ түйені құрбандыққа шалуды, әруақтарға бағыштап құран оқытуды жөн деп шешеді. Ауылда қалталы азаматтар бұл бастаманы қоштап, кәсіпкерлер бар шығынды өздері көтеріп, имандылық жолындағы игі істі қолдарына алды. Арнайы Маңғыстаудан ақ түйе алып келіп құрбандыққа шалады. 300 адамға арналған құдайы тамақ тартып, әруақтарға бағыштап құран оқытады. Содан кейін ауылда асылу оқиғасы күрт тыйылған екен.

Алымжан Нышанқұлов, Қарабұлақ ауылының әкімі:

- Мұндай оқиға осыдан 60-жыл бұрын орын алған екен. Сол кезде де ақ түйені құрбандыққа шалып, қайғылы оқиғалар тиылған деседі. Енді міне, өрімдей жастар бірінен соң бірі өздеріне қол жұмсаулары жиілеп кеткен соң, қариялармен ақылдасып осылай жасауды жөн көрдік. Өткен жылы ауылдың 14 адамы асылып қайтыс болса, соның басым көпшілігі мектеп оқушылары.

Абдурафи Рахматуллаев, мешіттің бас имамы:

- Өткен жыл өкінішке толы болды. Әр күніміз үреймен өтті. Бір жылда 14 адамның асылып өлуі бір ауыл үшін үлкен қасірет. Үш мектеп оқушысын дер кезінде құтқарып қалып, асылып тұрған жерінен түсіріп алдық. Жастармен сөйлесіп көргенімізде, олар ақ киінген марқұм болған туыстары жетелеп әкетіп, қолдарына жіп берегенін айтады. Бұл табиғаттың тылсым күші ме, әлде адам кейпіндегі шайтанның тірлігі ме, түсінбедік.

Расымен де бұл қандай да бір тылсым күштің әсері ме жоқ әлде шайтанның әрекеті ме? Мұндай құбылыстың сырын әзірге ешкім дөп басып айта алған емес. Дәрігерлер мұндай құбылысты адамның жүйке жүйесінде ауытқудың пайда болуымен түсіндіреді. Алайда, қарапайым жүйке ауруы болса, онда неге ақ түйені құрбандыққа шалған соң ол ауылда тым жиілеген өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары сап тыйылған?

Мұхтар Таиров, Сайрам ауданының тұрғыны
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста