Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

11 жыл құрсақ көтермеген әйел қасқырдың бүйрегін жеген соң балалы болды

  • 11 жыл құрсақ көтермеген әйел қасқырдың бүйрегін жеген соң балалы болды

    11 жыл құрсақ көтермеген әйел қасқырдың бүйрегін жеген соң балалы болды

Табиғатта қасқырдың санитар міндетін атқаратыны туралы жазылып та айтылып та жүр. Мен емге қажет тұсын айтайын. Аққу, қасқыр, жылан өтінің емдік қасиеті күшті, қасқырдың өті, бауыры, тісінің де қасиеті мол.




Жас босанған әйелдердің емшегі ісіп кетуі – күтімсіздіктен болатын көп тараған аурудың бірі. Қасқырдың бауырын кесіп, кесеге кішкене езіп, екі рет жаққанда, ісік сап басылады. «Қасқырдың іш майы керек» деді бір танысым.


«Қасқырдың іш майын алғанды кім көріпті. Ол ненің емі?» дедім.


Сойып жатқан қасқырдан болар-болмас бір шиша ғана бүйрек май, іш май шықты. Он бір жыл бала көтермеген әйел сұраған екен. Әлгі танысым апарып беріпті. Суық тиген, салқын шалған несеп жолына іш май жағылады дейді.


Тағы бірде қасқыр сойып жатыр ем, бір әйел


-Қасқырдың бүйрегін беріңізші, ата-деді. Екі бүйрегін бердім. Шоққа аунатып-аунатып жей салды.


-Мына жесіңнен қарадай қаштым ғой, қарағым,- дедім.


-Өкпе ауруым бар, ата» деді ол мұңайып.


-Мақұл, шырағым. Шипасын берсін,- дедім.


Кейін сол әйел жазылып, балалы болды деп есіттім. Қасқырдың тісі жағымен бірге, жеке суыруға болмайды, сынып кетеді.


«Ит тиген балаға қасқыр тісі – жақсы ем» деп қазақ тісті суға салып, баланы шомылдырып жатады. Шынында, өз көзіммен көрдім: суға тісті салып, баланы шомылдырса болды, құлан-таза айығып кетеді. Ем емес жері жоқ қасқырдың. Әзелде, мал дәрігерлері ат белінен шойырылғанда тотяиын қояды. Оның керегі де жоқ  екеніне көзім жетті. Атымның белі шойырылып, біреудің айтуымен қасқыр өтімен емдедім. Терісін тіліп, аттың арқасына бидайдай өт салып, тіктім, бір сағаттан кейін тұрып кетті. Екі бидайдай болса – ауыр соғады екен.


Мылтықбай Ерімбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі


Stan.kz



Көрілген: 2914    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 21:12

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
20 Мамыр, 17:01
Күн мінажатханасы
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31