Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?

  • Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?

    Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?

 Мамандардың пікірінше, тылсым құбылыстарға сену адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін


Адам алдында не күтіп тұрғаны жайында білуге құмар. Көпшілігіміз өткен өмірімізде жасаған қателіктерімізді ұмыта алмай, кезіккен қиындықтардың бәрін сонымен байланыстырамыз. Түйткілді мәселені шешу үшін адамдар бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінуге әуес келеді. Бұған не итермелейді? Неге психологтардың жәрдеміне сенім аз? Осы сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісі жауап іздеп көрді.


Әлеуметтік желілерде танымал бақсы Лидия адамға бір қарағаннан, болашағын болжап беремін дейді. Адамның сыртқы келбетіне қарап, келешегін көруге әжелері баулыпты. Бұл қасиетінің арқасында экстрасенс қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын береді.




"Ер-азаматтар да, әйелдер де көмек сұрап келеді. Әркімнің басына түскен іс бөлек: бірі жұмысқа тұра алмай, екіншісінің махаббатта жолы болмай жүреді. Мен әуелі адамның тағдырын зерттеп, мәселенің қайдан шыққанын анықтауға тырысамын, кейін әдет-ғұрыптар, арнайы рәсімдер, дуа арқылы проблеманы шешуге тырысамыз", — деп әңгімелейді медиум Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Ақбура әулие кесенесінің тылсым күші туралы не білеміз?


Лидияның тәжірибесінде қызықты бір жайт болған: 42 жастағы әйел тұрмыс құра алмай жүреді. Себебі әйел адамның тұқымына жарты ғасырдан астам уақыт бойы некесіздік қарғысы әсер етіп келген екен.


"Қарғысты алып тастадым, бұған үш ай уақыт кетті. Клиентім сүйген адамын кезіктіріп, отбасын құрды", — дейді әйел.


Айта кетсек, экстрасенс қызметінің бағасы 15 мың теңгеден басталады, қызмет көрсету құны мәселенің күрделілігіне байланысты болады.


Көріпкелдікті әшкерелеу

Танымал америкалық иллюзионист Джеймс Рэнди алаяқ экстрасенстерге қарсы жан аямай күресіп жүргендердің бірі. Оның айтуынша, табиғатта мұндай тылсым құбылыстар болмайды. Рэнди көріпкелдердің адамдарды психологиялық трюкпен алдайтынына сенімді.


Фокусник бақсы-балгерлерді әшкерелеуге әбден беріліп, 1996 жылы арнайы қор ашты. Ұйым көріпкелдік қабілетін дәлелдей алған адамға 1 миллион 112 мың доллар беруге уәде етеді. Алайда 22 жыл ішінде бұл қаражат иесін әлі тапқан жоқ. Үміткерлердің ешқайсысы ұйымның сынақтарынан өте алмапты.


Үкаша ата құдығының қандай тылсым күші бар?


"Сұрқиялық пен өтірік" атты кітабында Джеймс Рэнди адамдардың көріпкелдерге неге шын жүректен сенетінін түсіндіреді. Оның пікірінше, адамдар жоқ жерден байланыс іздеп, себеп-салдарын қазбалауға бейім келеді. Көріпкелдерге плацебо эффектісі жақсы көмектеседі, дейді Рэнди. Яғни, бақсы түйткілді мәселені қозғап жіберсе, клиент бәрін өзі жайып салып, өзі де біраз жеңілдеп қалады.


Орны толмас салдарлар

Альцгеймер науқасы мен невроздарды емдеу клиникасының басшысы, психотерапевт Жібек Жолдасованың айтуынша, адамдар ақыл-есі кем ретінде тіркеуге алады деп қорқып, мамандарға қаралмауға тырысады.


"Бәлкім, әдетке айналғандықтан ба, әлде сауатсыздықтан ба, халық маманнан гөрі бақсы-балгерге жүгінгенді жөн көреді", — дейді психотерапевт.


Алайда адам санасымен ойнайтын сиқыршы-көріпкелдердің әрекеті орны толмас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Жолдасованың сөзіне сүйенсек, науқастарының 80%-ы бақсы-балгерге қаралғандар.


"Бес жыл бойы үрей мен қорқыныштан арыла алмай жүрген науқасым бар. Ол осы уақыт ішінде өзі білетін емшілердің бәріне қаралып, қыруар ақша жұмсады. Алайда үрейінен құтылған жоқ, керісінше, бәрі ушығып, қорқынышты ойлар бойын билей бастады. Үрейі арта түсті. Бұрын адам көп жүретін жерлерден қорқатын болса, қазір тіпті үйден шыға алмайтын дәрежеге жетті", — дейді Жібек Жолдасова.


Маманның айтуынша, көріпкелдер этнотерапияны жиі пайдаланады (халықтық тәжірибе мен әдет-ғұрыптарға негізделген психотерапия — Sputnik).


Жолдасованың пікірінше, кейде оң нәтижеге қол жеткізу үшін мамандардың өзі адамның наным-сеніміне жүгініп, дұға-тілектерді пайдалануға тура келеді.


Sputnik Қазақстан


 


 




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 19:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 11:17
    Әуеде құстай ұшқан ат
    5 Желтоқсан, 10:54
    Тірідей жерленген кейуана
    3 Желтоқсан, 10:56
    Сайтан қабір
    29 Қараша, 10:53
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31