Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адамжегіш дәрігердің үйіндегі қылығын айтқан көршілері оның әріптестерін шошытты

  • Адамжегіш дәрігердің үйіндегі қылығын айтқан көршілері оның әріптестерін шошытты

    Адамжегіш дәрігердің үйіндегі қылығын айтқан көршілері оның әріптестерін шошытты

Көршілері жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адамның ауруханаға еш қиындықсыз жұмысқа тұрғанына аң-таң


Ресейде психиатриалық диспансерде ұзақ жыл емделіп, Челябинск қаласындағы № 11 ауруханаға жұмысқа тұрған Борис Кондрашиннің көршілері «дәрігер» 1998 жылы жасаған сұмдық қылмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты «Лайф» басылымына сілтеме жасай отырып.


«Ол адамға екпе салып өлтірген, кейін мәйітін бөлшектепті. Үйіміз кірпіш болғандықтан, дауыстар онша естілмейді, — дейді Кондрашиннің көршісі Нина Григорова. — Содан соң формалинде адамның қолы, көзі табылды».


Әйелдің сөзіне сүйенсек, жантүршігерлік қылмыс жасаған жігіттің медициналық мекемеге жұмысқа тұрғанын естіген көршілері жағасын ұстап отыр екен.


«Сол сұмдық жайттан кейін біз куәгер болдық. Төсегінің астынан табылған жыртық жейде, жатын орны – түгел қан-қан. Балконнан халаты мен құралдары шықты. Құралдарын жуып қойыпты», — деп еске алды тағы бір көршісі Татьяна Трошенская.


Кондрашин жұмысқа тұрған аурухана бас дәрігерінің орынбасары Веста Титова басылымға хабарлағандай, қызметкерлердің ешқайсысы ер адамның бұрынғы өмірі жайында білмепті.


«Қарапайым кісі. Ешбір агрессия байқамадық», — деді ол.


Кондрашин жұмысқа тұрған кезде білімі туралы құжаттары тексеруге жіберіліпті, жалған екені анықталған соң құқық қорғау органдарына жөнелтілген.


Кейінірек белгілі болғандай, ер адамның ақыл-есі дұрыс емес болып шықты. Он алты жасында өз құрдасын өлтіріп, вампирмін деп қанын ішкен екен.


Челябинск қаласының денсаулық сақтау басқармасы Кондрашиннің қалай жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ер адам барлық құжаттарды тапсырған, тек еңбек кітапшасы жоғалып қалды деген соң, жаңадан бастапты. Негізінде Кондрашин ешқашан жұмыс істемеген болатын, ұзақ жыл психиатриялық диспансерде емделген. 




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.02.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31