Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ажалдың көзін көрген жігіт...

  • © islam.ru

    © islam.ru

Бұл жігітпен мен Артем базарының маңында орналасқан Сәдуақас Ғылмани мешітіне барған сайын ұшырасам. Екі аяғы болғанымен жүре алмайды, мәжбүрлі түрде арбаға таңылған жан. Құдайын танып, тәубасына келген жігіттің есімі - Ғизат еді. Жалпы, өмірде біз ұғып болмайтын, түсіне бермейтін тылсым дүниелердің көп екені рас қой. Талайдан бері танысыма айналған Ғизаттың басынан өткен оқиғаны «Алаш айнасы» порталына жазғанды жөн көрдім.


«Мен ата-анамның жалғыз баласы едім. Әкем темір жолда үлкен бастық болды» деп бастады әңгімесін ол.


Тумысынан өте ерке бала болып өскен екен. Не ішем не киемін демеген, бәрі ол үшін оңай болды. Мектеп бітірген соң Лондон қаласына оқуға аттанады. Әкесінің байлығы да аз емес еді. Ол жақта тіл мектебінде ақылы оқу оқыса керек. Тұратын жері, ішетін тамағы, киімі үшін ата-анасы ай сайын ақша салып тұрады.


«Оқу оқиды деген атым ғана. Өмірі сабаққа бармаймын. Өзім сияқты ауқатты отбасының балаларын кездестіріп, солардан дос та таптым. Күні-түні қыдырамыз. Клуб, қыдыру, қыздар. Енді шөп шегуді де үйрендік. Осылайша күндер өтіп жатты. Жаз уақыты болып, оқуымды аяқтамастан, елдің балалары сияқты каникулға келдім. Әке-шешем мені оқу оқып шаршады, алыста жүріп қиналды деп каникулға келгенде бірден салоннан ең қымбат көлікті де сатып әперді. Осылайша жаз бойы қыдырыс, ішімдік ішу, анаша шегу, қыздармен қыдырумен уақыт өтіп жатты. Қалада да достарым көп еді. Ақшаның қайдан келіп жатқанында шаруам жоқ, шашуға келгенде шебер едім. Осылайша бір күні екі досыммен Бурабайға барып, казино ойнап қайтуды шештік. Қалтамызға ақшаны салып алып, менің машинаммен жолға шықтық. Ол кезде қазіргідей автобан емес еді. Аздап ұрттап алғанымызда бар. Музыканы қатты қосып, еліріп, машинанын жылдамдығын арттырып келе жатқаным есімде...


Қайда жатқанымды, не болғанын білмеймін. Ештемені сезбедім. Ұшып жүргендеймін. Не өлі не тірі екенім де белгісіз. Денемнен жаным ұшып, өзіме жасап жатқан операцияны да сырттай бақылап тұрмын. Бір кезде қап-қара көз көрдім. Ол түстің қаралығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Өмірімде ондай үрей, ондай қара түс көрмеген мен қаша жөнелдім. Бойымды үрей мен қорқыныш билеп, аурухана ішін айналып қаша бердім. Алайда алысқа ұзай алмадым. Бірақ бойымдағы қорқыныш кетер емес.


Қанша уақыт өткенін білмеймін, бір уақыттарда мен бір дауыс естідім. Сол ажалдан, қара түнектен мені сол дауыс құтқарды. Сол дауысты естігенде мен көзімді аштым. Өмірі Аллаға сенбеуші едім. Тіпті бір рет те Алланы аузыма алып көрмеппін. Атеист болдым. Оянғанда кәлима айтып ояндым. Қайдан жаттадым, қайдан естідім, қалай аузыма түсті ол маған жұмбақ. Сол уақыттан бері мен намазға жығылдым. Жаным намаздан рахат тапты. Өмірде ең маңызды Аллаға сыйыну керек екенін ұқтым. Мен мүлдем өзгердім. Ата-анамның айтуы бойынша біз жол апатына түсіп, қасымдағы екі жігіт қайтыс болыпты. Мені шала жансар күйімде ауруханаға әкелген. Дәрігерлер өмір сүруіме жиырма пайыз ғана үміт берген екен. Мен 15 күн комада жатып, тіпті, бірнеше рет ота жасалыпты. Содан 15 күннен соң менің жағдайым жақсарып, Алла қуат беріп, ешкім күтпеген таңғажайып оқиға болып, мен көзімді аштым. Сол дауыстың құдіреті, сол дауыс мені ажалдан құтқарды. Бірақ не дауыс екені есімде жоқ. Сол оянған күн менің екінші өмірім басталаған күнім болып мәңгілік отбасымыздың есінде қалды. Мен үшін ақшаның бир тиындық құны жоқ. Ата-анам да қазір бес уақыт намаз оқиды. Қажылыққа да барып келдім. Мен өзімнің мүгедек күйіме еш өкінбеймін. Мен өмір сүріп жүргеніме, Алланың бір минуттық тыныс сыйлағанына тәуба деймін. Маңызды емес саусың ба, мүгедексің бе ең бастысы - Алланың берген ең үлкен сыйы адам болып өмір сүру», - деп аяқтады әңгімесін Ғизат.


Автор: Есболат АҚЫЛБЕРГЕНОВ, Астана

 




Көрілген: 2134    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 26.08.2017, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Ақпан, 23:50
    Өлінің астынан өту
    29 Қаңтар, 11:30
    Оқ дарымайтын адам...
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28