Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ажалмен бетпе-бет кездескендер

  • Ажалмен бетпе-бет кездескендер

    Ажалмен бетпе-бет кездескендер

О дүниелік ағасын көрген


Өлімнен соң өмірдің бары ақиқат дейді өліп-тірілгендер. 39 жастағы Барбара Прайорға Колумбияда жедел ота жасауға тура келді.


Дәрігер Доналд Пейн Барбараның ахуалы туралы былай дейді: «Жағдайы тым қауіпті болды. Прайор ханымды өмірге қайтару үшін бізге батыл әрекеттер жа­сауға тура келді». Ал, Барбара өзінің басынан өткенін былай баяндайды.


«Менің жаным ауада буға айнала басталады. Жайбарақат­ болдым. Өзімді тамаша сезіндім. Өз тәнімді кереуетте жатқан жерінен көрдім, бірақ өзімді одан мүлдем бөлініп шыққандай сездім. Олардың тәніме не жасайтыны мені тіптен де қызықтырған жоқ.


Пейн мырзаның маған жасап жатқан емдік шарасына қарап тұрып, неге соншалықты тырысып жатыр деп таңқалдым. Мен өзімді нағыз бақытты сезініп тұр едім. Өзім бұрын көрмеген бір адам келіп, менің тәніме жақын келіп, жүрегіме екпе жасады. Ол жұмысын бітірген кезде, медбике кереуетке жақындап келе беріп, асығыста ішкі тамырларға дәрмек құятын бөтелкелер бекітілген тұғырды қағып кетті. Тұғыр менің төсегіме құлады, бөтелкелердің бірі менің бетіме тиіп кетті. Алайда бұл маған әсерін тигізген де жоқ. Ауырсынудан жаным азат еді.


Бұдан соң осыдан 10 жыл бұрын лейкемиядан қайтыс болған ағаммен кездесіп қалатындай ерекше сезім пайда болды».


Барбара ағасының келгенін сезді, оны іздеп табуға дайындала бергені сол еді, кенет Пейн дәрігердің: «Барбара, тыныс алыңыз, тыныстаңыз!» деген өктем дауысын естиді.


«Жоқ, сіздер мені мәжбүрлей алмайсыздар. Мынау жұ­мақты тастап кетуге мәжбүрлей алмайсыздар» деп айтуым мұң екен, кеуде тұсым қатты шаншып қоя берді де, өз тәніме оралғанымды саналы түрде түсіндім. Өзімді торға түсіп қалғандай сезініп, қайтуға мәжбүрлегендеріне ашуым келді». Егер дәрігерлерді қандай да бір жолмен тоқтатудың орайы келсе, соны істер едім».


Барбара Прайор өз кереуетінен алыс кетпей-ақ, барлығын көзбен көріп тұрды, әйтсе де арақашықтық клиникалық өлім жағдайындағы адам үшін кедергі бола алмайды.


Өмір мен арасындағы 3 тәулік


Барбара Моррис Дейвидсон 36 жаста, ол 1975 жылы 21 сәуірде кешкісін ұйықтататын дәрінің өте көп мөлшерін абайсызда қабылдап қойған. Есінен танып, өлім халінде жатқан Морристі Атланттағы Джорджия штатындағы ауруханаға дереу жеткізеді. Оның емдеуші дәрігері Уолтер Хедтің айтуынша, Барбара үш күн бойы есін жимаған. Дәл осы ес-түссіз жатқан кезеңде ол өз тәнін тастап шығады.


Барбара Моррис бір сәт өзі тани алмаған тәнінің жанында тұрған дәрігерлер мен медбикелерді көреді. Оның кім екенін білуге деген қызығушылығы оянып, жең­ге байлайтын шүберек белгідегі жазуға үңіледі. Науқас­ өзі болып шықты. Сонда ғана Барбара бүкіл бөлменің арғы жағынан өз тәніне қарап тұрғанын түсінді. Таңданар­лығы сол, Барбара өзінің ахуалына қынжыла қойған жоқ, оның намысына тигені шүберек белгіде оның туған жылының дұрыс жазылмағандығы еді. 1940 жылдың 23 желтоқсаны делініп, мұны екі жылға қартайтып тастапты.


Көңіл-күйі түсіп кеткен Барбара қателік жайында медбикелерге айтуға тырысып, оларға айқайлайды, бірақ олар мұны естімейді де. Ақырында ол үйіне барып осы бір өрескел қателікті күйеуіне айтып бергісі келеді. Ол 1942 жылы туды емес пе? Ауруханада мұны білмей ме екен?


«Үйге дейінгі бүкіл жолды жүріп келсем де, жалаң аяқтарым тротуарға тиген жоқ. Сонда жүріп емес, жүзіп келе жатқанымды түсіндім. Үйге барған кезде қонақ бөлмедегі креслода күйеуімнің ұйықтап жатқанын көрдім, жанында менің портретім жатты. Күйеуімді оятпақшы болып едім, бірақ оянбады, содан соң ауруханаға қайтып­ оралайын деп шештім» дейді Барбара.


Оның есінде келесі қалғаны, көзін ашқан кезінде өзіне қарап тұрған дәрігерлер мен медбикелерді көргені. Үш күн бойы ес-түссіз жатқанын, тіпті әлденеше уақытқа жүрегі соғуын тоқтатқанын да кейінірек естіп біледі. Әлі толық айығып кетпесе де Барбара күйеуіне үйге барып қайтқанын да айтады. Бір күні әйелі ауруханада ессіз жатқан кезде ол қатты мазасызданып, өзін жалғыз қалғандай сезініп, қонақ бөлмеде Барбараның фотосуретін алып, жүзінен көз алмай қарап отырғанын нақтылады.


Оянған кезінде фотосуретті қолына қатты қысып ұстап алғанын байқайды. Өз басынан өткергенін қиялына балаған Барбара үшін бұл әңгімесі шынымен қызығушылық­ тудырады. Құлан-таза жазылған соң Барбара ауруханаға барып, өзінің ауруханалық құжаттарын қарап шығуға рұқсат сұрайды. Ауру тарихының бірінші бетінің жоғарғы тұсынан туған жылы 1940 жыл 23 желтоқсан деген жазуды көрді.


Оған әлі ерте екенін айтқан


Андрей 32-жаста. Ол: «Ешбір апатсыз, ауыр науқас болмай­-ақ, жиырма минуттан кейін өлетінімді сезіндім, - дейді ол өз басынан өткен жайтты еске түсіріп, - Ол кезде әскер қатарында қызмет етіп жүргенмін. Әлгіндей сезіммен бірге жаныма жайлылық, тыныштық, тіпті жағым­ды қуаныш енгендей әсер алдым. Жуынатын бөлмеге барып, жуынып тазаландым. Солай болуы керек сияқты еді. Бұдан соң өз киімімді реттедім. Оңаша жерді тауып алдым да, төсекке жатып, көзімді жұмдым. Жүрегімнің дүрсілін санадым. Жүрек қағысы біртіндеп баяулай бастады,­ соңғы қағыстарын санай бастадым. Міне, соңғысы алыстан­ талып естіліп барып, өшті.


Қараңғы тұңғиыққа ендім де кеттім. Сосын қайтадан жарқырап кетті, барлығы бұрынғыша сияқты, тек қабырға­ның, төбенің арғы жағындағыларды да көре алатын болдым, енді жатпағанымды түсіндім, артыма бұрылсам, тәнім өзім қалай жаттым сол күйінде жатыр. Көзге бір түрлі көрінеді екен. Мынау менің тәнім, бірақ енді құдды керек емес зат сияқты.


Жоғарыға қарағанымда шатырдың арғы жағындағы аспанды көрдім. Аспан ашылды да жарықты көрдім. Маған солай қарай бару керек. Көтеріле бастадым, ешбір кедергісіз терезеден өттім де одан әрмен биіктей бердім, биіктей бердім. Тән де жоқ, салмақ та жоқ. Сананың ашық болғаны соншалық, барлығы тікелей қабылданады, уақыт жоқ.


Жарыққа неғұрлым жақындаған сайын бақыттырақ бола түскендейсің, мұндайда тіпті сөз тауып айту қиын, жердегі қалыпты түсініктей ойлау жоқ, әншейін қабылдау ғана бар. Бір сәтте бүкіл өмірің көз алдыңнан өтіп кетеді.


Маған қарай біреу келе жатты. Еркек пе әлде әйел ме, түсіне алатын емеспін. Тіпті соның мәні де жоқ еді. Бұл өз адамың. Терең туыстық байланыс бар тәрізді. Мені тоқтатты. Алаңдай бастадым. Тәніме бірдеңе болды ма деп. Артыма бұрылып қарасам, менің досым тәнімді қалдырған орынға қарай бара жатыр екен. Оның кедергі келтіретіні анық. Оның бөлмеге кіргенін көрдім. Айқайлағым­ келген, бекер болды. Ал, оның сөйлеген сөздері құдды судың астынан шыққандай естіледі екен. Өзімді қарсы алғанға қарай бұрылдым. «Неге?» дегенімде, ол «Әлі ерте» деп жауап қайтарды».


Жан тәнсіз қозғала алады


Екі Барбараның басынан өткен жағдай тек клиникалық өлім кезінде ғана орын алмайды екен. 1971 жылы 17 мамырда 47 жастағы Ричард Хитке Вашингтонда оң тізесіне ота жасалады. Такомедегі орталық ауруханада наркоз астында жатқан ол тәннен тыныс тәжірибені бастан өткереді. Ричардтың өзі бұл жөнінде былай дейді:


«Күтпеген жерден тәнім мүлдем әлсіреп кетті. Жаным тәнімнен бөлініп шығыпы, төбеде қалықтап тұрғанын сезіндім. Бұдан соң өзімнің үйге қарай бағыт алып аспанмен жүзіп бара жатқанымды көрдім. Күн тамаша еді, саяхат та аса жағымды болды. үйге барған соң бақшада ойнап жүрген балаларымды көрдім. Көршінің ауласына үңілдім. Сонда мұның соңы мен үшін қандай маңызды салдарға әкелетінін түсін­бестен көргенім – ол екі тал егіп жатыр екен. Кенет ауруханада қалған тәнімді ойлап мазасыз күй кештім. Енді қалай кері қайтамын? Осыны ойлағаным сол екен, бірден өзімнің жаралы, ауру тәніме қайта оралдым. Өзімді қатты азап шеккен жандай сезініп, көзімді аштым. Жұмбақ көрініс жайында ойланумен­ болдым».


Таяғын сүйретіп үйіне оралған соң Ричард көршісінің үйіне барады. Өзі «көрген» жерде екі дарақтың өсіп тұрғанын көргенде қатты айран-асыр болды. Ричард өзінің басынан өткергенін көршісіне айтып бергенінде, ол бір талын бұған тарту етті. Сол ағашқа қазір 8 жыл болды, Ричард Хит аулаға шығып желден жапырақтардың­ сыбдырын естіп, ойға шомылып отырады. Оның ұққаны, жан тәнсіз қозғала алады, демек тән өлгенмен жан өлмейді.


1970 жылы, қыс айы. Жазушы Сандра Кэри Уэст-Коастағы ауруханаға созылмалы сырқатпен түседі де, кешікпей оның жүрегі тоқтап қалады. Ол 4 минут бойы клиникалық өлім жағдайында болады. Өз-өзіне келген соң, ол дәрігерге өзін өте тамаша сезінгенін, алайда сол дәрігер үшін қатты алаңдағанын айтады. Себебі оның әйелі қазір ғана ажыра­суға арыз беруге шығып бара жатқан. Дәрігер бұған қатты таңқалады. Шынында да әйелі одан екі күн бұрын кетіп қалған, ол ауруханадағылар мұны біліп қалмауы үшін барлық шараларды қолданған еді. Тіпті туыстары да бұл жайлы ештеңе білмейтін.


Өкінішке орай, зерттеушілер клиникалық өлімнен кейін өмірге қайта келгендердің және соның салдарынан ерекше­ қасиетке ие болғандардың санын есептеп шығаруға әрекет жасап көрмепті. Бұл өте қызықты зерттеу болар еді. Адам санасы қандай да бір шұғыл жағдайда уақыт пен кеңістіктің шекарасын аттап өтіп, алда болатын оқиғаларды көруі де мүмкін ғой. Өлімнен кейін өмір барын зерттеу­мен айналысушылар үшін бұл өмірлік маңызды сауал. Көріпкелдік адам өлімімен бірге жоғалған адам ойының қабілеті болуы ықтимал.


Медиумдар астральды және физикалық денелер өзара жіңішке жылтырақ күміс жіппен байланған, ол шексіз созы­лып, физикалық денеден адамның эфирлі сыңарына қарай барады деп сендіреді. Күміс жіп бүтін болғанға дейін астраль­ды дене физикалық денеге әрдайым орала алады. Бірде-бір сынақ күміс жіпті әлі тапқан жоқ, алайда оның бар екен­дігін неліктен адамды тірілту әрекеті әрдайым­ жетістікке жетпеуімен түсіндіріп беруге болады. Егер клини­калық өлімде жағдайында жатқан адам жарықтағы сапарын жалғастыра беруге оқталса, қайтып оралмауға шешім қа­былдаса, сол мезетте күміс жіп үзіледі. Медиумдардың тілін­де «күміс жіпті үзу», демек өлу дегенді білдіреді.


Д. БАЯН.


zamana.kz




Көрілген: 1595    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 03.09.2017, 21:56

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қараша, 16:43
КІСІКИІК
9 Қараша, 10:06
Түннің құпиясы
29 Қыркүйек, 11:03
Түс жору
26 Қыркүйек, 10:34
Мәңгілік өмір мекені
15 Тамыз, 10:05
Малғұндар мекені

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30