«Ақ адам» туралы аңыз

«Ақ адам» туралы аңыз

Тамыз айынан берi Қасым ауылының Белдеутас елдiмекенiнде ақ түстi бiр елес пайда болыпты деген қауесет шықты. Сол-ақ екен, ауыл жұрты мұны сан-саққа жүгiрттi. Бiрi “е, бiреудiң көзiне жын-шайтан көрiнген шығар” десе, ендi бiрi бұған тiптi иланбады. Кейбiреулер мұны Қасым ауылының iргесiнде былтырдан берi қазылып жатқан, ғалымдар VII-VIII ғасырлар­ға жатқызып жүрген ескi қорыммен байланыстырды. Бұл ескi қорым қазылған соң аруақтар мазаланып, елдiң көзiне көрiнген шығар дестi. Бiрақ әлгi елестi көргендердiң қатары көбейе бердi.
Осы ауылдың азаматы Мадияр Ақбергенов осыдан он жыл бұрын бастан өткерген оқиғасын былайша баяндап бердi. “Қарағандыға бармақшы болдым. Ауылдан кеш шықтық. Қарқаралыдан аса бергенде басталған жаңбыр Ботақараға жетiп қалғанда тiптi үдеп кеттi. Ымырт жабыл­ған уақыт. Оның үстiне қасымда келiншегiм бар. Ескiрiңкiреп қалған “москвич” машинасының бiр жерi сыр берiп мына жауында тоқтап қалмаса екен деген оймен келемiн. Ботақарадан әрiрек жол өрге қарай көтерiлгенде баяу жүрiп келе жатқанмын. Төбенiң етегiнде жолға таяу орналасқан көп бейiттiң маңынан өте бергенде ақ таяғы бар ақ киiмдi адам жолды кесiп өттi. Елес көрiндi ме деп көзiмдi уқалап жiбердiм де, қайта қарадым. Жоқ, елес емес. Ақ киiмдi адам жолдан өттi де көрiнбей кеттi. Жанымдағы келiншегiм де үнсiз жолға тесiлiп қарап қалыпты. “Әлгiнi көрдiң бе?” – деймiн. “Көрдiм”, – дейдi үрейлi дауыспен. Сонда бұл не болғаны?
Биылғы жылдың қыркүйек айында қарқаралылық өлкетанушы Ерлан Мұстафин телефон соғып, Қарағандыдан келетiн кiсiлерге Бел­деутас­қа жол көрсетiп беруiмдi сұрады. Iздегенге сұраған дегендей, мен де қуана келiстiм.
Сонымен, Қарағандыдан “Классик” баспаханасының бас директоры Светлана Коханова мен “Криминальные новости” газетiнiң бас редакторы Вячеслав Коханов деген ерлi-зайыптылар келiптi. Олар Белдеутастағы тылсым оқиғаға қызығушылық бiлдiрiп, соны зерттеу үшiн бара жатыр екен. Белдеутасқа жетiп, ең алдымен Асқар Мұқашевтiң үйiнде жүрген Владик есiмдi жiгiтпен тiлдестiк. Ол өзiнiң ақ түстiнi қалай көргенiн бүге-шiгесiне дейiн айтып бердi. “Жаяулап келе жатқан бетiм. Бiр кезде қасымда ерiп келе жатқан иттер қатты үре жөнелдi. Иттер үрген жаққа қарасам, таудың етегiнде, тастың үстiнде ақ түстi бойы бiр метрдей бiр нәрсе тұр. Иттер шабаланып жүгiрiп кеттi де, әлден уақытта қыңсылап келiп аяғымның астына тығылды. Мен қорқып қалып, ауылға қарай қаштым. Сәлден кейiн фонаригiмдi алып, ауылдың бiр-екi жiгiтiн ертiп келдiм. Бiрақ ол кезде елес iзiм-ғайым жоқ болды”.
Осы тұста әңгiмеге Асқардың анасы Мәрия араласты. “Бұл – осыдан 3-4 жыл бұрын болған оқиға. Ымырт жабыла мая жақтан сиырдың өкiрген даусы естiлдi. Балам сол мезетте мылтығын алып жүгiрiп барса, үстi басы жүн-жүн, бойы бiр метрдей бiр нәрсе өгiздiң құлағынан ұстап алып басын тұқыртып тұр екен. Малға тиiп кетпесiн деп, аспанға оқ атса, әлгi пәле қашып кетiптi. Оның не нәрсе екенi әлi күнге дейiн жұмбақ”, – дедi ол.
Сол сапарымызда Ерлан Мұстафинге ауыл iргесiндегi бұрынғы Шатырағаш колхозының орны мен Белдеутас тауын фотоға түсiрiп берудi өтiндiм. Аспан ашық, шөкiмдей бұлт жоқ, күн ыстық. Ерлан қалта телефоны арқылы суретке түсiре салмақ едi, батареясының қуаты бiтiп қалыпты. Содан фотоаппараты арқылы тауды 2-3 жерден суретке түсiрiп алды. Ерлан сол фотоны компьютерге салып қараған кезде таудың басында екi ноқаттың тұрғанын байқады.­ Және ол бiр мезетте түсiрiлген екi фотоның бiреуiнде бар да, басқа жерден түсiрген екiншi фотода жоқ. “Оларды анықтап көрейiн дегенiмде екi жағында спутниктiң тарелкасына ұқсас бiр нәрсенiң нобайы көрiндi”, – дедi маған телефон шалған ол. Бiрер күннен кейiн Қарқаралыға барып әлгi суреттердi өз көзiммен көрдiм. Расында да екi жағында екi локатор тұрған тәрiздi. Сонда бұл не нәрсе болғаны? Мүмкiн, елдiң көзiне көрiнiп жүрген елестiң осы құбылыспен қандай да бiр байланысы бар шығар.
Ресейдiң ТНТ телеарнасында “Не объяснимо, но факт” деген бағдарлама бар. Сонда “паралельный мир” деген түсiнiк туралы айтылған. Оны қазақша “қатарлас әлем” деуге де болады. Онда адамдардың жанында қоса жүрiп жатқан тiршiлiк бар екенi, оны бойында ерекше қасиетi бар адамның көре алуы мүмкiн екенiн айтады. Бағдарламаның жүргiзушiсi ғалым уфолог. Сол сияқты Белдеутастағы көрiнiстi де жергiлiктi мамандар келiп ғылыми түрде анықтауы керек едi.
Кейбiр жерде мұндай құбылысты археологтардың қазып кеткен жерiнен шыққан аруақтар деп топшылап, олардың iсiне кедергi келтiрiп жатады. Бiрақ бұл бiздiң әлi де дiн саласындағы ой-санамыздың жетiлмегенiн, мұсылман болсақ та исламның негiзгi ақиқатын меңгере қоймағанымызды көрсетедi. Қазақтың ежелден аруаққа сенетiнi рас, алайда олардың өзi адам баласына тек түс арқылы ғана көрiнедi. Ол туралы Құранда да айтылған. Қазiр тек Ресейдiң төңiрегiнде емес, 1941-45 жылдарда соғыс болған далада көмiлмей қалған жауынгерлердiң мәйiттерiн қазып, мүмкiндiгiнше аты-жөнiн анықтап, қайта жерлеп жатыр. Сонда менi неге қозғадың деп аруақтар мазаланатын болса, бүкiл Ресейдi аруақ кезiп кетер едi ғой.

vk.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста