Ақырзаман туралы ақиқат

Ақырзаман туралы ақиқат

“…Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін” (Хадис.) Пайғамбарымыздың осы бір өсиетін орындайын деп қой, желтоқсанның 21-іне қатысты дақпыртқа араласқым келмегені. Бірақ, өтірікті дер кезінде тоқтатпасаң әдетке (сүннет) айналады деген бар-ды. Амал жоқ, қаламды қолға алдық. Әдейі 22-сі күні. Әйтпесе, 20-күні де жазар ем. Тек айтаққа арс-арс үрген иттен не айырмам қалады-деп жүрексінгенім. Мақсатым – сөзталастыру емес еді. Міндетім – ақырзаман туралы ақпаратты жеткізу. Дұрысын жеткізу.

Хош, сонымен ақырзаман туралы шу қайдан шықты. Қысқаша баяндасақ былай: Орталық Америкада Юкатан деген түбек бар. Баланың шүмегіндей-ақ жерде бағзы замандары Майя деген халық ғұмыр сүріпті. Тау басына пирамида тұрғызған. Жауыз пұттарына адам шалған. Қысқаша қайырғанда, дөрекілеу дәстүрі бар халық. Не керек, сол майя жұрты жойылып кетер алдын, «артындағыларға» күнтізбек қалдырыпты. Әлгі кальендары 5 мың жылдықты жырлап келеді де, 2012-нің 21-ші желтоқсанымен бітеді. Әлемді шулатуға осы да жеткілікті. Не керек, ежелгі Майялықтар 2012-ден ары қарайғыны жазбай қоюының сыры – ақырзаманға байланысты екен деген дақпырт тарады. Жарылқаушысы болса, адам сенгісіз өтірікті де шынға айналдыруға болады. (Бір оқиға есіме түсіп тұрғаны. Әкелі-балалы екеу болыпты. Сондай суайт екен. Атасынан асып түскісі кеп, баласы бірде; «Аспаннан иттің қыңсылағанын естідім» – демесі бар ма. Жұрт қыран-күлкі. Баласы ұятты болып қалмасы үшін, іле әкесі; «Бәсе, әлгінде алып бүркіт итті шеңгеліне бүріп ап, ұшып бара жатқан»-дейді. Халық сеніңкірегендей кейіп танытқанда, атасы бұрылып, өтірік айтсаң да қисынмен айтсаңшы-деген екен.) Сол қисын, мынау майя каленьдарында да сақталды. Әуелі археологтар әлгі, күнтізбек тасты тапты. Артынан тарихшылар осыған байланысты өз ойын айтты. Бақсы-балгер болжам жасады. Міне – шоу! Ақырзаман – желтоқсанның 21-інде болады деген батуа-байлам жасалды. Жарнамасы жарды. Голивудтың өзі «2012» деген фильм түсірді. Сосын, сосын не болды дейсіз ғой? Атам қазақтың; «Құдайды танымағанның «құдайы» көбейеді»-дегені бар еді. Нострадамус, Ванга, пәленше-түгеншелерге табынып жүрген «Батыс» мынау дақпыртқа құдайындай сенді. Жыл жақындаған сайын кәдімгідей дайындала бастады. Киім-кешек, ішіп-жемді түгендеп. Кейбірі «қылует» қазып. Стоп!

Ау, ақырзаман туралы христиан жұрты да хабардар емес пе?! Ветхий заветі, жаңасында да жазылған. Армагедон аталады. Сонда қалай болғаны!!!!!! Ә-ә-ә-ә, таптым-таптым. Бір ағамның айтқаны анық келді. «Капитал» жазылғанда, еуропада христиандық құрып бітті, деуші еді, жарықтық. Енді ше, қаба сақалды автор – Иса Мәсіхтің артынан ерген ағымның; несиеге тиым салған «табу»-ын тас-талқан етті. Негізі христиан діні де, ХХ ғасырдың басына дейін, кредитті кесір санаған. Ал, Карл Маркс керісінше; Өсімқорлық (кредит) – керек дүние, кредит экономиканың жүрегі,-дегенді жаза берді, жаза берді. Қолдаушылар табылды. Соңынан халық иланды, артынан көбісі көнді. Осыдан бастап, Еуропа христиандық келбеттен жұрдай болды. Жә, басқа тақырыпқа кетіп қаппыз.

Сонымен, жұрт ор қазып, жер астына түсетіндей Майя күнтізбесінде не сиқыр, не құпия жазылыпты?! Күнтізбек 2012-нің 21-ші желтоқсанымен аяқталады. Несі бар? Майялықтардың 2012-ден ары қарайғы жылдарды жазуға тасы жетпей қалған шығар? (Майялықтарда қағаз болмаған. Сосын ғой тасқа жазғаны. Сондай-ақ, дөңгелек дегенде болмаған. Олар құрған мемлекеттің өміршең болмауының да бір себебі осы…)

Тағы бір мысал; Менің телефонымдағы күнтізбек 2095-ші жылмен бітеді. Ғайыптан тайып, осы қалтафоным 2090 жылға дейін жетсе. Оны біреу тауып алса. Айқайға салса. «Ақырзаман 2095-ші жылы болады екен» – деп. Күлкілі ғой?

Ауылдағы ақырзаман

Жә, батысты қойшы. Қарагөз қазағым да қаңғалақтап жүр. Шамшырақ алып, пістемай, нан, күріш қорын дайындап. Неге десең, ақырзаманға деп ыржияды сабазың. Күлесің бе, жылайсың ба! Кеше досым звондайды ауылдағы;

– Ассалаумағалейкум бауырым. Аз-маз дос болдық. Адамбыз, араздасқан кездеріміз көп. Кешіріп қойғын.

– Ау, не болды? (қатты науқастанып қалған шығар деп, мен шошып)

– Бәрі жақсы. Қазір жарты сағаттан соң, 21-і ғой.

– Іы, не болыпты 21-іне?

– Ақырзаман дейді. Соған «подвал»-ды дайындап. Картоп-сәбізді жаныма жастанып-ап, саған хабарласқаным ғой. Қазған үңгірім терең емес. Алай-бұлай болып кетсем. Сол бақұлдасып қалайын дегенім.

Ары қарай тыңдай алмадым. Айқайлап күлем. Көзімнен жас аққанша күлдім-ау. Жас шыққасын, күлкінің соңы күңіренуге ұласты. Иә, ауылдың тең жартысы жер қазып, сонда жатыр екен… Жалма-жан анама хабарластым. Сенбеймін, бірақ бәрі айта бергесін – деп қояды. Сосын, жарты сағат түсіндірдім. Не айттым дейсіз ғой:

Ақырзаман туралы ақиқат:

Ең бірінші айтарым. Халық ақырзаман мен Қиямет қайымды шастастырып жүр. Мынау біздер, мұсылмандар, ақырзаман пайғамбарының үмметіміз. Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) – «Қиямет пен мен бірге жіберілдім.», екеуміздің арамыз,-деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39). Яғни, соңғы елшінің келуі ақырзаманның басталуы деген мағына береді. Көптеген хадистерді ақтарсақ, ақырет ғасыры бұрыннан басталып қойғанын көреміз. Ал саусағыңызды бүгіңіз. Бір. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды.

2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды

3. Аманатқа қиянат етеді.

4. Харам болған нәрселерді халал деп санайды.

5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді.

6. Пара алушылық көбейеді.

7. Зәулім үйлер салынады.

8. Дүниеге қызығып, дінін сатады.

9. Туыстық қатынастар үзіледі.

10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады

11. Жастардың үкімет басына келуі.

12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі.

13. Ерлі – зайыптылардың ажырасуы көбейеді.

14. Зина жасау етек алады.

15. Сенімді адал кісілерді опасыз адамдай көреді

16. Опасыз өтірікші кісілер сенімді халге келеді

17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді.

18. Жауыннан апаттар, селдер болады.

19. Зекет берілмейтін болады.

20. Ішімдік ішу көбейеді.

21. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады.

23. Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады.

24. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады.

25. Бастықтар көбейеді.

26. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды.

27. Сенімді кісілер азаяды.

28. Кедейлер көбейеді.

29. Әнші қыздар көбейеді.

30. Әйел өзінің бастығынан босанатын болады.

31. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады.

Осылай кете барады… Қараңызшы, қаншауы қазіргі заманға сай? Одан қалса, жас бала бір нәрсеге зеректік танытып, ойының ұшқырлығын аңғартса, аталарымыз не деуші еді? «Ақырзаманның баласы деген – осы. Бәрін іштен оқып, біліп туады» демейтін бе еді? Атам қазақ, хадисті ой елегінен өткеріп, мынадай өсиеттерде қалдырыпты. Хош. Жоғарыдағы тізбектегеніміз кіші белгілері. Әр қайсысына жеке-жете тоқталғыңыз келсе мынау мақаламен танысып көріңіз. Ал, ендігісі акбары яғни үлкені мыналар; Мәдінің келуі, күннің батыстан шығатыны, сөйлейтін Таббатул арз атты жер жануарының шығуы, жер бетіне Тажалдың келуі, Исаның (ғ.с.) түсуі, жер шарын көк түтін басуы, бірі – Батыста, бірі – Шығыста, үшіншісі – Араб түбегінде жер сілкінуі, Яджұж, Маджүж атты жабайы, адам жегіш халықтың пайда болуы, Құран аяттарының ғайып болып, иманды адамдардың түгесіліп, барлық мұсылмандар көз жұмып, Қағбаның көкке көтеріліп, Иеменнен басталған өрт жер бетін жабатыны сияқты белгілері қалып тұр екен. Ақырзаман болғанда жер бетінде мұсылман қалмайды, мүминдер ақіреттің үрей, қорқыныш көрмей жатып, көз жұмайды делінген хадисте. Қысқасы, Қиямет қайымның қашан болатыны бір АЛЛАның құзырында.

Ақырзаманға дайынсыз ба?

Тағы айналып келдік таптаурын тақырыпқа. Сіз ақырзаманға дайынсыз ба? Жоқ, тамақ әзірлеп әуре болмаңыз. Ауылға кетем дейсіз бе? Ол да бос әңгіме. Осы деймін да. Неге ақірет тақырыбы адамзат үшін сондай қызықта, қорқынышты екен? Жауабы былай; Ауылдағы атаң ұстап алса ең бірінші не сұраушы еді? Кәлиманы. Сосын? Қашаннан бермен мұсылмансың-деп қасын қағатын. Сен, іркілместен – «әлімсақтан бермен мұсылманмын»-деуші ең. Әлімсақ деген не? Әл мисаһ – адам мен Аллаһ арасындағы алғашқы ант; бүкіл адам баласы рухтарының бұл дүниелік тіршілігінен бұрын рухтар әлемінде Алланың құдіретін танып, оған қайтып келетіні туралы ант беру оқиғасы. Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 172-аятында “Әлмисақ” уәдесі туралы былай делінген: «Мұхаммед Ғ.С. сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» – (дегенде,) олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер.

Яғни біздер мынау әлемге түскенге дейін-ақ, мұсылман болуға уәде берген. Ақіретте сол уәделерінде қаншалықты тұрғаны, тұрмағаны үшін жауапқа тартылады. Адамның ақырзаман дегенде арқасы қозып, бойын қорқыныш билеудің бір сыры осы.

Сонымен, ақырзаманға ішіп-жеммен емес, жақсы қасиет, ізгі істер, 5 парызыңды орындаумен дайындалады екесің. Әйтпесе, «Әзірейіл келген күн, жан қалар, – дер қайда бар»?

Ақырзаман туралы дақпырттың тарауына кім мүдделі?

Батысты, еуропаны қойшы. Біздің қазақ ше? Біз «мистикалық ойлауға бейім» халықпыз қой. Былтыр «Құрбан айтта біреулер 40 баланы құрбандыққа шалады екен» дегенде имандай сеніп, кәдімгідей үрпиісіп қалып ек. Сәл болмағанда, кимешек киген әже, сақалы бар шалға дейін, «анадайларға» ұқсағаны үшін ұрып-соғар ма ек. Абырой болғанда, арандату екені анықталды. Кінәлілер сотталды. Осындай әңгімелер қайдан шығады? Ауық-ауық жұртты әбігерге салып, ойын сан-саққа жүгіртіп қою әлдекімдерге керек болғаны да. Содан кейін, былай қарасаң, заманақыр деген кәдімгі ірі өндіріс. Бұл тақырыпта қаншама ғылыми, фантастикалық, көркем кітап жазылып, фильм түсірілді. Өткізу керек қой. Шырақ, сіріңке, фонарь, тұз бен кір сабын, паштетті… былай қойғанда.

Қорытынды орнына мына хадисті қайталағым келеді: “…Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін” (Хадис.)

Нұрбек БЕКБАУ
namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста