Алақаныңыздағы сызықтар өміріңізден сыр шертеді

Алақаныңыздағы сызықтар өміріңізден сыр шертеді

 Алақаныңыздағы сызықтарға қарап өткеніңіз бен болашағыңызды болжау үндістандықтар мен сығандардан қалған дәстүр. Сол бойынша сіздің алақаныңызда басқаларынан өзгеше негізгі үш сызық болуға тиісті.

Әйел адамның оң қолының сызықтары туа салысымен өзгеріссіз болады. Керісінше сол алақанының сызықтары өмірлік ұстанымдары мен тағдыр тәлейіне орай өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Ал ер адамдарда бұл керісінше. Соған байланысты сіз өзіңіздің туабітті тағдырыңызды білгіңіз келе ме, әлде әрбір күніңіздің қалай өтетінін білгіңіз келе ме, өз таңдауыңызбен оң, сол алақаныңыздың біріне қарайсыз.

Бұл сызықтар жүректен, білімнен, өміріңізден ақпараттар бере алады.

1. Жүрек сызығының анықтамалары: Бұл сызық сана-сезімнің тұрақтылығын, романтикалық қатынастарды және ашушаңдығыңызды байқатады.

А) Сұқ саусақтың тұсынан басталған болса; Махаббатта жолы болған, бақытты адам екеніңізді білдіреді

Ә) Егер сызық ортантеректің тұсынан басталған болса; Романтикалық қатынаста материалист, тіпті кейде өлімге бас тігуге дайын жан.

Б) Егер сызық сұқ саусақ пен ортантеректің ортасынан басталған болса; Әсіреқызылшыл, тез жақсы көріп, тез ұнататын адам.

В) Сызық қысқа, түзу болса; Романикалық қарым-қатынаста тым әлсіз дегенмен төсек қатынасында аса сезімтал жан.

Г) Өмір сызығымен түйіскен болса; Махаббаты тым қысқа адам.

Ғ) Ұзын әрі толқын-толқын болып келсе; Сезімі еркіндікті қалайтын жан.

Д) Түзу, білім сызығымен паралель болса; Көңіл күйінің құбылысын жақсы ұстап тұра алатын адам.

Е) Сызық ортасында шеңбер болатын болса; Депрессияға ұрынған, көңілінде қаяуы бар жан.

Ё) Жүрек сызығын ортасынан бөлген ұсақ-ұсақ сызықтар болса; Көңіл-күйінде, жүрегінде жарасы бар жан.

2. Білім сызығына қарап болжам жасау:

Адамның танымын, интелектуальдық қабылетін, даналығы мен пайымын байқатады. Сонымен қатар, жандүниеңіздің айнасы болар руханият сызығы сіздің қандай нәрсеге, неге қабылетті екеніңізді де танытады.

А) Сызық тым қысқа болса; Дене қимылдарын, физикалық күш жұмсауды жақсы көретін адам.

Ә) Қисық, тікелей түзу емес сызық болса; Шығармашылық адамы.

Б) Өмір сызығынан бөлек тұрса; Шым-шытырық оқиғаларға құштар, шынайы өмір сүргенді қалайтын адам.

В) Толқынды сызық; Қиыншылықтармен ұзақ күресуге шыдамсыз, бір нәрсені көбірек ойлануға төзімі жетпейтін жан.

Г) Терең әрі ұзын сызық; Ойы анық әрі нақты адам екенін білдіреді.

Ғ) Үзік сызық; Сана-сезімнің дұрыс еместігін көрсетеді.

3. Өмір сызығын оқу:

Басбармақты білектен бастап алақанның ішімен сұқ саусақ екі ортасына қарай айналдыра сызылған сызық. Бұл сызық өмірдегі негізгі оқиғаларды, тағдырдың жазуын, денсаулық және өмір жасыңызды анықтайды.

А) Бас бармаққа жақын сызылған болса; Өмірден тым шаршаған адам.

Ә) Жақсы доғалана иілген болса; Күшті адам

Б) Ұзын әрі терең сызық; Ұзақ жасайтын адам

В) Қысқа әрі көмескі сызық; Өзгелерді оңай алдайтын адам.

Г) Жартылай шеңбер тәрізді сызық; Күш қайраты мығым, жүректі жан.

Ғ) Дөңес, алақанның жиегіне жақын сызық; Қарым-қатынас барысында аса сақ, ақылмен араласатын адам.

Д) Өмір сызығы бірнешеу болса; Ұзақ жас жасайтын, тек қана ережемен өмір сүретін жан.

Е) Сызықтың ортасында шеңбер болса; Өмірінде жарақат алған адам

Ё) Өмір сызығында үзік болатын болса; Өмір жолында күтпеген өзгерістер болған жан.


 

Сонымен қатар адамның қолының пошымына қарап оның мінез-құлқын да анықтауға болады.

1. Жер: Төртбұрыштау, былтығыр саусақты, қалың терілі, ортантерегі ұзын адам - ойлау қабілеті терең, кейде қыңыр, жауапкершілігі жоғары және материалист.

2. Ауа: Саусақтары ұзын төртбұрыш пішіндес, алақанның ұзындығы саусақтарының ұзындығына қарағанда қысқа, бас бармағы төмен орналасқан, құрғақ терілі, аяушылық танытарлықтай жағдайдағы саусақтардың иесі - қоғамға жақын, әңгімеге жаны құштар, әлдекімді бассалып тергеп-тексермейтін, кез келген нәрсені кез келген жағдайда жасап көруге құмар жан.

3. Су: Алақаны ұзын әрі сопақ, ұзын, икемді саусақты, алақанының ұзындығы саусақтарының ұзындығымен бірдей болғанымен алақанның ені тар адамдар шығармашыл, тапқыр, жанашыр, эмоцияға берілгіш болғанымен ұялшақ, өз мақсаты бар, кез келген нәрсені үндемей-ақ тындырады.

4. От: Алақанның пішіні төртбұрыш, қызғылт сызықты терілі, қысқа саусақты, алақаны ортантеректен сәл ұзындау адам нағыз былық, оптимист, санасы дәлелді, кейде өзімшіл де бола алатын, албырт, ашық мінезді болып келеді.

Baq.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста