Әлемді құтқарушы 7 жасар қыз...

Әлемді құтқарушы 7 жасар қыз...

Құлақ естімеген ескі заманда бір кішкентай да бақытты ел болыпты. Сол елде Лариса атты жеті жасар қыз, атасы, әжесі, анасы, әкесі, ағасы болып бақытты ғұмыр кешіп жатады. Сол елге бір күні ауру тап болады, адамдар осы аурудың салдарынан шетінен өлімге душар болып жатады. Ларисаның ағасы да осы аурудан қайтыс болады. Лариса ағасының өлгеніне қатты қайғырады. Атасына келіп, жылап тұрып:

- Ата, ағам неден қайтыс болды, сіз үнемі жақсы адамдар көп жасайды деп айтып отырушы едіңіз ғой! Ағам ешкімге, тіпті жердегі қыбырлаған жәндікке де жаманшылық ойламайтын адам еді ғой, - дейді. Сосын атасы:
- Лариса, ағаң сенің өлген жоқ,ол әлі тірі. Әңгіме былай: мен он жасқа толған кезімде елге бір ауру таралды. Сол ауру менің әкеме және осы елдің патшасына да келді. Бұл аурудың иесі - пері қыздар. Патшаға ауру жібергенінің себебі - ол патша елді өте жақсы билейтін, өйткені оның қолында періштелер көктен түсірген сиқырлы кристалл бар еді. Перілер сол кристалды қолға түсіру үшін патшаға ауруды әдейілеп жіберген болатын. Сондағы пері қыздардың мақсаты – жер бетіндегі билікті өз қолдарына алу және періштелерді әлемнен жоқ қылу. Сөйтіп, ауру жіберіп, патшаны да, сенің ағаңды да басқа бір планетаға апарып тастады, - деді.
Мұны естіген Лариса қатты қайғырды. Көп ойланған Лариса ғарыш кемесін жасауды ұйғарды. Мұның бәрі ағасын құтқару үшін жасалған әрекет болатын.
Бір күні түнде әлем шырт ұйқыда жатқанда, ғарыш кемесіне мініп, аспанға ұшып кетті. Ол ең алдымен, Плутон ғаламшарына келді. Ол жақта пері қыздармен айқасты.алдынан көптеген қиыншылықтар кездесті, бірақ Лариса мойымады.Сосын оған пері қыздар келіп:
-Лариса, сен ағанды құтқарғаныңмен, бізді сен ешқашан жеңе алмайсын!- деді.
-Неге?
-Өйткені сенің қолында ешқандай кристалл жоқ.
-Ал кристалдар қайда?
-Біз оны тоғыз бөлікке бөліп тастадық. Оның сегіз бөлігі: Меркурий, Плутон, Нептун, Уран, Марс, Шолпан, Сатурн, Юпитер ғаламшарларында, ал тоғызыншы бөлігі жер астында.
Енді Лариса кристалдарды іздеуге көшті. Ол Меркурий ғаламшарынан кристалдың бірінші бөлігін көп қиындықпен алды. Сөйтіп ғарыш кемесіне мініп, Плутон атмосферасына кіріп бара жатқан жолда өзінің көгершінін Милара, иті мен мысығы Ниваны көрді. Қуанып кеткен Лариса:
-Сендер қайдан жүрсіңдер? - деді. Олар:
-Біз сені осындай қиын жағдайда жалғыз қалдырғымыз келмеді. Кеше түнде сенің ғарыш кемесіне мініп, ұшып бара жатқаныңды көрдік. Саған қауіп төнсе, қасыңнан табылуды жөн көрдік.
-Жарайды,-деп олар Плутон ғаламшарына бірге ұшып келді. Ол жер өте ыстық екен. Ыстығы соншалықты - кристал тұрған жерде от лаулап жанып жатыр. Лариса қатты шөлдесе де, алып келген суын өзі ішпей, өртті сөндіруге жұмсайды. Ол кристалдың екінші бөлігін ала бергенде, қайдан келгені белгісіз, ұсқынсыз, не құс, не аң екені белгісіз бір құбыжықтар қаптап кетті. Құбыжықтармен айқасып, жараланып, соңғы күшін жинап, кристалдың екінші бөлігін қолына түсірді. Қолына түскен кристалдың екеуін қатар қойған кезде, әлгі құбыжықтар өзінен-өзі ғайып болды. Сол сәтте Ларисаға иті:
- Лариса, мына ыстықты қалыпқа құйып алайық. Бір керегімізге жарар, - деді.Лариса да мұны мақұл көрді..
Енді олар Нептун ғаламшарына келді. Ол жер қатты суық екен. Лариса қатты тоңази бастады. Ол шәлісін, қолғабын, тонын киіп алды. Түймесін қадай бергенде, пері қыздар оған тосыннан шабуыл жасады. Лариса бұл жолы пері қыздармен айқасып жатпады, қалыпқа құйылған ыстықтың аз ғана бөлігін беттеріне шашып жіберді. Күйіп қалған пері қыздар сол арада көзден ғайып болды. Сөйтіп Лариса кристалдың үшінші бөлігіне оңай қол жеткізді. Содан кейін ол Марс ғаламшарына келді. Ол жердегі кристал ұшар таудың басында екен. Лариса тауға көтеріліп бара жатып, бірнеше рет сүрінді, бірақ ол шегінбеді.
«Шешінген судан тайынбас» деді, де жүре берді.Сөйтіп көптеген қиыншылықты басынан өткізіп, ол төртінші бөлікті қолына түсірді.
Дәл осындай қиыншылықтармен қайсарлығының арқасында қалған төрт кристалдың бөлігін төрт ғаламшардан іздеп тапты.
Ол енді жер асты әлеміне жол тартты . Межелі жерге барған соң, ол мекеннің тұрғындарына әлемді құтқару үшін келгенін және кристалдың соңғы бөлігінің қайда екенін сұрайды. Олар :
-Ол кристалды алу үшін үш жолдан өту керек. Ол жолдар: бірінші жол - сынған көпір, екінші жол - теңіз жолы, үшінші жол - тышқан қаумалаған жол,-дейді. Олар бірінші жолдан иттің көмегімен өтеді. Ит көпірдің сынық жеріне жатып алады,ал олар үстінен басып өтеді. Ал екінші жолдан көгершіннің көмегімен өтеді. Үшінші жолдан өтуге мысық көмектесті. Мысық тышқандарды асап жеп қояды. Олар кристалдың тоғызыншы бөлігін де періні ояатпай алады. Сөйтіп кристалдың тоғыз бөлігін біртұтас кристалға айналдырды. Сосын жер бетінен перілер жоғалады, онын орнына періштелер келеді.Сөйтіп Лариса ағасын да, халықты да құтқарып алады. Еліне қайтып келді.Лариса келгенде, бәрі қуанып, «Әлемді құтқарушы Лариса» келді деп той жасады.
Бұл оқиға осыдан 100 жыл бұрын болған.
Ларисанын Альмира деген немересі айға барып қайтты деседі. Әрине бұл қиял ғажайып оқиға болғанымен, мен әлемде Лариса сияқты қайсар да, батыл қыздардың бар екеніне сенемін!

proza.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста