Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
сейсенбі, 30.05.2017



Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алматы облысында үй құстары мен ұсақ малдардың қанын соратын құбыжық пайда болды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Тұрғындардың айтуынша, ол қой мен ешкіні тамақтап, тауықтардың қанын сорып кетеді екен. Мыңбаев ауылының қора-қопсысын ылаңдап жүрген қаңғыбас иттер болуы мүмкін. Арыз-шағым көбейген соң жергілікті әкімдік бұралқы иттердің көзін жоюға кірісіпті. Бірақ үй жануарларына шабуыл тиылар емес.


Мыңбаев тұрғындарынан маза кеткелі үш ай. Жұмыртқасын сатып, етін азық қылып отырған үй құстарының өлексесін жинаудан шаршадық дейді олар. Белгісіз хайуандар қаз-үйректі тамақтап, қанын сорып кетеді екен.


Ал Тоқтар апайдың тауығымен қоса сауып отырған ешкілерін де өлтіріп кеткен. Бұл жолы да жыртқыш жемтігінің тек қанын сорып, денесіне тиіспепті.


-Үш лағы тығылып қалыпты. Жәй ешкі емес сауын ешкілер.


-Тамағынан алған, біреуінің емшегін жұлып алыпты.


Тұрғындар бұл қаңғыбас иттер болуы мүмкін дейді. Бірақ, түрлері ерекше көрінеді. Айтуыларынша, көздері қызыл, тұмсықтары үшкір. Олар жақындағанда өзге иттер үрмек түгілі қыңсылдап, үйшіктерінен шықпай қояды екен.


Гүлнар Тарыбаева, Мыңбаев ауылының тұрғыны:


-Осы иттерді ұстап алып кетсе бізге тыныш болар еді. Балаларға шапса не істейміз?


Шошынған халыққа шенеуніктер учаскелік полицей мен мал дәрігеріне барыңдар депті. Ал ветеринар қан соратын ит болмайды деп қарап отыр.


Дәулет Байсұлтанов, мал дәрігері:


-Тауықтардың мойнын бұраған, иттер олай мойын бұрамайды. Ит болса бір бірден алып кету керек.


Ауылдың тауығы мен мен қой-ешкісін қырып бара жатқан ит емес десе де, жергілікті билік бір күнде иесіз жүрген 20 иттің көзін жойған. Бірақ мәселе бұнымен шешілген жоқ. Енді тұрғындар жұмбақ жануарды өз күштерімен анықтап көрмек. Бұл үшін қақпан құрып, түнімен кезектесіп қораны күзетіп жүр.  


ktk.kz




Көрілген: 665    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 17.05.2017, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Мамыр, 10:07
    Құбыжық адам (видео)
    24 Мамыр, 08:44
    Айкезбе
    21 Мамыр, 11:07
    Гипноздың құдіреті
    5 Мамыр, 08:49
    Құбыжық бала
    27 Сәуір, 08:45
    Бала жылаған үй
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз
    24 Ақпан, 09:14
    Сайтан қабір
    23 Ақпан, 09:20
    Жұмбақ ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31