Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды

  • Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды

    Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды

Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылының тұрғындары мектепте жыландар мамандарға шабуыл жасап, мазаларын қашырғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды 31 арна.

Тұрғындар тіпті балаларын мектепке жіберуге қорқып қалған. Ол аздай білім ордасында сәбилерге арналған орталық та бар екен.


Сұмдығы сол, жыландар әр жерден шығып жатыр дейді тұрғындар. Ал кішкентай балаларды мектеп басшылығы бір қабаттан екіншісіне көшіріп әлек.


Ақтүбек орта мектебінің ішіндегі балабақшада жұмыс істейтін Күлмархан Қалиева мен Айнұр Тұрарова жыланның өздеріне шабуыл жасаған сәттерін үреймен еске алады.

Бұл жайттан кейін бірден білім шаңырағының едендерін ашып, жылан мекен ететін жерлерге арнайы аппарат сатып алынып, қазір қосулы тұр.


"Менің екі жасар немерем бар, жататын орнынан жылан шыққан. Көмек сұраймыз бүткіл акимат, бүкіл аудан бәрі біледі жыланның бар екенін. Зовхоз бәрі біледі. Он жыл болды ғой деймін жыланның шыққанына. Оны айтпаңдар, айтсаңдар жұмыстан шығарамыз деген", - дейді Ақтүбек ауылының тұрғыны Гүлбаршын Меделханова.


Тұрғындар мектепте жыланның ордасы бар деп үрейленеді. Ал Ақтүбек орта мектебінде 200-ден астам оқушы мен 40 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оқушылар да мектепте жыланды жиі көретінін айтады. 




Көрілген: 2878    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31