Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алматы тұрғыны мысықтардың басын кесіп, видеоүндеу жариялады

  • © Foto: CC0 / Michal Jarmoluk

    © Foto: CC0 / Michal Jarmoluk

Алматы тұрғыны Роман Чекмарев әлеуметтік желілердің бірінде кесілген мысық бастары және қанға боялған арамен бірге, полицейлер мен жануар қорғаушыларды балағаттап, қоқан-лоққы жасап түсірген видеосын жариялаған.


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған видеода Роман Чекмарев Карина есімді қызға мысықтарға неге бұлай жасағанын түсіндіруге тырысып жатыр. Суреттерде мысықтардың басын кесіп тастағаны көрінеді. Онымен қоймай, ер адам полицейлерді балағаттап, қоқан-лоққы көрсетеді.


Қазір ролик желіде жоқ, автордың өзі жазадан қорқып жойған болса керек. Алайда видеода есімі аталған қыз өлген мысықтарды бағып-күтіп жүргендіктен, аяусыз қанаушыны жазаға тартуды көздеп отыр.


"Осы "маньяк" маған және жануарларыма қоқан-лоққы жасап жүр. Өз парақшасында видеоүндеу жариялап, мысықтарым мен иттерімнің және менің басымды кесіп алатыны туралы мәлімдеген. Осы видеоны көрген жандардан куәгер болуын сұраймын, өйткені бейнежазбаны өзі өшіріп тастапты", — деп жазады Карина Маштакова Facebook парақшасында кесілген мысық бастарының суретін жариялап.


Карина Маштакованың түсіндіруінше, біраз жыл бұрын Роман Чекмаревтің ниетіне байланысты арада кикілжің туындап, енді ол өшін алғысы келіп жүр екен.


Видеоның желіден жойылғанына қарамастан, кей қоғам белсенділері оны көшіріп үлгеріп, полициядан қаныпезер жігітті жазалауды сұрайды.


"Бұл оқиға жануар қорғаушылардың назарына ілікті. Еріктілер Роман Чекмаревтен жауап талап етіп еді, ол тағы да қоқан-лоққымен жасай бастады. ІІМ-нен, бүкіл құқық қорғаушылардан бұл жайтты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Роман Чекмарев кем дегенде ҚР ҚК 316-бабы "Жануарларға зорлық-зомбылық көрсету" бойынша қатаң жазалануы тиіс", — деп жазды қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook парақшасында.


Sputnik


 




Көрілген: 1421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.09.2018, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы
    19 Желтоқсан 2018
    Әулие қыз
    11 Желтоқсан 2018
    Әуеде құстай ұшқан ат
    3 Желтоқсан 2018
    Сайтан қабір
    29 Қараша 2018
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша 2018
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша 2018
    Тарғыл мысық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28