Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алтын ұсынған жын...

  • © assalam.ru

    © assalam.ru

– Сол аяғыңды берсең ат басындай алтын берем – деп сол жақ аяғынан бір құбыжық бас салғанда өзінің айқайынан шошып оянып кетті. Сол аяғы өз еркінен тыс тепсініп жатыр екен, әзер дегенде тоқтатты.




Орнынан тұрып жүрейін десе сол аяғы кері қашады. Қорқа бастады. Досын шақырмақ болып телефонға қанша ұмтылса да жете алмай әбден шаршады. Кеш батты. Бөлме іші қап-қараңғы, шыраққа да жете алмай жатыр. Аштықтан қарны шұрқырып барады.


– Құдайым-ау, не болды саған? Өз аяғым өзіме пәле болдың ғой, – деп өз-өзіне сөйлеп еді, башпайы шұлығының басындағы тесіктен басын қылтитып:


– Ойбай, мені бере көрме… мен өзіңнің аяғыңмын ғой. Оны көтеріп жүре алмаймын..


– Не дейді? Ей, сен қалай сөйлеп жатсың…


– Сенің барлық денең сөйлейді ғой. Тек иеміз өзі сөйлесін деп тыныш жүреміз. Жан қиналғанда бізде сөйлейміз. Әсте оған бере көрмеші. Аман болсам, әлі-ақ атбасындай алтынның қаншасын тауып берем…


– Ол кім?..


– Кімі несі, не десеңші…


Есік шықыр етіп ашылып еді, сол аяғы ойбай салып төсектің астына қарай қашты.


Тура түсінде көрген құбыжық қолына жарқыратып, атбасындай саф алтын көтеріп алыпты. Бір аяғы ғана бар, сүйретіліп әзер жетті. Жаны алқымына тығылған жігіт бейберекет шыңғыра бастап еді, анау:


– Жетер, дауысың неткен ащы еді. Қорықпа мен жан алғыш емеспін.


– Кімсің онда?


– Жынмын.


– Менен саған не керек?


– Аяғың керек.


– Бермесем ше?


– Өз еркің, мен тегін алайын деп тұрғам жоқ құнын берем.


Осы кезде:


– Жоқ берме!.. берме… – деп аяғы шырқырап қоя берді.


– Жап аузыңды!.. оны иең өзі біледі, – жын зекіп тастап еді аяғы үнсіз қалды.


– Өз аяғың қайда?


– Жарайды, асықпай айтайын, тыңда. Біз де сендер сықылды жер бетін мекендеушілерміз. Бізде де сендердікі сықылды өркениет бар, әуелі сендерден әлде қайда жоғары. Біз сендер құсап мал-мүлік жимаймыз. Өміріміздің де, байлығымыздың да өлшемі осы атбасындай алтын. Ғұмыр бойы осыны көтеріп жүреміз. Бізде де бақыттылар мен сормаңдайлар бар. Мен сол сормаңдайдың бірімін. Біз туыла сала әр-біріміздің меншігімізде осындай алтын болады. Тек менде болған жоқ, алтынсыз ғұмыр ғұмыр емес – азап. Сол азапқа шыдай алмай сол аяғымды осы алтынға айырбастағам. Ал енді алтыным бар, бірақ алтынды көтеріп жүретін аяғым жоқ. Аяқсыз алтынның қажеті жоқ екен. Одан да аяғың болса, алтынсыз сормаңдай болып ақ өмір сүруге болады. Ал сендер алтын болса аяқсыз-ақ ғұмыр кеше бересіңдер…


– Жо, жоқ бәрібір аяғымды бермеймін.


– Тыңда, өз еркің. Екі аяқ емес, төрт аяғың болса да ғұмырыңда мұншама байлық жинай алмайсың. Басқа айтарым жоқ. Алтынды саған қалдырып кетем. Ертең кешке келем, жақсылап ойлан. Сен алмасаң алатын біреу шығады… жын осыны айтты да алтынды қалдырып, өзі сүйретілген қалпы шығып кетті.


– Мені бермейтін шығарсың?!– деді башпайы жыламсырап.


– Жап аузыңды… Өзім білем… Бейбастық еткен аяқты зекіп тастап алтынды ұстап көрді. Орнынан жылжыта алар емес, зіл батпан.


«Шынымен, орнымнан қыбыр етпей жатсам да, мұншама алтынның құны маған өлгенше жетер» деп ойлады. Бірақ аяғына айтқан жоқ. Төсекке шығып шалқалап жатып қиялға кетті. Сарай салдырсам, жоқ дайын үй сатып ала салам. Әйел алсам, бір, екі, жоқ көп әйел алсам… шырын қиялға беріліп жатып ұйықтап кетті. Ол ұйқыға кете башпай:


– Жүрек-ау, жүрек, ең әділетті сенсің ғой, мені сатпайтын шығар, – деп еді, ұзақ үнсіз жатқан жүрек:


– Шынын айтсам саған жаным ашып тұр… – деді.


– Не істесем болады? – деп башпай еңіреп жылап жіберді.


– Сыңарым, осыны бір өзім-ақ алып жүрейін, қаш сен… – деді оң аяқ.


– Сыңарыңның тілін ал, – деді жүрек.


Денеден ептеп суырылып шыққан сол аяқ ашық терезеден сыртқа бірақ секірді.




(Тақырыбы өзгертілген. Өз тақырыбы - «Қашқын»)


Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 2361    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 11:17
    Әуеде құстай ұшқан ат
    5 Желтоқсан, 10:54
    Тірідей жерленген кейуана
    3 Желтоқсан, 10:56
    Сайтан қабір
    29 Қараша, 10:53
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31