Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Арамызда вампирлердің жүргені рас па?

  • Сурет ғалатордан

    Сурет ғалатордан

«Елу жылда - ел жаңа!», - дейді қазақ. Өткен ғасырда әлем халықтары арасында СПИД жайы жиі сөз болса, осы күні вампирлер жайы, яки адамның қанын тікелей мағынада ішетіндер туралы жиі айтылып, жиі көрсетілетін болып жүр. Қазақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», дейтіні тағы бар. Бұл дегеніңіз өмірде вампирлердің бар екенін айғақтаса керек. Оған дәлел де жоқ емес.


Ғалымдардың айтуынша, кейбір адамдар өзінің вампир екенін білмей де қалуы мүмкін екен. Ал өзіңіздің вампирсіз бе, әлде оған еш қатысыңыз жоқ екенін мына белгілерден білуге болады екен. Бірінші. Вампирлердің күре тісі жай адамдардікіне қарағанда әлде қайда ұзын, әрі өткір болғанымен тістің ондай "ерекшелігі" айнадан көрінбейді. Бірақ кейбір вампирлер өздерінің тісі басқалардікінен ерекше екенін сезеді, біледі. Екінші. Вампир адам күн сәулесінен қатты қорқады. Үшінші. Бойында вампирдің белгісі бар адам чеснокты (қытай пияз) жемек түгілі иісінен ұшынып қалады екен.


Өмірге вампир болып келу өте сирек кездесетін ауру дейді ғалымдар. Олардың сөзіне сенсек, адамның қанын көрген бойда аузынан сілекейі шұбырып, қанның дәміне тояттамайтындар жер бетіндегі әрбір 200 мың адамның арасынан кездестіруге болады екен. Вампирлердің алғаш пайда болуына орта ғасырларда Еуропа елдерінде тұрған кейбір монахтар мен аристократтардың ұл-қыздарын бөтендерге бермеу, алысқа жібермеу, қоспау мақсатында жақын туыстарына үйлендіре салуы себеп болған. Ал бұл "дәстүр" уақыт өте келе жақындарына қосылғандар арасында порфирия ауруының таралуына жол ашқан.


Күре тіс.


Айта кетерлігі вампирлердің күре тістері қайратты болатыны қан айналымы дұрыс болмағандықтан ауыздары кеберсіп, құрғаса, ал терісі бозарады, көздің айналасы солғын тартып қызаратындықтан тіс те автоматты түрде қатая түседі екен.


Айна


Вампирліктің екінші белгісі айна тікелей қатысы бар. Ғалымдардың айтуынша, порфирия ауруына шалдыққан адам айнаға қарай алмайды, өздерін айнадан көруге күш-жігері жетпейді. Және ондай адамдар үйлеріндегі айнаның бетін матамен болмаса қағазбен желімдеп тастайды.


Күн сәулесіне сезімталдық.


Вампирдің денесі күн сәулесі тиген бойда қызарып, күйіп, соңында көлдіреп ісіп кететіні бар. Ондай адамның көздері де күнге қарауға шыдас бермейді. Олар күнге екі секундтан артық қараса көздері жасаурап, аши түседі.


Қанға құмарлық


Порфирия ауруына шалдыққандың гемоглобині жай адамдардікіне қарағанда екі есеге дейін төмен болатындықтан олардың кісі қанын ішуге үнемі аңсары ауып тұрады. Одан бөлек вампирлердің бет терісі жыл он екі ай құрғап тұратындықтан жарылып, қансырап тұрады. Орта ғасырлардың дәрігерлері бұл ауруға ем таппағандықтан порфирия ауруымен ауыратындарға адам қанын жүйелі түрде ішіп тұруға кеңес берген. Олар бұл аурудан сауықтырудың басқа жолын таба алмаған.


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1092    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.01.2019, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31