Айдың құпиясы жайлы білесіз бе...

Айдың құпиясы жайлы білесіз бе...

Адамзат қанша сырын аштық, бетіне қондық деп жаһанға жар салғанымен, Айдың құпиясы әлі күнге толық ашылған жоқ. Саналы тіршілік иелері ары кетсе Айдың қыр-сырын 10 пайызға ғана меңгерген болар. Жер серігі деп саналатын бұл ғаламшардың 90 пайызы әлі күнге құпияға толы. Ғалымдар арасында «Ай ешқандай табиғи емес, жасанды ғаламшар» деген пікір көп. Мысалға мына бір бұлтартпас айғақты алға тартады. 1969-1972 жылдар арасында АҚШ Айды зерттеу үшін «Аполлон» бағдарламасын жасады. Осы аттас ғарыш кемелері бірінен кейін бірі Айға жолға шықты.

1969 жылдың 20 қарашасы күні 4 сағат 15 минутта «Аполлон –12» ғарыш кемесінен бөлініп, Айдың бетіне қонған ұшу аппараты тежегіш тетіктің кінәратынан қатты соғылды. Осы соққыдан кейін Айдан қоңырауға ұқсас дыбыс шығып, тербеліс байқалған. Кабинада орнатылған сейсмометрдің есептеуінше тербеліс 55 минутқа созылған. Бұл жағдай ғалымдарды таңғалдырған. «Бұл не қылған дыбыс Қайдан шықты, ненің белгісі» деген сан қилы сауал алдынан шыққан соң, АҚШ-тың ғарыш мамандары тағы бір сынақ жасауға бел буған. Ол – «Сатурн – 4» зымыранның орбитада қалдырылған бөлшегін Айға жеткізіп, қатты жылдамдықпен соқтықтыру еді. Зымыран қалдығы секундына 2,5 шақырым жылдамдықпен Айға соғылды. Не болды дейсіз ғой. Сейсмометрдің есептеуінше айдан шыққан қоңырауға ұқсас дыбыс 3 сағат 20 минутқа созылды. Осыдан кейін-ақ ғарышты зерттеп жүрген көптеген ғалымдар «ай табиғи ғаламшар емес, қолдан жасалған. Жасанды дүние» деген шешімге келген. Олардың пікірінше, ай өте берік титаннан жасалған қаңқадан тұрады. Оның қалыңдығы 4000-5000 мың метр, бәлкім одан да қалың болуы мүмкін. Ортасы қуыс. Мүмкін онда бізге белгісіз тіршілік иелері өмір сүріп жатуы ықтимал. Ал титаннан жасалған қаңқа метеорит, комета секілді аспан денелері соғылған кезде, қорғап тұрар қалқан ретінде жасалған. Өйткені айдың бетіндегі көлемі 150-200 шақырым болатын кратерлердің тереңдігі небәрі 3-4 шақырымнан аспайды. Негізінде ондай көлемдегі кратерлердің тереңдігі кем дегенде 40-50 шақырым болуы тиіс. Демек, титан қаңқа ауыр соққылардан Айды қорғап тұр. Тіпті ғалымдар арасында Ай аса дамыған белгісіз тіршілік иелерінің ғарыш кемесі не болмаса жұлдызаралық сапар кезінде тоқтап өтетін ғарыштық стансасы болуы мүмкін» деген де әңгіме бар.

Бұған тағы бір нақты дәлел ретінде ғарышкер Нил Армстронгтың мына бір сөзін алға тартады. Сонымен... 1969 жылы 20 шілдеде «Аполлон –1» ғарыш кемесі тұңғыш рет айға қонды. Адамзаттың тарихында ерекше орын алатын ұлы оқиғаны әлемнің жарты миллиард халқы теледидар арқылы көрді. Кеме сатысы арқылы төмен түсіп, айдың бетіне алғаш қадам басқан ғарышкер Нил Олден Армстронг еді. Одан кейін өзге ғаламшарға табан тіреген экипаждың екінші мүшесі – Эдвин Альдрин. Ал үшінші ғарышкер Майкл Коллинз кемеде қалды. Айдың бетіне АҚШ туын қадап, лунаходпен шарлап, 22 келі топырақ алған олар кері оралды...

Кенет теледидар қарап отырған жұртқа Нил Армстронгтың дауысы бұзылып, аса бір қобалжып, қорқа сөйлегені естілген «Бұл не Құдай-ау, мен нені көріп тұрмын Сұмдық-ай, мұндайда болады екен-ау». Жерде байланыста отырған ғалымдар «Не дейсің Не болды, тез жауап бер» деген дауысына, Нил Армстронг «Мен өзім де түсінбей тұрмын. Мұнда керемет үлкен ғарыш кемесі тоқтап тұр. Сұмдық үлкен. Олар кратердің арғы бетіне тоқтап, бізді бақылап тұр» деген үрейлі дауыспен. Екі арада ғарышпен байланыс екі-үш минутқа үзіліп кетіпті. Сол арада не болды. Белгісіз. Тек өмірінің соңғы жылдары ғана белгілі ғарышкер Айда жат саналы тіршілік иелерімен жолығысып қалғанын кейбір орталарда айтқан көрінеді...

Расында, айда тіршілік бар ма Шетел зерттеушілерінің келтірген дәйектеріне қарасақ, айды зерттеу барысында АҚШ ғарышкерлері

140-150 мың түрлі құпия сурет түсірген. Бірақ олар өте құпия жағдайда сақтаулы көрінеді. Мәселен, НАСА-ның құпия суреттерін көруге мүмкіндік алған Джордж Леонард өз жазбаларында айда белгісіз тіршілік иелері бар екенін келтірген. «Түрлі құрылыстар, нысандар салынуда. Пирамидаға ұқсас ғимараттар, мұнаралар бар. Белгісіз тіршілік иелері айдағы пайдалы қазбаларға зерттеулер жүргізіп жатқан секілді» дейді Джордж Леонард. Өйткені суреттердегі көріністер соны бейнелейтін секілді. Америкалық уфолог Фред Стеклинг өзінің кітабында «Бұған дейін бізге айдың бетінде тіршілік жоқ деп түсіндіріп келді. Шын мәнінде басқаша. Ол жерде технологиялық дамуда адамзатты артқа тастап кеткен өркениет иелері бар» дейді және нақты деректерді алға тартады. Тіпті 1970 жылы телескоп арқылы ұзындығы 22 шақырым, көлденеңі 5 шақырым болатын сигарға ұқсаған белгісіз үш нысанды көрген. Олар ай бетінде бірнеше сағат болып, белгісіз қиырға ұшып кеткен. Жапон астрономы телескоп арқылы айдың бетінен ұзындығы 20 шақырым болатын ұшатын нысандарды байқаған... Демек, Күн жүйесін белгісіз тіршілік иелері өз пайдаларына жаратуға ұмтылып жатқанға ұқсайды...

Бір қызығы, сыртқа құпиясын аша бермейтін АҚШ ғарышты зерттеу орталығы (НАСА) өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында, соңғы төрт жүз жылда Ай бетінде орын алған 579 аномальды құбылыстың тізімін жасаған. Онда жарқыраған шамы бар, қозғалып бара жатқан нысандардың, ұшу алаңдарының, жойқын ұралардың, түр-түсі үнемі өзгеріп тұратын ірі күмбездердің, алып пирамидалардың кескіндері келтірілген. Осыған қарап ғарыш мамандарының көпшілігі Айда біз білмейтін тіршілік бар дегенді айтады. Тіпті айдың жердегілерге үнемі бір қырынан көрінетіндігінде де бір сыр жатуы әбден мүмкін.

Айдың арғы бетінде не бар Бәлкім өзге ғаламшардан келген дамыған саналы тіршілік иелері сол жерде отырып, Жердегі тіршілікке бақылау жасауы да мүмкін. Мұны да ғалымдар жоққа шығармайды. Сонау өткен ғасырдың 60-жылдары Кеңес елінің ғалымдары Михаил Васин мен Александр Щербаков Айдың жасанды дене екені жөнінде бұлжымас 8 болжам айтқан. Онда да ғалымдар Ай негізінен титаннан тұратын, белгісіз тіршілік иелері, белгілі бір мақсат үшін қолдан құрастырғаны жөнінде айтылған. Жалпы, Айға байланысты қойылар сұрақ көп. Соның бірнешеуі мынадай

1. Ай өз осін айналғанда неге үнемі жерге бір қырымен ғана көрінеді

2. Ай неге жылына Жерден 4 см алыстайды

3. Ай суық дене болатын болса, онда бетінде ірі лава көлі қалай пайда болған

4. «Ай көлдерінің» 80 пайызы неге айдың көрінбейтін бетіне орналасқан

5. Ай бетінде жиі болып тұратын жарқыл, көлеңке, бұлыңғырлық немесе ғажайып шұғыла қалай пайда болуда

6. Жер серіктері суретке түсіріп алған, Айдың жоғарғы бетіндегі қолдан тұрғызылған секілді ғимараттарды, мұнаралар мен күмбездерді сондай-ақ пирамидаларды кім қалаған

7. АҚШ ғарышкерлері айдың бетіндегі магниттік белдікті зерттесін деп тастап кеткен аппарат неге ұзақ жыл жұмыс істеді

8. Аппараттағы ток беру тетігінің мүмкіндігі 1 жылға ғана есептелген емес пе еді Ұзақ уақыт энергияны қайдан алды

9. Неге айдан қоңырау үніне ұқсас дыбыс шығып тұрады

10. Ай бетіне тұңғыш рет қадам басқан АҚШ ғарышкері Нил Армстронг өзге ғарыш кемесін көргенін неге НАСА осы уақытқа дейін құпия сақтады

11. НАСА суретке түсірген айдың бетінде жатқан сигара секілді сопақ белгісіз ұшу нысаны қайда кетті

12. Неге ерте заман жылнамаларында немесе карталарында өзге ғаламшарлар белгіленсе де, Ай көрсетілмеген Неге ықылым заманнан жеткен аңыздарда 13 мың жыл бұрын болған топан судан кейін ғана Ай пайда болды деп айтылады ...Айға байланысты сұрақ көп. Бірақ нақты жауап аз. Ай өз құпиясын әзірге ашар емес.

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста