Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әйелдің ішіндегі 1945 жастағы жынмен сөйлестім... (видео)

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Берік Ерболатұлы түсінде Мұхаммед пайғамбар аян беріп, бақсылық жолға түскенін айтады. Медицина емін таба алмаған ауыр дертінен айыққан ол 2012 жылдан бері адам емдеп келеді.


Түсінде пайғамбар аян беріп, емшілік жолмен жүру керек деп ескерткелі бері Берік Ерболатұлы күнде түске дейін кісі қарап келеді. Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны ем үшін бірде-бір дәрілік шөп немесе медициналық препараттарды қолданбайтынымен ерекшеленеді. Дертіне дауа іздеп келген адамдарды аспаптардың көмегімен емдейді. Емшілік еткен төрт жылдың ішінде талай адамды ауруынан құлан-таза айықтырғанын айтады.

"Бұрын бес жыл бойы қатты ауырдым, денсаулығым болмады. Өзбекстанға барып жүрегіме ота да жасаттым. Аяқ-қолым істемей біраз жаттым. Дәрігерлер ешқандай диагноз қоя алмады. Түсімде пайғамбарды көрдім. Ол кісі қанаты бар ақ атпен келіп, ақ батасын берді. Сол күннен бастап неше түрлі аян көре бастадым. Осы жолға түсуің керек деп аян келе бастағаннан кейін Құран оқып, денсаулығым жақсара бастады", — деді Жылға ауылының тұрғыны "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтылды.



Берік Ерболатұлы медицина колледжінде білім алып, кейін ауылдағы ауруханаға жұмысқа тұрады. Араға біраз уақыт салып жұмысынан шығып, үйде адам емдейді. Бастапқыда бір-екі адам келген. Кейін емшілік қасиеті туралы көптеген адам естіп, келушілердің қатары көбейеді.


Емшінің нағашы жағынан арғы аталарында елге танылған бақсылар болған. Ал өз аталары қамшы мен қасиетті Құранды қолға ұстаған құрметті кісілер дейді. Келушілердің ішінде ауылдастарынан бөлек, алыс-жақын шетелдің азаматтары да бар. Ал жете алмағандарын суретіне қарап, қашықтықтан емдейтін қасиетке ие екен.


"Осы уақытқа дейін жасы ең үлкен 1945 жастағы жынмен сөйлестім. Ол бір күйеуі бар келіншектің ішіне кіріп кеткен екен. Әлгі келіншек тоқтамай ауырып, өзінің ата-енесіне пышақ алып жүгіреді. Бірде басылып, жын шығады, сосын қайтадан кіріп кетеді. Көптеген имам-молдаға барған екен. Кейде жынды шығара алмайтын кездер болған. Бірақ бұл жынды мен шығардым", — дейді ол.


Айтуынша, келіншек босана салысымен қырық күндей өзін жылы ұстамай, түнде әжетханаға жалаңаш шығып кеткен. Жын осы кезде кіріпті-мыс. Сондай-ақ, ол жынның қанның иісін ұнатып, әйелдің денесінде қалуды жөн көргенін айтып өтті. Емші жыннан арылу үшін қобызды пайдаландым деп отыр.


Берік Ерболатұлы туралы естіген қариялардың бірі емшінің сөзіне сенетінін айтса, екіншілері мұны өтірікке балады.


Sputnik 




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31