Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 24.04.2017



Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әйелін о дүниеге алып кеткен ерінің әруағы (Дәрігердің әңгімесі)

  • © InMyWay.org

    © InMyWay.org

Бірде хирургия бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілген, жас шамасы 45-50-лердегі ер адам түсті. Мазасы болмай, жол жөнекей ұшақтан түсіріп алған екен.


Науқасты тексеріп қарағанымда денесі сарғайып, қисық қабырға астынан бауырдың 10 сантиметрге ұлғайғаны, қатайғаны байқалды. Ультрадыбыстық тексеру бұл болжамды растады. Аппарат асқазанда қатерлі ісік бар екенін көрсетті. Дер кезінде ем алмағаны, қатерлі ісіктің соңғы сатыға жеткені көрініп-ақ тұр еді. Қатерлі ісіктің соңғы сатысы болған соң онкологтар науқасты қабылдаудан бас тартты.


«Неге осы уақытқа дейін ем алмадыңыз?» деген сұрағыма науқас: «науқастанғанымды білдім, бірақ емделуге уақыт болмады» деп жауап қатты. Айтуынша, жекеменшік ірі құрылыс компаниясының директоры, жас әйеліне әлемнің түкпір-түкпірін көрсетуге уәде еткен. Жас әйелдің көңілін табу үшін тынбай еңбек етіп, демалыс бола қалса, шет елге асып қыдыруды әдетке айналдырған. Жас әйелінің көңілін жықпайын деп емделуді үнемі кейінге шегеріп келген екен. Бұл жолы да әйелінің көңілін жықпай, емді кейінге қалдырып, Парижге бара жатқан жолда денсаулығы сыр беріп, ұшақтан түсіріп алған.


Науқастың жақсарып кетуінен ешқандай да үміт жоқ еді. Қайта бауыр мен бүйректің жұмысы нашарлап бара жатты. Науқасты өте ауыр халде өлім аузында жатқандарға арналған екі кісілік бөлмеге орналастырдық.


Ол науқас менің қарауымда болды. Ем жасай бастадық. «Ем жасадық» дегеннен гөрі «ауруын азайтуға күш салдық» деген дұрыс болар. Өйткені, оған енді ем дарымайтын еді.


Ол ақшаны аяған жоқ. Қажетті қымбат дәрілердің бәрін алдырды. Сәл есін жиды, бірақ бұл оның өмірінің соңғы сәттері еді.


Науқастың әңгімесінен білгенім, оның бірнеше үйі, пәтері бар. Қазақстанның бірнеше аймағында фирмасының филиалдары жұмыс істеп жатыр. Жас әйелге үйленгеніне көп болмаған. Әйелін өте жақсы көреді. Науқастанғанын да кеш білген. Бірақ емделуге уақыты жетпеген. Өйткені, қайсы бір әнде айтылғандай, әйелге бәрі қажет - жеке үй, жеке машина, шуба, бриллиант, Париж, Дубай...


Әдеттегідей, науқастың әйелімен сөйлестім. Әдеміше келген, өз-өзін ерекше күтетіні көрініп тұр. Жап-жас екен. Қол мен құлақ бриллиантпен көмкерілген. Әйеліне күйеуінің жағдайын айттым. Сағаты санаулы екенін де ескерттім. Бірақ әйелдің жүзінен қайғының табы байқалмады. Әдетте науқастың туыстарына ондай жағдайды хабарлағанда төбесінен су құйғандай қатып қалып, кейіннен іштегі бар эмоциясын бірақ ақтарып, жылап-сықтап жататын. Бұл жолы мүлде бөлек көріністің куәсі болдым.


Санаулы сағаттары қалғанын білген науқас заңгер шақырып, бар дүние-мүлкін әйелінің атына аударды. Оның әйелінен басқа ешкімі жоқ екен. Дүние-мүлкін әйелінің атына аударған соң, науқас комаға түсті. Арасында бір-екі сағат есін жияды.


Бар дүние-мүлікті өз атына аударып алған соң әйелі мүлде жоқ болып кетті. Жоқ, арасында телефон арқылы хабарласып, «әлі өлген жоқ па?» деп сұрап отырды. Бірақ, содан кейін ауруханаға аттап басқан жоқ. Бұл бір өте аянышты жағдай еді.


Комадан шығып, бір сәтке есін жиғанда науқас меннен де, палатаға кірген медбикеден де, санитаркадан да үнемі «әйелімді шақырыңдаршы» деп өтінумен болды. Әйеліне телефон арқылы хабарласып, ең болмағанда 10-15 минутқа келіп -кетуін сұрадым. Бірақ, бәрі бекер еді. Ал науқас болса, «әйелімді неге кіргізбейсіңдер?» деп бізге өкпе айтып, ашуланумен болды.


Науқастың соңғы демі таусыла бастады.


Сағат 10:00, науқастың жүрегі тоқтап, тыныс алудан қалды. Мұндай жағдайда реанимация жасалмайды. Сондықтан мен және анестезиолог дәрігер бірге қарап, 10 минут күттік. Жүрек соғысы, тыныс алу, қан қысымы анықталмады. «Өлді» деген қортынды жасалып, науқастың ауру тарихына жазылды. Екі сағаттан соң арнайы орынға алып кетуі тиіс. Сондықтан мүрденің бетін ақ шүберекпен жауып, палатада қалдырдық.


Сағат 10:50. Есі шыққан кезеші медбике аптығын баса алмай жүгіріп келді. «Науқас көзін ашып, үстіндегі ақ шүберекті лақтырып тастады. Әйелін шақырып жатыр» деді. Бәріміз палатаға қарай жүгірдік. Қан қысымы төмен, жүрек соғысы әлсіз, дегенмен есін біліп жатыр. Абырой болғанда палатадағы жасанды демалдыру аппаратын алып кетпеген екен. Науқас әйелін шақыруды өтінді. Мен тағы да әйеліне хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, келуін сұрадым. «Қазір барам» деген жауап алдым.


Сағат 11:30. Тыныс алуы, жүрек соғуы тоқтады. Бөлім меңгерушісі, анестезиолог және мен науқасты қайта қарадық. Аппараттардың да еш көмегі болмады. Барлығы да нөлді көрсетіп тұр. «Өлді» деген қортынды жасалды. Бірақ науқастың ауру тарихына ештеңе жазбадық. Бұрынғы жазылған қортындыны да жыртып алып тастадық. Екі сағат күтеміз...


Сағат 12:00. Науқас тағы есін жиды. Тағы да әйелін шақыруды сұрады. Барлығымыз аң-таңбыз... Тағы да әйеліне хабарластық. Бөлім меңгерушісімен бірге ауруханаға келуін жалынып сұрадық. Тағы да – қазір барам... Күттік... Жоқ...


Сағат 13:00. Науқас тағы қайтыс болды. Тағы да дәрігерлер жиналып, «өлді» деген қортынды жасадық. Анестезиологтар таныс профессорларға хабарласып, «тәжірибеде осындай жағдайға кез болған маман бар ма?» деп сұрап жатты. Біз хирургтер «науқасты реанимацияға алыңдар немесе мына жағдайға түсінік беріңдер» деп оларды жағадан алып жатырмыз.


Сағат 14:00. Науқасқа тағы да жан біте бастады. Аппараттар тіршілік нысаны пайда болғанын көрсетті. Науқас тағы да әйелін шақыруды сұрады. Тағы да телефон соғып, аузыма келгенді айтып, ит-терісін басына қаптадым. «Ең болмаса менің үстімнен шағымдануға келетін шығар, сол кезде күйеуіне бір көрініп кетер» деп ойладым. Аздаған үнсіздіктен кейін, тағы да - қазір барам...


Мына әйелдің қылығы бәріміздің ашу-ызымызды тудырды. Науқасты аядық. Медбикелер теріс айналып жылап жүр. Тек Вера әжей ғана науқастың қасында, қолын сипап, «сәл шыда қарағым, қазір әйелің де келеді» деп отырды.


Сағат 15:20. Науқас қайтыс болды.


16:40. Тірілді... Әйелін шақырды... Бірақ бұл жолы ешқайда хабарласқан жоқпыз... Айтпаса да түсінікті...


17:20. Өлді...


18:00. Тірілді... Бұл жолы әйелін шақырмады. Тек айналасын көзімен сүзіп шықты. Қасында Вера әжей екеуміз ғана қалдық. Өйткені мына көрініске әркімнің дәті шыдас бермейтін еді. Вера әжей анасының соғыс кезінде осындай жайдың куәсі болғанын айтты. Сол кезде жас жауынгер бір тәулік бойы бірнеше мәрте өліп, қайты тіріліп, анасын шақырумен болған екен.


19:20. Науқас тағы да қайтыс болды. Тек бұл жолы жан тәсіілім етер алдында «келмеді» деген бір ауыз сөзді айтып барып көз жұмды.


Тағы да екі сағат күттік. Науқастың денесінде өлген адамға тән дақтар пайда бола бастады. Науқас қайтыс болды.


Ғажап, неткен сүйіспеншілік! Тоғыз сағат бойы ажалмен арпалысып, сүйген адамын бір рет көру үшін о дүниеден бірнеше мәрте кері қайтты. Ал сол сүйген адамының иттігін айтып жеткізуге сөзім жетпейді.


Әйел ертеңінде, күйеуінің алтын бұйымдарын алып кету үшін келді. Алтын бұйымдарды беріп жатып Вера әжей оның құлағына сыбырлады. Әйелдің өңі бозарып, ауруханадан қашып шықты. Қанша сұрасам да Вера әжей әйелге не дегенін айтпай қойды.


Арада жарты жыл өтті. Гинекологтар жалпыауруханалық конференцияда пойызда қатты ауырып, біздің қаланың стансасында түсіріп алынып, шұғыл түрде біздің ауруханаға жеткізілген ауыр науқас жайлы айтты. Жатыр ісігіне шалдыққан. Қан тоқтамай жатқан көрінеді. Мен хирург болғандықтан «ол гинекологтардың проблемасы, оның бізге қатысы шамалы» деп аса мән бергем жоқ.


Түс ауа Вер әжей келіп, «оған ол дәл осы ауруханадан сені өзімен алып кетеді» деп айтқаным дәл келді деді. Алғашында Вера әжейдің не айтып отырғанын ұққам жоқ. Сөйтсем, гинекологияда қан тоқтамай жатқан науқас сол баяғы күйеуіне бір келуге жарамаған жексұрын әйел екен. Сол кезде Вера әжей оған «ол сені шын сүйеді екен. Ал сен адам секілді қоштаспадың, ол сені соңғы демі қалғанға шейін күтті. Енді ол дәл осы ауруханадан сені өзімен бірге алып кетеді» деген екен.


(Мақала орыс тілінен аударылған)


© alashainasy.kz

 




Көрілген: 1275    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.02.2017, 09:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз
    24 Ақпан, 09:14
    Сайтан қабір
    23 Ақпан, 09:20
    Жұмбақ ауыл
    17 Ақпан, 09:57
    Үш жасар көріпкел
    13 Ақпан, 09:53
    Мәйітханадағы түн
    17 Қаңтар, 09:39
    Балшы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30