Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Айнада көрінген шайтан

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Бала кезім. Бейберекет тіршілік жайлы түсінік жоқ бейқам балалық қой баяғы. Бесіншіні тәмамдап алтыншыға көшер жылы жазда болды бұл уақиға. Шілденің шіліңгірі кеш түсе саябырсып үйдегілер қонақшылап ауылдың арғы басындағы нағашыларға кететін болды. Мен қалам деп шештім.


Себебі, әкеме еліктеп газетқұмарлыққа берілген кезім. Маған қызығы біздің Оңтүстікте қаптап шығатын коммерциялық баспасөздер. Соның ішінде жастанып оқитыным «Тылсым дүние». Аяқсыз газетімді тауысқанша кеп қалар дегем әке-шешемді. Оқып отырып тосын әрі өзіме тәп-тәуір қызығушылық тудырған мақалаға тап болдым. Онда, егер қандай да бір мақсатта сайтан шақырғың келсе қараңғы бөлмеде шам жарығымен айна алдында шашыңды тарасаң ол ғайыптан саған көрінетіні жайында жазылған. Әрі қарай тақырып аясында бір шулы оқиға баяндалып жатқан... кенет электр жарығы сөніп қалмасы бар ма?! Оқиғаның аяғын оқып бітпей тыншымайтын мен кіреберіс бөлмедегі советтен қалған шишалы шамды тұтатып бастапқы отқан бөлмеме аяңдап келе жатқам. Қызықтың көкесі осы тұста болды...


Қыздармен хат алысып ересектерше шаш қоя бастаған шақ қой. Кіреберіс бөлмеде қабырғалық айна, оның алдында тарақ міндетті түрде тұратын. Әрі кіріп-шыққан сайын шаш тарау күндегі әдетке айналған. Шартты рефлекс деген құрғырың рас екен. Қапелімде ешқандай секемсіз қолымдағы шам жарығымен айна алдына бардым да шаш тарай бастадым. Кенет әлгінде ғана оқығаным ойыма сап ете қалсын. Қараңғы бөлме... қолымдағы шам жарығы... айна алдында шашын тарап тұрған мен... Арт жағымнан елес сұлба ағараңдай бастады. Әжем үйреткен азды-көпті кәлима білетінмін. Тіл келсейші! Сіресіп қаттым да қалдым. Сайтан ба, әлде, басқа тылсым күш иесі ма екен дөп басып айта алмаспын. Бірақ, кейін сол бейнені корқынышты көркемфильмдерден анық ұшыратқам. Тіпті соның өзі қайта келгендей шошығаным бар. Қимыл байқалады, маған таяп келе жатқандай. Дәп сол тұста сіресіп қозғалыссыз қалған қолымнан шам жерге құлап қирап қалсын. Тұра жүгірдім сыртқа. Сол жүгіргеннен шақырымға жуық трассадан бір-ақ шықтым. Адамдар жүр екен. Аула жұмыстарын жалданып жасайтын дяд Коляны ұшыраттым да қасына жайғастым. Сұп-сұр боп кеткен келбетіме бір қарады да:


- Что случилась? – деді.


Орысшалап айтып түсіндіре алмасымды ұға қойдым да «не нада» дей салдым. Арағын сіміріп отқан дяд Коля жалба-жалба шашымен айнадағы сұлбаға ұқсаумен тағы да есімнен тандырды.


Ертесі әжем қолымнан жетелеген бойда «Тәуіп қатын» аталып кеткен Күлбике шешеге алып барып дем салдырды. Шешей:


- Пері ғой, балаларды арбаушы жасы екі жүз елулер шамасындағы жас пері. Ештеме етпес, дем салдым. Ендігәрі ондай гәзіт оқушы болма, - деп шығарып салды. Ал, әжем жиюлы газеттердің барлығын алды да отқа өртеді.


Түсіме кіріп әлі күнге мазалайтын шешей айтқан періге кейіннен үйреніп те кеттім. Кәлимамды үш қайтара оқып ұйқыға аттанам. Ол айна алдынан үнемі көз тастап қарайды да тұрады...




Жантөре Әнуарбеков,


alashainasy.kz/


 




Көрілген: 1229    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31