Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Айнаның тылсым энергетикасы...

  • © michael101063.livejournal.com

    © michael101063.livejournal.com

Анам бала күнiмiзде «айнаны үнемi жуып тұру керек, кiсi өлгенде үйдегi айнаның бетiн жабуды ұмытпаңдар» деп түрлi ырымдарды айтып отыратын. Бiрақ ол кезде тұрмыстағы қарапайым құралдың мұншалықты тылсым күшке ие екенiн бiлмеппiн.


Бұл оқиға бертiнде, осыдан үш жыл бұрын болған. Жездем әпкеме әдемi әрi үлкен айнаны сыйға тартқан едi. Бiр қарағанда, кәп-кәдiмгi, көзге еш ерекшелiгi түспейдi. Жан-жағы әсем өрнекпен әрленген. Бiрақ артынша үйден береке тайды, адам түсiнiп болмайтын шым-шытырық оқиғалар басталды.


Әпкем бұл айнаны жатын бөлменiң бiр бұрышына iлiп қойды. Көп ұзамай осы бөлмеде түнейтiн менiң түсiме қорқынышты оқиғалар кiретiн болды. Бiрде өртке оранған үйдiң iшiнде жүрсем, бiрде лапылдаған жалынның ортасында қалып қойып шыға алмаймын. Осы түстер мазалаған сайын түнде ұйқымнан терлеп-тепшiп, тап бiр отқа күйген адамша күй кешемiн.


Неше рет шошып оянсам да нелiктен осы түстердi көретiнiмдi түсiнбей дал болдым.


Бұл түстердi әркiм әртүрлi жорыды. Бiрi «алдында қиындық күтiп тұр, соған дайын бол» десе, ендi бiрi керiсiнше, «бақытқа кенелесiң» деп болжады. Алайда қанша уақыт өтсе де, мұның бiрi орындалмады, десек те әлгi түстерден құтылмадым.


Бiрде құдашам қонаққа келдi. Ас тартылып, шай iшiлiп, әңгiме айтылып болған соң әпкем құдашама менiң жатын бөлмеме төсек салып берiп жайғастырды. Түн батысымен қалың ұйқыға кеттiк. Таңертең тұрғанымызда құдаша қыз жайсыз түс көргенiн айтты. «Түсiмде үлкен үй лапылдаған отқа оранды. Өзiм сол үйдiң iшiнде қалып қойып, өрттен шыға алмай жатыр екенмiн», – дейдi ол.


Мұны естiгенде не дерiмдi бiлмей аузыма құм құйылды. Менiң қорқынышты түстерiмнен хабардар үйдегiлер де аң-таң. Артынша ақылдаса келе үйге молда шақыртуды құп көрдiк.


Жөн бiлетiн, жындарды шығара алады деген молданы тауып үйге әкелдiк. Әуелi үйдi тазартып аластаймын деген ол бiр бөлмеден екiншiге алма-кезек кiрiп шықты. Дұғасын оқып, үйдiң бұрыш-бұрышын аластады. Бiр уақытта кезек менiң бөлмеме де жеттi. Молдеке алдымен бөлменi бiр шолып өттi. Көзi бiрден бұрыштағы айнаға түстi. «Мына айна бұрыннан бар ма едi?» – дедi ол. «Жоқ, жездем таяуда сатып әкелген». «Қайдан алып едi мұны?» – деп сұрады. Жездемдi шақыртып айнаны қайдан сатып алғанын сұрастырдық. Сөйтсе, ол мұны сирек кездесетiн бұйымдарды сататын дүкеннен алыпты.


«Мына айна жаңа емес, бұған дейiн басқа иесi болған тәрiздi. Егер сөзiм рас болса, оның иесi басынан жағымсыз оқиғаны бастан өткерген. Айна соны «жадында» сақтап қалған болуы мүмкiн», – дедi молда. Тап бiр құдiреттi күштермен байланысы бардай сөйлеген бұл кiсiнiң қасиетiне таңғалдық. Артынша молда айна – жай ғана тұрмыстық құрал емес, тылсым дүниемен байланыстырушы, ғажап қасиетке ие екенiн түсiндiрдi.


«Үйде кiсi қаза тапқанда нелiктен айнаның бетi жабылады? Өлiм кезiнде айна о дүниеге есiк ашатын қақпа тәрiздi. Сол арқылы үйге жын-шайтандар кiрiп кетпеуi үшiн бетi жабылады. Базбiреулер өлген адамның жаны айна арқылы керi қайтып келмес үшiн жабу керек дейдi. Қалай болғанда да мұншалықты қасиеттi құралды немқұрайлы емес, күтiп ұстаған жөн», – дедi ол. Кетерiнде молда әлгi айнаны алған дүкенге немесе иесiне қайтарып беру керек деп ақыл-кеңес айтып кеттi. Сол күнi беймәлiм құбылысқа толы құралды далаға шығарып тастадық. Содан берi қорқынышты түстер сап тыйылды.


Жездем келесi күнi айнаны алып келген iзiмен керi алып кеттi. Айнаны қайтарған кезiнде жездем сатушыдан оны қайдан алғанын сұрап бiлiптi. Бұл өртенген үйден аман қалған айна екенiн сонда естiдiк. Ал оның иесi сол үйдiң бiрiншi қабатында өрттен қаза тапқан екен. Өрт үстiнгi қабатқа жете қоймағандықтан айна қаз-қалпында қалған. Сөйтiп, өртенген үйден әшекей-бұйымдары мен қымбат заттарын сатқан туыстары айнаны да қосып өткiзе салыпты.


Айна өзi iлулi тұрған жердiң энергетикасы, ондағы жағымсыз оқиғалар мен науқас адамның күйiн «жадына» жазып алып сақтайтынын кейiннен естiп-бiлдiк. Сондықтан үйге бұған дейiн ұсталған айнаны қоюға болмайтын көрiнедi.


Автор: Аңсар Мақсұтов

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2003    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.11.2017, 12:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30