Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Балама көрінген ваннадағы әжей

  • © vk.com

    © vk.com

Оқырмандардың «Алаш айнасына» өз бастарынан өткен мистикалық оқиғаларды жазғанын көріп, мен де өз басымнан өткен бір оқиғаны жазып отырмын.


Университетті қызыл дипломмен бітірген соң қаладағы шетелдік фирманың бөлімшесіне жұмысқа тұрдым. Бір жыл жұмыс істеген соң фирма бір жылға шет елге оқуға жіберді. Оқуды бітіріп келген соң көп ұзамай бір жігіт сөз салды. Ол жігітті бұрыннан сырттай танитынмын. Мен жоқ демедім, бірақ жұмысымда іссапар жиі болатынын ескерттім. Ол бәріне түсінікпен қарайтынын айтып ағынан жарылды. Көп ұзамай тұрмысқа шықтым (нақты айтқанда алып қашты).


Екі-үш ай өткен соң-ақ арамыз жақсы болмай бастады. Өйткені мен ай сайын Алматыдағы Бас кеңсеге барып есеп беріп қайтамын. Ал оған ол ұнамады. Солай ырың-жырыңмен жүріп ұлды болдық. Ұлымыз үш жасқа келгенде мені Алматыдағы Бас кеңсеге жұмысқа ауыстырды. Бірақ күйеуім «ата-анамды тастап, Алматыға бармаймын» деп қасырысты. Ол кезде ол жұмыссыз қалып, жеке көлігімен адам тасып, ақша тауып жүрген. «Алматыдан саған да жұмыс табылар. Жұмыс табылғанша осы кәсібіңді сонда да істей берерсің» дегеніме көнбеді. Қайта, маған «жұмысыңды қойып, үйде отырып бала тап» деп талап қойды. Оған мен көнбедім. Сонымен ажырасып тындық.


Фирма қызметтік пәтер беруге уәде еткен болатын. Алайда базбір мәселелер дер кезінде шешілмей, уақытша пәтер жалдап тұруға тура келді. Арзан бағаға бір орыс кемпірдің бос тұрған үйін жалға алдым. Бөлмелердің терезесі үлкен болғанмен, алғаш үйге кіргенде, маған үй іші күңгір секілді көрінді. Үй салқын екен. Оны ешкім тұрмағандықтан болар деп ойладым. Құрбым екеуміз үйді ретке келтірдік.


Ертеңінде құрбымның көлігімен дүкенге барып, қажет азық-түліктерді алып келдік. Үйге келген соң шәй іштік. Стол басында отырғанда құрбым бірдеңеден қорыққандай, түрі бозарып кетті. Ыдыстағы шәйін тез-тез ішіп тауысып, қайтуға асықты. Бағанадан «асығыс емеспін, кешке дейін әңгіме қылып отырамыз» деген құрбымның мына қылығына таң қалдым. Бір жағынан шошыдым. Ол кетуге жиналғанда, «не болды, неден шошындың?» деген сұрақтарыма жауап бермей, асығыс үйден шығып кетті. Тіпті баламның бетінен сүюге де шамасы келмеді. Құрбым кеткен соң үйдің бар бөлмесін аралап шықтым. Күдікті ештеңе байқамадым. Одан кейін ол жағдай мүлде есімнен шығып кетті.


Арада он күндей уақыт өтті. Демалыс күні болатын. Түскі шәй ішіп отырғанбыз. Кенет балам, «мама біздің жуынатын бөлмедегі әжей кім?» деп сұрады. «Балам жуынатын бөлменің терезесінен көрші әжейді көрген шығар» деп ойладым да, ол сөзге аса мән бермедім. Өйткені біздің жуынатын бөлменің терезесі көрші үйге қараған болатын.


Тағы бірде таңертең жұмысқа шығып бара жатып, бір затымды ұмытып кеткенім есіме түсті. Ұлымды жүргізушінің қасына қалдырып, асығыс үйге кірдім. Кіргенім сол қабырғады ілулі тұрған суреттің сыртындағы рамасын біреу лақтырып жібергендей, анадай жерге ұшып түсті. Егер есіктің қатты жабылғанынан болса, рама сырғып, сол қабырғаның іргесіне түсер еді. Маған біреу ашуланып, лақтырғандай көрінді.


Солай бір айдан аса уақыт өтті. Бірде үй тазалап жүріп, еден тақтайындағы біртүрлі ойыққа көзім түсті. Ойыққа қолымды салып көтері едім, жертөленің қақпағы екен. Жертөлеге түсетін саты тұр. Жертөленің қақпағынан ішке аздап жарық түсті. Сатымен жертөлеге түстім. Бірақ жертөледен еш тіреу көрмедім. Жертөленің төргі бұрышында қабір басына орнатылатын тас тұр екен. Жақын барып тастағы жазуды оқымақ болдым. Алға қарай бір қадам аттағаным сол, қайдан пайда болғанын үстіме қаптаған шырылдауық қара шегірткелер секіре бастыды. Қашып шығып, жертөленің қақпағын жаптым. Үстіне кілем жауып тастадым.


Арада бір апта өтті. Таңертең орнымнан тұруға ерініп, төсегімде етпеттеп жатқам. Есіктен біреудің кірген аяқ дыбысын естідім. Ұлым шығар деп, бұрылмай жатқам. Біреу келіп арқама екі қолын қойды. «Не істеп жатсың?» деп бұрылсам, ешкім жоқ. Шошып кеттім. Жүгіріп балам жатқан бөлмеге бардым. Ұлым әлі ұйқысынан оянбапты. Бұдан әрі бұл үйде тұруға болмайтынын ұқтым. Құрбыма хабарласып, «бүгіннен қалдырмай пәтер ауыстыруым керек» дедім. Сол күні пәтер тауып, көшіп кеттім.


Бірақ құрбым алғаш көшіп келгенде, сол пәтерде не көргенін осы күнге дейін айтқан емес.


Жанар, Алматы

 




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.01.2017, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Желтоқсан, 11:04
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан, 11:11
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан, 22:03
    Түс туралы не білеміз?
    23 Қараша, 10:48
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша, 16:43
    КІСІКИІК
    9 Қараша, 10:06
    Түннің құпиясы
    29 Қыркүйек, 11:03
    Түс жору
    26 Қыркүйек, 10:34
    Мәңгілік өмір мекені

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31