Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Баласын соғыстан алып қалған Қалдыбай бақсының құпиясы

  • © Замана газеті

    © Замана газеті

«Замана» газетінде қызықты жаңалықтар, оқиғалар көп жазылады. Оған ел ішінен мақала жолдайтындар көп. Осы орайда мен де өзімнің өмірден көрген-білгендерімнен бірнеше мақала жіберіп отырмын. Солардың бірі Қалдыбай деген бақсы туралы.


Қалдыбай бақсы Түр­кістан қаласына жақын Қосқорған ауылында 1890-жылы туған. 12 жасында Бекжан бақсыдан бата алып, қобыз тарта бастаған ол жастайынан науқастарды емдей бастайды.


Ол колхозшы болып, қой баққан. Адал еңбегі үшін шаруашылық басшыларынан көптеген Алғыс хаттар алған.


Қалдыбай бақсының 2 ұлы мен 1 қызынан 20-дан аса немере мен 40-қа жуық шөберелері осы күнде өмір сүруде. Бақсы аталарын еске алып, мақтанып отырады. Ол 90 жасқа жақындап барып қайтыс болды.


Ол кісінің басынан адам сенгісіз көптеген ерекше оқиғалар өткен. Соның бірі төмендегідей.


Бақсы Ұлы Отан соғысы басталардың алдында бірінші әйелі қайтыс болып, екінші әйелге үйленген екен. Колхоздың 800-ге жуық қойын бағып жүргенде соғыс басталып кетеді. Өзіне көмекші шопан болып жүрген ұлы Фазілахты Түркістан аудандық әскери комиссариатына шақырта бастайды. Сонда бақсы таң­ертеңнен кешке дейін қара қобызын тартып, ертеңіне ұлын «военкоматқа» жібереді. Сонда Фазілахтың көзі Түркістанға жеткенше жасаурап, қызара бөртіп, жас аға бастапты. Ол комиссия мүшелері отырған жерге кіріп, өзінің Қалдыбаев Фазілах екенін айтады. Комиссия мүшесі – көз дәрігері оның көзін көріп, қарап, аң-таң болады. Комиссия төрағасы көз дәрігерінің айтуымен оны аудандық ауруханаға жатқызатын болып шешеді. Сонда Фазілах жағдайын айтып, ауылға қайтаруын өтінеді. Колхозда әкесі жалғыз өзі соншама қойды баға алмайтынын айтқан соң оны ауылына қайтарады.


Бұл оқиға 1941-жылы желтоқсан айында болған еді. Одан кейін де екі жылға жуық уақыт өтеді. Көп адамдардан өлді деген қара қағаздар келіп жатты. Аудандық «военкомат» кейін «броньмен» қалдырыл­ған адамдарды шақырып, әскерге ала бастайды. Фазілах осы тізімге тағы да ілікті. Сонда Қалдыбай бақсы тағы да уайымға салынып, түнімен қара қобызын зарлатып тартады. Аллаға сиынып, зікір салып, Құдайға жалынып, таңертеңге дейін көз ілмейді. Сосын баласын әскери комиссариатқа шығарып салады.


Сол күні де Фазілахтың денсаулығы тексеріледі. Сонда одан тағы да көз кінәраты анықталыпты. Арада екі жылдай уақыт өтсе де көзінен жас тоқтамай, қызарып, ақ-қарасы көрінбейді. Фазілах кабинетте басы айналып, құсқысы келіп, құлап қалатындай жағдайда отырады. Содан комиссия басшысы әскерге шақыруға жарамайды деп Қосқорған ауылына қайтарып жібереді. Сол келгеннен 1,5 жылдан кейін соғыс аяқталады.


Қалдыбай бақсы енді ұлын тезірек үйлендіру қамына кіріседі. 1946-жылдың қысында оны өзбек көршісінің Шаадат деген қызына үйлендіреді. Содан бақсы әйелі Жаңыл екеуі жыл сайын торсықтай оншақты немере ұлдарды көріп, қуанып қалады.


Қалдыбай бақсы 1955-жылы зейнеткерлікке шықты. Жасы 90-ға жақындап барып бұл дүниеден озды. Ұлы Фазілах та немере, шөбере көріп, жасы 90-ға жете, 2010-жылы қайтыс болды. Ал бұл кісілердің басынан өткен, болған жағдайды, құбылысты осы күнге дейін ешкім білмейді, естіген жоқ. Бұл тылсымды әкесі де, баласы да ешкімге тіс жармаған күйінде кетті.


Осындай тылсым жайлар қазіргі заманда да көрініс тауып тұрады. Оны дер кезінде айтып, ашық түрде дәріптей білсек, жақсылық пен жамандықты ажырата білеміз. Құрметті жамағат, осындай жайлар­ға немкетті қарамаңыздар, Аллаға құлшылық етейік!


А. САПАРОВ,
Кентау қалалық «Ардагер 




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.01.2019, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31