Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Балбал-қаз

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Есіктің артындағы сүйеулі тұрған балбал тасты ол осы үйге көшіп келген күні көрген-ді. Тіпті оны елеп те қойған жоқ-ты. Бар байқағаны пошымы әйел адамға келетін іспетті.


Бірде көне бір кітапты ақтарып отырып бір жерінен өткен ғасырдың басында балбал тастардың ең атақтысы саналатын сақ ханшасының жоғалып кеткенін оқыды. Қара тас кімге керек болды екен деп әрі қарай көз жүгіртті. «Көне шежірелерден жетуі бойынша сақ ханшасы ең әйгілі сиқыршылардан дәріс алған сиқырға жетік жан болыпты. Әрі келбеті хор қыздарымен таласатын сұлу екен. Жасы жиырма беске келгенде өзінің қартайып сұлу жүзінің мөрі қайтуынан қорыққан қыз мәңгілік балбалға айналыпты… оның тірілу заманына да көп қалмаса керек… Тек кер жыланның қанымен тас төбесіндегі тесікті толтырғанда ғана қалпына келеді екен. Бірақ күн көзін көруді жазбапты тек кешке ғана пайда болып тұрады екен…» жалғастырып оқуға зауқы соқпаған ол кітапты лақтыра салды да төсекке жантая кетті.


Күн ұясынан әбден көтерілген соң оянды. Жұмысқа жиналып сыртқа шығып бара жатып есіне бабалтас түсті. Жай ғана қызығушылықпен балбал тастың төбесіне көз жіберді. Қызық бәлкім сәйкестік шығар бұның да төбесінде тесік бар екен. Сәл-кем ойланып тұрған ол арт жағынан әлде ненің ысылдаған даусын естігендей болып жалт қарап еді, көрші кемпірдің сұр мысығы мен керіскедей кер жылан арбасып тұр екен. Қолына әлде қайдан іліне кеткен күрекпен жыланды бір-ақ салды. Екіге бөлінген жылан аз жерге шұбатылып барып сұлық жатты. Бөлінген екі денені күрекке салып балбалдың үстіне тастады да жұмысына кете барды.


Жұмыста отырып түс ауа балбал туралы ойға шомды. Жасы отыздан асып бара жатқан жігіт сақ ханшайымына деген ынтызарлығы арта түсті. Шынымен сол болса екен деп тіледі. Ақыры кеш те батты. Үйіне келген ол ең алдымен есік артындағы балбалдың жоқ екенін көріп жүрегі зырқ ете түсті. Жүрегі зырқ ете түсті де оның әйгілі сақ ханшайымы екенін ойлап жайлап қана езу тартып есікті ашты. Үйге кіріп шырақты жағып қалғанда төр жақтағы креслода жүзінде қан-сөл болмаса да ханшаға тән паңдықпен, ханшаға тән асыл жаһұттарға малынып отырған қызға жақындай бергенде:


– Жетесіз бейбақ. Қанша ғасыр күткен бақытымды ойрандадың-ау!.. Өлген жыланды жолдың екі жағына бөліп көмуді білмейтін бе едің!..


Қыз әшекейлі камзолының етегін көтеріп қалып еді, беліне әлде неше оралып алған кер жылан жігітке қарай ысылдап атылды.


Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 1347    Пікірлер: 0

сенбі, 31.03.2018, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31