Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Балшы

  • © shkolazhizni.ru

    © shkolazhizni.ru

Картасын қайта-қайта сапырып, шилап отырған балшы карталарды үш-үштен қатарлап жазып жіберіп шошып кетті.


Бал оған тура қарсы алдында біредің тұрғанын айтады. Ал, алдында карта жазған шәкене үстелден басқа дәнеңе жоқ.


Асығыс картаны жимақ болып еді:


– Тоқта, ол маған түсіп тұр,- деген дауысты естіді. Алақтап жан-жағына қарап еді, ешкім көрінбейді.


– Сенің балыңа қашан түсемін деп күткеніме аттай он жыл болды, –дейді дауыс. Бұның да бал сала бастағанына он жыл болған еді.


– Не керек,- деді жүрегін сәл тоқтатқан ол.


– Не түссе соны айт.


– Іздеуде жүрсің, тағдыр сызығың отыз жылдың алдында біткен, жан алғыштар іздеп жүр. Бірақ, өз еркіңмен ұстатпайсың. Елеске айналып алғансың.


Ол картаның айтқанын айтты.


Дауыс үнсіз. Дардай уақыт өтті. Үнсіздікті балшы бұзды.


– Не болғанын айтасың ба?


– Жарайды айтайын. Оу! Адаммен сөйлеспегеніме қашан… Мен осы қалада туып-өстім. Бір атадан жалғыз едім. Енді ес кіріп етек жеңімді жия бастағанда әке-шешем бірдей өмірден қайтты. Әкем өлерінде: “Балам, біз жеті атамыздан бері жалқы ұрпақпыз, тез үйлен, ұрпақ үзілмесін, асық…”– деді. Әке-шешемді жер қойнына тапсырдым. Қырқы өткен соң әке өсиетін орындамақ болып, көрші тұратын бір жетім қызға сөз салдым. Обалы не, мақұл деді. Артық әурелейтін екеумізде де туыс-туған жоқ. Үйленетін уақытты белгіледік те, дос-жарандарымызды шақырдық. Аста-төк болмаса да шағын үстел жайып, той рәсіміне отырғанбыз. Арнайы шақырған молда неке суымызды ішкізе бергенде есіктен алып-ұшып марқұм әкем кіріп келді.


“Қаш! Жылдам, жан алғыш келе жатыр. Денеңді тастап қаш… сонда құтыласың. Ескі диірменннің алдында отыратын балшыны аңды, соның балына түскен күні үйіңе орал, сонда ұрпақ жалғайсың…” деді. Әкемнің сөзінің аяғын күтуге шамам келмеді, орнымнан атып тұрып едім, денем сылық етіп қалындығымның алдына құлады. Ол содан бері ессіз ауруханада жатыр. Бейшара әйелім әлі мені күтіп денемнің басында отыр. Денесіне келер деп жан алғыш та сол жерден шықпайды… Бал салшы денеме қалай жетем?


Балшы картасын әдеттегіден әлде қайда ұзақ сапырып, үстелдің үстіне қатарлап тізе бастады.


– Таң қараңғысында ғана жаналғыш сәл қалғиды. Тек сонда ғана сыртын айналып өте аласың. Егер денеңе жетсең, тоқсанға жеткенде өз қалауыңмен жаналғышқа барасың…


Бал соны айтты.


– Денеме жетсем міндетті түрде келем! Көрісуге жазсын!


– Көрісуге жазсын.


Балшы үйіне қайтпады. Картасын сапырда да отырды. Кеш батып, таңда атты. Күн жерге алтын нұрын шаша бере картасын қайта жайған балшы, өзіне қарай тағы бірдеңенің келе жатқанын білді.


«Бейшара, жете алмаған болды-ғой» деп ойлады. Көп өтпей:


– Мен жан алғышпен,- дегенді естіп құлап қала жаздады.


– Қорықпа, сенің жаныңды алуға келгем жоқ. Бал салып бер, қашқын іздеп жүрмін,- деді.


Балшы картасын ұзақ сапырып отырды.


Қойшыбек МҮБАРАК  




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
20 Мамыр, 17:01
Күн мінажатханасы
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31