Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Бәрі есімде..." Таңғажайып қабілеті бар әйелдің оқиғасы

  • © qamshy.kz

    © qamshy.kz

Кейбір адамдар өзі өмірінде болған кез келген оқиғаны есіне түсіре алады. Сіздің ойыңызша бұл жақсы қасиет пе және мұндай адамдар қалай өмір сүреді екен?


Бұл туралы BBC агенттігі жазады.


«Мен өмірге келгеніме 1 апта болғанда, мені қызыл орамалға орап жатқызғаны есімде»-дейді Реббекка Шэррок.


Мені анам қолға алған кезде бірден сезетінмін, қалай екенін білмеймін, бірақ ол мен үшін ең қымбат адам болатын.


Көп адамдар өз-өздерін шамамен 4 жасынан бастап тани бастайды, яғни осындай жаста әдетте адамға ес кіреді. Сондықтан Шэрроктың әңгімесі оның шынайы жадысына байланысты емес, жәй ғана фантазиясы мен қиялынана туындаған деп ойлап қалуыңыз мүмкін.


Алайда 27 жастағы Автсралия тұрғыны Ребекка Шэрроктың жадысы ерекше қалыптасқан. Дәрігерлер оған «гипертемизиялық синдром» деген диагноз қойған. Бұл дегеніміз - автобиографиялық жады.


Мұндай синдром кезінде адам өзінің өмірінде болған жайттарға байланысты нақты ақпаратты есінде сақтай алады, есіне түсіре алады.


Олар еш қиындықсыз нақты бір уақыт аралығында не істегенін, қандай киімде болғанын, қай жерде болғанын есіне түсіре алады. Сонымен бірге, қоғамдық өмірдегі жаңалықтар мен өзінің өміріндегі оқиғаларды видеомагнитафон тәрізді жаңғыртып бере алады.


Шэррок бала кезінде барлық адамдар мұндай қасиетке ие деп есептеген. Бір күні оған ата-анасы хабарласып теледидардан гипертимизиялық синдроммен ауыратын адамдар туралы бағдарлама болып жатқанын айтады. Осыдан кейін Шэррок ғалымдарға хабарласып, 2013 жылы оған дәл осы диагнозды қойған.


Бұл синдром 2000-жылдардың басында ашылған. Әзірге бүкіл әлемде бұл синдроммен ауыратын 60 адам бар.


Ғалымдардың пікірінше, мұндай адамдардың миындағы ұзақ жады процесін реттейтін бөлшегі басқаларға қарағанда үлкенірек және заттарды есте сақтауға жауап беретін ми бөлігі де жақсы дамыған.


Алайда, Шэррок депрессия мен алаңдаушылықтан зардап шегеді. Оның «тылсым» жады оны әбігерге салады. Ұйықтай алмайтын кездері де жиі орын алады. Мысалы, Шэррок бала кезіндегі бір естелігі есіне түсетін болса немесе осыдан 3 жыл бұрын болған оқиға есіне түссе, дәл сол жағдайды басынан біренше рет өткізгендей әсерде болады. Яғни, мұндай жағдай қатты шаршатып, шатастырады.


Шэррок өзінің түстерін басқара алады. Сондықтан қорқынышты түстер оны мазаламайды.


Қазіргі кезде ол екі ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерге қатысып жатыр.


Өмірінің қызықты, нақты естеліктерін есіне түсіріп, жадында сақтай алғанмен, оның жадында жоқ бір ғана жағдай, естелік бар- ол оның дүниеге келген сәті.


«Бұл менің жадымда жоқ жалғыз ғана күн. Есімде жоқ жалғыз туған күнім»-дейді ол.


Кейде оның жады мен санасы қайталана беретін пластинка тәрізді процесті бастан кешірсе де, Шэррок ештеңе өзгерткісі келмейтінін айтады.


«Менің аутизмім өзгерістерді қаламайды. Барлығы осылай қала берсе кен деймін. Тек ғана осы қасиетпен өмір сүрудің тәілдерін тапқым келеді». «Осы Ребеккаға үйреніп қалдым, осындай қалыпта қала берейін»-дейді. 


qamshy.kz




Көрілген: 2328    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.11.2017, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31