Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Беймәлім дауыс балаларыңды өлтір деп бұйырған екен

  • © oxota-ru.ru

    © oxota-ru.ru

Бұл оқиға Америка штаттарының бірінде орын алған. Отағасының жұмысы ауысуына байланысты отбасы басқа бір кіші қалаға көшіп барады. Баспана алу үшін риэлторлық компанияға жүгінеді. Ондағылар қала шетінде орналасқан, ХІХ ғасырда тұрғызылған, екі қабатты сегіз бөлмелі үйді ұсынады.


Тұрғызылғанына бір ғасырдан астам уақыт болғанымен үй өте жақсы сақталған екен. Үйге жөндеу жүргізілгеніне де көп бола қоймағаны көзге көрініп-ақ тұр. Брайн мен Тезиге үй бірден ұнайды. 10 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызына да бөлек-бөлек бөлме, Брайнға жұмыс бөлмесін жасақтауға болады. Тіпті екінші қабатта қару сақтайтын арнай бөлме де бар.


Жас отбасы сол үйге қоныстанады. Өздері жоспарлағандай екінші қабаттағы төрт бөлменің екеуін балаларына, біреуін Брайнға жұмыс бөлмесі етіп жасақтайды. Ал төртінші бөлме қару-жарақ сақтауға арналған. Брайн бұрын қаруға қызықпайтын. Бірақ сол үйге қоныстанған соң қару сатып алғысы келеді. Өздігінен емес. Қандай да бір ішкі дауыс үнемі Брайнды қару сатып алуға үндеп қоймайды. Көп ұзамай Брайн Тезидің қарсылығына қарамастан қос ауызды мылтық сатып алады. Брайнның бойындағы өзгеріс сонымен шектелмейді. Ол күнде жатар алдында мылтықты қолына алып, оқтап көруді әдетке айналдырады.


Бір күні түн ортасында Теди ұйқыдан шошып оянады. Қараса қасында Брайн жоқ. Екінші қабатта біреу жүргендей көрінеді. Тези ақырын басып екінші қабатқа көтеріледі. Қолына қаруын ұстап, ұлының бөлмесіне бара жатқан Брайнды байқайды. «Брайн» деп дауыстайды. Брайн ұрлығы әшкереленген адамдай күй кешеді. Сасқалақтап «үйде біреу жүрген сияқты көрінді, балалардың бөлмесіне кіріп кетпеді ме деп қарап жүргем» деп ақталады. Брайн мен Тези бірге балалардың бөлмесін қарап шығады. Күдікті ештеңе байқалмайды. Балалар қаннан-қаперсіз ұйықтап жатыр. Сонан соң Тези Брайнға «саған солай көрінген шығар, бәрі дұрыс екен, қаруды орнына қой, ұйықтайық» дейді. Бірақ Брайн мылтықты орнына қойғысы келмей, құшақтап біраз отырады. Тек Тезидің дауысы өктем шыққанда барып есін жиып, мылтықты орнына қояды.


Арада бір ай өтпей бұл жағдай тағы қайталанады. Түсінде Брайнға белгісіз біреу «орныңнан тұр, мылтықы ал. Балаларыңды атып өлтір» деп бұйрады. Брайн орнынан тұрып, екінші қабатқа көтеріледі. Мылтықты алып оқтайды. Тези оянып кетпесін деп ақырын басып балалар жатқан бөлмеге қарай беттейді. «Брайн» деген дауыс шыққанда есін жинайды. Ол ұйқыдан оянып, Брайнды іздеп келген Тези еді. Бұл жолы да Брайн өзінің бұл әрекетін «үйде бөтен біреу жүрген секілді болды» деп түсіндіреді. Үйде бөтен ешкім жоқ екеніне көздері жеткен соң ерлі-зайыптылар қайта жатады.


Брайнның мінез-құлқы өзгергеніне алаңдаған Тезидің көңіліне күдік ұялап, мына үйдің тарихы жайлы білмек болады. Бірақ көршілердің ешбірі ол үйдің тарихын білмейтін болып шығады. Олардың бірі шіркеуге барып, сол жерден сұрауға кеңес береді. Тези шіркеуге барып, өмір бойы сонда қызмет етіп келе жатқан қарт попқа жолығады. Таяуда ғана өздері қоныстанған үйдің тарихы жайлы сұрайды. Поп 20 жыл бұрын ол үйде қайғылы жағдай орын алғанын айтады. Айтуынша, 20 жыл бұрын сол үйге өзге қаладан екі баласы бар жас отбасы көшіп келеді. Көп ұзамай, жұмбақ жағдайда үй иесі өзінің екі баласын атып өлтіріп, соңынан өзін-өзі атып мер болады. Сол жағдайдан кейін әйелінің есі ауысып, жындыханаға түскен екен. Сол оқиғадан кейін де ол үйге қоныстанғандар көп болыпты. Оларды үйдің кеңдігі мен бағасы қызықтырса керек. Бірақ олардың бәрі де, екі-үш ай тұрған соң ешкімге ештеңе айтпастан көшіп кете берген екен.


Тези үйге келген соң поптың айтқандарын Брайнға айтып, «бұл үйден көшейік» дейді. Бірақ Брайн «оның бәрі адамдардың ойдан шығарып айтып жүрген әңгімесі» деп Тезидің сөзіне құлақ аспайды. Десе де Тези күнде кешке Брайн жұмыстан келгенде «бұл үйден көшейік» деп қоймайды. Алайда, Брайн тыңдамайды. Үйде күнде ұрыс-керіс болады. Ерлі зайыптылар ренжісіп, бөлек жатады. Брайн жұмыс бөлмесінде түнеп жүреді. Ертеңінде демалыс күні болғандықтан Тези Брайнды шіркеуге ертіп баруды ұйғарады.


Бірақ сол түні Тези жаман түс көріп, түн ортасында ұйқыдан шошып оянады. Түсінде Брайн балаларын мылтықпен атып өлтіріп, сосын Тезиді өлтірмек болып қуады. Көрген түсінен шошынған Тези Брайнның бөлмесіне барады. Бірақ Брайн орнында болмай шығады. Тези қару сақталатын бөлме есігінің ашық екенін байқайды. Қараса, мылтық жоқ. Сол сәтте, неге екенін Тезиге «балалар аман болса екен» деген ой келеді. Тези жылдам басып балалардың бөлмесіне қарай беттейді. Таяу барғанда қызы жатқан бөлменің есігі жартылай ашық тұрғанын байқайды. Есікті ашып қалғанда қанға боялып, өліп жатқан қызын көреді. Қасында мылтық ұстаған Брайн отырады. Көре сала Брайн Тезиге мылтық кезеніп, шүріппені басып қалады. Бірақ мылтықта оқ болмайды. Брайн мылтықты қайта оқтаймын деп жүргенде, Тези үйден қашып шығып, көршінің үйіне барып полиция шақырады. Жедел жеткен полиция Брайнды құрықтайды.


Тергеу барысында Брайн бұл істі өз еркінен тыс істегенін айтады. Айтуынша, белгісіз бір күш мылтық сатып алдырғанын, сонан соң «балаларыңды өлтір» деп бұйырғанын айтады. Алайда медициналық сараптама Брайнның есі дұрыс екенін анықтайды. Сондықтан сот оны өлім жазасына кеседі. Тези бар дүние-мүлкін сол үйде қалдырып, басқа қалаға кетеді.




(Мақала орыс тілінен аударылған)

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1414    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.08.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31