Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Бір түнде 13 ит пен 10 сиырды бауыздап кеткен белгісіз мақұлық

  • © vk.com

    © vk.com

Осыдан біраз жыл бұрын әскерде бірге қызмет еткен досым ауылына қонаққа шақырды. Ол Сібірдің шалғай ауылдарының бірінде әжесімен тұратын. Досымның айтуынша, ол жердің табиғаты тамаша. Айнала орман. Көлінің суы керемет, дертке шипа. Жеміс-жидек дегенің түр-түрімен бар. Бір сөзбен айтқанда, жердің жұмағы. Ал ол жақта шілде айы нағыз демалатын уақыт.


Досымның айтуы бойынша, шілде айында демалыс алып, Сібірге аттандым. Пойыздан түскен соң автобусқа отырдым. Жол-жөнекей бірнеше ауылға соққан ПАЗ автобусы түс ауа, 10 сағат дегенде ауылға да жетті. Ой-шұңқырлы жол шаршатып тастады. Ауыл ішіндегі автобус аялдамасында досым күтіп тұр екен. Құшақтасып көрістік. Бірақ досымның жүзінен қатты қуанышты байқай алмадым. Жүзінде үрей бар секілді көрінді. Досымның неге көңілсіз екенін үйіне барғанда білдім.


Досымның айтуынша үш күн бұрын орманға емдік шөп жинауға кеткен әжесі қайта оралмапты. Әжесі емші екен. Бұрындары да емдік шөп іздеп бір күн жоқ болып кетіп, үйге келесі күні келіп жүрген. Үш күн жоқ болып кетуі алғаш рет көрінеді. Досымның айтуынша, егер әжесі бүгін үйге келмесе, ертең ауыл болып іздеуге шықпақ. «Бәлкім адасып қалған шығар, келіп қалар» деп досымды жұбатқан болдым. Бірақ досымның үрейленуінің тағы бір себебі бар екен. Өткен түні орманнан қасқырдың ұлығанына ұқсас дауыс есітілген. Мен «қасқырдың ұлығанында тұрған не бар» деп басу айттым. Алайда досымның ол дауыстан үрейленуі жайдан-жай емес екен. Өйткені бұл орманда ешқашан қасқыр болмаған.


Жолдан қатты шаршағандықтан, кешкі тамақты іше сала ерте жатып қалдым. Оған қоса, ертең ерте тұрып, ауыл тұрғындарымен қосылып досымның әжесін іздеуге шығамыз деп жоспарлағанбыз. Түн ортасында біреудің қатты ентігіп демалған дыбысынан оянып кеттім. Үй іші қараңғы. Ештең көрінбейді. Досым шығар деп «сенсің бе, не істеп жүрсің?» дедім. Досымның «тс, үндеме» деп сыбырлай сөйлеген дауысы шықты. Құлақ түрсем, әлгі ысылдап-пысылдаған дыбыс сырттан есітіліп тұр. Сәлден соң біреу сырт есікті тоқпақтап соққылай бастады. Адамның есік қағуына ұқсамайды. Біз не істерімізді білмей үнсіз отырмыз. Бір сәтке «қазір есікті бұзып кірсе не істейміз» деген ой келді. Өз оймнан өзім қорқа бастадым. «Белгісіз» есікті тоқпақтауын тоқтатты. 5 минуттай тыныштық орнады. «Не пәле болса да, кетті-ау!» деп енді көңілім жай бола бастағанда, біреудің шатырға шығып жатқаны есітілді. Әлгі «белгісіз» үйдің төбесіне шығып тепкілей бастады. Үйдің төбесі ойылып ортасына түсердей, селк-селк етеді. Үрей күшейді. Ойға неше түрлі нәрсе келіп-кетіп жатты. Бір кезде «белгісіз» тепкілеуін тоқтатып тым-тырыс болып қалды. Біз бір-бірімізге сөз айтуға шамамыз келер емес. Үнсіз отырмыз. Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, бір кезде «белгісіз» үйдің төбесін тырмалай бастады. Тырнақтың тырмалаған дауысы анық есітіліп тұр. Не болса да, бұл адам емес екені анық. Бір сәтке «қашсам ба екен» деген де ой келді. Бірақ қайда қашасың?! Бір кезде «тарс» еткен мылтықтың дауысы шықты. Тыныштық орнады. Біз орнымыздан тапжылмай таңды атырдық.


Таңертең далаға шықсақ ауыл іші азаң-қазан. Кейін білдік, сол түні ауылда 13 ит пен 10 сиырды белгісіз мақұлық бауыздап өлтіріп кетіпті. Түске қарай 5 адам жоғалды деген сөз тарады. Бірақ мен ол сөздің шын-өтірігін біле алмадым. Досым «бүгіннен қалмай қайт» деп өтінді (шынымды айтсам, өзім де қалғым келген жоқ). Сол күні түсте автобусқа отырып, стансаға жол тарттым.


Қалаға келген соң досыма хабарластым. Досым екі күннен кейін әжесінің өлі денесін орманнан тауып алғанын айтты. Содан кейін бір жылдан аса досыммен хабарласпай кеттім. Кейіннен бірнеше рет сөйлесуге шақырдым. Бірақ ол келмеді. Кейін естідім, досым бір жылдан кейін қайтыс болған екен. Естуімше, белгісіз мақұлық тамағынан шайнап өлтіріп кетіпті.




(Мақала орыс тілінен аударылған)

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1206    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31