Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық

  • © pensionerka.com

    © pensionerka.com

18 жыл Кеңес Үкіметін басқарып, төрт рет еңбек ері атанып, ел жадында ерекше сүйісуімен есте қалған Брежневті кейінгі буын жақсы білмесе де, орта және алдыңғы буын өкілдері жақсы біледі.


Ол қайтыс болғаннан кейін жазылған естеліктерде оның өте қарапайым, Кремльде қызмет істейтін қатардағы қызметкерлерге де ілтипатпен қарайтын басшы болғаны айтылады. Тіпті ол Кремльде еден жуушы қызметкердің туған күнін ескеріп, гүл сыйлап жүреді екен. Жалпы, Брежнев туралы қызықты естеліктер көп жазылған. Сондай естеліктердің бірінде оны талай рет өлімнен құтқарған мысық жайлы айтылады.


Естеліктен белгілі болғандай, Брежневтің ерекше қасиетке ие мысығы болған екен. Брежневке ол мысықты Үндістанға барған сапарында сол елдің премьер-министрі Индира Ганди сыйға тартқан көрінеді. Сонымен қоса Үндістан басшысы мысықтың аса ерекше қасиетке ие екенін, болғалы тұрған қауіпті алдын ала сезіп, белгі беретінін де айтады. Мысықтың ондай қасиетіне сенбесе де, Кеңес Үкіметінің басшысы Индира Гандидің қолын қайтармай, алғысын айтып, мысықты өзімен бірге Мәскеуге алып келеді. Мәскеуге келген соң мысықты хайуанаттар үйіне тапсырмақ болады. Алайда, қасындағы көмекшілері «елге келгенде сыйға тартқан мысығын сұрап қалса, ұят болады, сондықтан үйде ұстағаныңыз дұрыс болар» деп кеңес береді. «Ол да рас екен-ау!» деп мысықты үйінде қалдырады.


Арадан екі-үш ай өткенде, бір күні, мысық таңертең жұмысқа баруға жиналған КСРО Бас хатшысы Брежневтің аяғына оралып, мазасызданып, жолын кес-кестей береді. Алғашында оған аса мән бермеген Бас хатшының есіне Индира Гандидің айтқан сөздері түседі. Күнде бірдей үш машинаның ортаңғысында отыратын Брежнев сол күні соңғы көлікке мінеді. Үйден бір шақырымдай ұзағанда ортада бара жатқан көлік жарылады. Соңында бара жатқан, Брежнев мінген көлік жарылған машинаны айналып өтіп кетеді. Сөйтіп, КСРО басшысы аман қалады.


Арадан тағы бірер жыл өткенде Брежнев Ресей облыстарының біріне іссапармен барады. Іссапарға аттанарда мысық тағы да аяғына оралып, жолын кес-кестейді. Мысықтың бұл әрекетінен секем алған Бас хатшы оққағарларына өте сақ болуды тапсырады. Іссапардың барысында мемлекет басшысы облыстағы үлкен зауытқа барады. Зауыт басшылары Брежневке жаңадан қосылған метал балқыту пешін көрсетіп жатады. Сол сәтте пеште жарылыс орын алады. Оққағарлар кеудесін тосып, Брежневті аман алып қалады. Жарылыс салдарынан екі оққағар мен сол жерде болған екі-үш адамды күйік шалады.


Осы екі оқиғадан кейін Брежнев мысыққа ерекше ықыласпен қарайды. Жұмысқа барар алдында қолына алып, мысықтың көңіл-күйіне мұқият назар аударып жүреді.


Арадан тағы бірер жыл өткенде Брежнев іссапармен Өзбекстанға баратын болады. Іссапар туралы әңгіме айтылғаннан бастап мысықтан маза кетеді. Іссапарға кететін күнге дейін мысық мияулап, қайта-қайта келіп Брежневке сүйкеніп жүреді. Ал, дәл Өзбекстанға аттанар күні аяғына оралып, жолын кес-кестейді. Мысықтың көңіл-күйінен бір қатердің боларын сезеді. Көмекшілері іссапарды кейінге қалдыруды ұсынады. Алайда Брежнев іссапардан бас тартпайды. Оққағарларға аса сақ болуды тапсырады.


Ташкентке аман есен жеткен Бас хатшы іссапарының алғашқы күні тыныш өтеді. Екінші күні Өзбекстанның бірінші хатшысы Шараф Рашидов КСРО Бас хатшысын қайта реконструкция жасалып жатқан Ташкент қаласындағы авиация зауытын аралатады. Қайта жасалып жатқан жөндеу жұмыстарын қарап тұрғанда, кенет, жоғарыдан темір конструкция құлайды. Оққағарлар қанша сақ болып, жылдам әрекет етіп, Брежневті шетке алып қашқанмен темір конструкцияның бір шеті Брежневтің иығына тиіп, бұғанасы сынады. Бірақ аман қалады.


КСРО Бас хатшысын үш рет өлімнен сақтап қалған мысық, Брежнев қайтыс болардан бір-екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен.


Сол бір мысықтың әрекетіне бүгінге дейін ешкім түсінік бере алмаған. Десе де парапсихолог мамандар «ол мысық өзге ғаламнан жіберілген» деген болжам айтқан екен. Олардың пайымдауынша жер планетасында болып жатқан кей жағдайлар өзге ғаламнан басқарылып отыратын көрінеді.


alashainasy.kz

 




Көрілген: 2209    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 18.08.2017, 10:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қараша, 16:43
КІСІКИІК
9 Қараша, 10:06
Түннің құпиясы
29 Қыркүйек, 11:03
Түс жору
26 Қыркүйек, 10:34
Мәңгілік өмір мекені
15 Тамыз, 10:05
Малғұндар мекені

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30