Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Дуаның күшімен нөсер жауынды тоқтатқан Қирабай молла

  • © pravmir.ru

    © pravmir.ru

Ертеректе біздің ауыл Көкжайдақ дейтін кең жайлауды жайлайтын еді. Қатар-қатар қонған қойлы ауылдар. Тау бөктеріндегі Ұзынбұлақта біздің үй. Үйдің отағасы өріске қой бағуға кеткенде апамның қасында мен қалатынмын. Ауылдың мен құралыптас екі-үш баласы жиылып кеп, апама әңгіме, ертегі айтқызамыз.


– Әй, ұлым Айғазы, – дейді апам мені бауырына тартып, - Сен ана нағашыларың Кәрім мен Қайырды білесің ғой. Олар сонау сұрапыл соғыс жылдары орыстың ішкі қалаларына барып, шахтада көмір қазған. Сонда үлкен барақ үйде үлкен-кіші жұмысшылармен бірге тұрыпты. Араларында батыстан келген Нұраш деген егде жігіт ағасы бар екен. Ол өзі көп оқыған, сауатты, әңгімешіл адам болса керек. Түнде жатып дем алғанда маңындағыларға келістіре отырып, қызық-қызық әңгіме айтатын көрінеді.


Сол Нұраш Жітіқара тауы маңында Мекебай деген батыр болғанын, өмірі қалмақпен соғысумен өткенін, батырлығына қоса, бақсылығы да болғанын жиі айтады екен. Бір жорықта жауға қарсы қара тұманды қаптатып, аз күшпен бес мың қалмақты қырып салыпты. Сол батырдың кейінгі ұрпағы Қирабай деген адам молда болыпты. Шамамен ХІХ ғасырда өмір сүрген сияқты. Сол Қирабай молданың бірінші кереметі - молданың екі аяғы да, екі қолы да кемтар екен. Бірақ бақсылығы басым. Бір күні жазда қалың нөсер жауып, ауылды топан су басады. Бүкіл ауыл биікке өрмелеп, пана іздейді. Кенет жауын тоқтап, күн жадырай қалады. Сөйтсе кемтар молданы ауыл үлкендері үй төбесіне шығарып, бетін құбылаға қаратып отырғызыпты. Молда дұғасын оқып, Аллаға сиыныпты. Кенет ашық аспаннан сатыр-күтір дыбыс шығып, бір шоғыр қара бұлт ойнақтап шығып, ауыл үстіне төне түседі. Молда болса құбылаға қараған бойда бар ынтасын сала, ешқайда бұрылмай, дұғасын оқып отыра береді. Сол сәтте екі ақбоз аттай екі шоғыр ақша бұлт ойнақтап шығып, әлгі төнген қара бұлтты лезде аспанға қарай көтере жөнелгендей болады. Нөсер де сап тыйылады. Зәресі ұшқан халық «А, Құдай, сақтай гөр, жар бола гөр» десіп, молданың алдына жиылып қалады. Енді екінші кереметін айтайын, тағы да сол далада бір жас жігіт қой бағып жүріп, өрісте ұйықтап қалады. Күн ыстық. Көк шалғында шалқасынан аузын ашып, ұйқыда жатқан жігіттің аузына бүйі кіріп кетеді. Дереу зағип болған жігітті жатқызып қойып, үш күн, үш түн дұға оқиды. Жігіт те, молда да күп болып, ісіп кетеді. Үшінші күн дегенде, жігіттің алқымы көнектей боп бүлк-бүлк етеді. Ауызға келген бүйі шығар жерден сыймай тұрып қалады. Үй толған кісі жым-жырт. Қирабай болса, қып-қызыл жарылып кетердей күйде. Сол сәтте ісінген бүйі ауыздан қысыла шығып, жерге құлап, су боп жарылып кетеді. Молда да «уһ» деп демін алып, жастыққа қисая кетіпті.


- Міне, шырақтарым, нағашыларың Қайыр айтқан аңыз әңгіме осындай, - деп, апамыз сөзін аяқтайтын.


Мәуітқазы Зүкенов, Өскемен

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1025    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31