Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Дұғамен байлаған екен...

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Көрші келіншек құмалақ ашатын. Адам емдейді, бал ашады, кейде дұғамен байлап та тастайды деп еститінбіз. Үйінен кісі арылған емес. Ол үйге, әсіресе, еріккен қыз-қырқын көп келетін. Көбінің сұрайтыны — «тұрмысқа қашан шығамыз?». Күн төбеден ауғаннан бастап есік тоздырып, «Апай» деп қиылып тұрғандары. Қырықтан асқан көршіміз де ауру-сырқаулардан гөрі қыздардың жиі келгенін ұнататын.


Сондай мақсатпен келіп жүрген қыздардың бірін сыртынан танитынмын. Майра сол кездері мектепті жаңа бітіріп, жасы 18-ге келіп қалған қыз еді. Жүретін жігіті де бартын. Әскерге кеткен жігітін не жағдайда екен деп, көршімізге құрбыларымен бірге келді. Содан не керек, сол күннен бастап әлгі қыз көршінің үйінен шықпады. Күнде болмаса да, аптасына үш-төрт рет бас көрсетіп кетеді. Бір айтатыны, жас қыздың бұрынғыдай жадырап жүргенін көрмейтін болдық. Жүзі солғын, ілбіп басып, ала жаздай құдайы көршіміздің көлеңкесін тоздырып жүргені.


Бір күні «Майра тұрмысқа шығады екен» деген әңгіме шықты. Балалығымыз ба, тойға барамыз деп қуанып қалдық. Оның жігітінің үйі дәп біздің үйдің желкесінде. Тойға неге шақырмасын. Сөйтсек, Майра әскерде жүрген жігітін күте алмапты. Көршінің үйіне келіп жүрген жасы өзінен екі еседей үлкен, бұрын екі рет үйленген кісіге тұрмысқа шықпақшы. Ол кісі емделушілердің бірі болатын. Бір қолын аңға шыққанда атып алған. Содан ба, әлде өзінің мінезі ме, түсі суық адам еді. Майра осымен некелеседі дегенде қыз үйінен кеткенше сенбедік. Бір жарым жылдай уақыт өткен соң екеуі ажырасып тынды. Ажырасқаннан кейін бұрынғы қалпына түсті. Жайраңдап жүретін болды. Үлкендер жағы «дұғалап тастаған» дейді. Қыздың көңілсіз жүргені де сондықтан екен. Ажырасқан соң дұғаның күші қайтқанға ұқсайды.


Бұдан кейін де Ұлбала есімді қыздың дәл осындай жолмен тұрмысқа шыққанын естідік…


otarka.kz 




Көрілген: 4534    Пікірлер: 0

сенбі, 30.06.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы
    19 Желтоқсан 2018
    Әулие қыз
    11 Желтоқсан 2018
    Әуеде құстай ұшқан ат
    3 Желтоқсан 2018
    Сайтан қабір
    29 Қараша 2018
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша 2018
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша 2018
    Тарғыл мысық
    15 Қараша 2018
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша 2018
    Есік қаққан елес
    4 Қараша 2018
    Елес қыз
    4 Қараша 2018
    Өмір деген түс
    20 Қазан 2018
    "Өлім жолы"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31